Стереометрия курсын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдістемесі

ӘОЖ 372.851

Туребекова Арайлым

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

«5В010900» — математика мамандығының студенті

Ғылыми жетекшісі – Сагитова Ш.Г.

Стереометрия курсын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдістемесі

 

Түйін

 

Мақалада стереометрия курсын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдістемесі жайлы қарастырылған. Сонымен қатар 10-11 сыныптардағы геометрия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ерекшеліктері зерттелді.

 

Аннотация

 

В статье рассматривается методика применения технологии критического мышления при изучении курса стереометрии. Также были изучены особенности применения технологии критического мышления на уроках геометрии в 10-11 классах.

 

Annotation

 

The article deals with the technique of using critical thinking technology in the study of the course of stereometry. Also, the features of the use of critical thinking technology in geometry lessons in grades 10-11 were studied.

 

 

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп атап көрсетілген [1]. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет» [2]. Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушыны өздігінен білім іздейтін тұлға етіп қалыптастыруға ерекше мән береміз. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», — деп ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды болып отыр [3].

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады [4].

Математикалық есептерді шығару оқушылардың шығармашылық белсенділігіне байланысты,яғни оқушылардың ойлау қызметін жандандыру қажет. Мұғалім оларға әр алуан салуларды, түрлендіруді, есептеулерді орындауды, математикалық тұжырымдамаларды үйретумен бірге талқылауға, математикалық фактілерді салыстыруға, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету керек. Балалардың қабілеттіліктерін дамыту барысында туындайтын мәселер өте күрделі, әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.

Геометрия пəнінің, оның ішінде стереометрия курсының орта мектеп оқушыларының басым көпшілігі үшін айтарлықтай қиындықтар туғызатындығы баршаға аян. Жоғары сыныптарда геометрия пəнін жүргізуші мұғалімдер осы бір мəселемен алғашқы сабақтардан бастап кездеседі. Стереометрия аксиомаларымен танысу барысында оқушылардың осы бағыттағы түсініктерінің аз дамығандығы бірден көрінеді. Стереометрия бойынша бастапқы түсініктердің өзін кейбір оқушылардың жаттап айтатындығы да орын алады. Осындай біршама қиыншылықтардан кейін оқушылардың пəнге деген қызығушылықтары жоғалады немесе төмендейді де, олар үшін стереометрия мектептегі ең ауыр тақырып болып шығады.

Осы қиыншылықтың түбіріне үңілсек, ол көпшілік жағдайда оқушылардың геометриялық объектілерді қабылдауының сол объектінің нақты заңдылықтарымен сəйкес келмеуінен орын алады. Кеңістік денелерін сызба арқылы қағаз бетінде бейнелеу оның басым заңдылықтарын байқатпайды. Сонымен бірге стереометриялық есептермен жұмыс істеу барысында қағазда немесе тақтада дайындалған жазық сызбалар қолданылады да кеңістік денесінің барлық қасиеттерін бере алмайды. Берілген есепті шешуде маңызды болып табылатын кейбір сызықтар мен нүктелер барынша жақын немесе беттесіп кетуі мүмкін, тағы да бір маңызды нүктелер қағаз шетінен орын алуы да ықтимал. Осыларға қоса қағазбен жұмыс істеуде қателікпен орын алған сызбаларды ізсіз өшіру қиын. Аталған факторлардың барлығы стереометрия курсының басында оқушылардың кеңістік денелерін дұрыс қабылдамауына алып келеді.

Куб, шар, пирамида секілді кеңістік денелерінің бейнелерін құру бойынша есептерді шешу кезінде мұғалімнің дайын модельдерді қолдануы бастапқы стереометриялық есептерді нəтижелі шешуін қамтамасыз етеді, алайда күрделі есептерді шешу кезінде көмекке сызба келуі қажет [5].

Қажетті сызбаны орындау көптеген стереометриялық есептер үшін бірнеше нұсқа дайындауды талап етеді. Алынған сызба көмегімен оқушы есептің түпкі ойын байқай алады.

Өкінішке орай, геометрия оқулықтары сызба дайындау бойынша тақырыпты қамтымайды, сондықтан да оқушы сызба дайындауды өз бетімен немесе мұғалім көмегімен меңгеруі қажет. Сызба дайындау мəнері қалыптаспаған кезде стереометрия есептерін шығаруда тағы да бір жол ол көрнекіліктер дайындау болып табылады [6].

Қазіргі кезде мектептерде сабақ жүргізу үрдісінде презентациялар қолдану кең орын алған. Мысалы, үш перпендикуляр туралы теореманы дəлелдеу барысында сəйкес дайындалған слайдтарға жүгінуге болады. Ол кезде де кеңістік денелерін сызба арқылы көрсетудің мəселелері туындайды. Стереометрия материалдарын игеру кезінде Flash-анимациялар да қолдануға болады. Ол арқылы денеге көлем беріп, олардың қасиеттерін қарастыру мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда мұғалімге сабаққа дайындалуына, яғни анимациялық фильмдер дайындауына ұзақ уақыт талап етіледі.

Қазіргі уақытта кеңістікке шығуға мүмкіндік беретін арнайы компьютерлік бағдарламалар құрылған. Ондай бағдарламалық өнімдер арнайы сатылымға түсуі де немесе Интернет арқылы тегін таратылуы да мүмкін. Сондай бағдарламалардың бірнешеуіне қысқаша тоқталып өтейік.

Стереометрия курсындағы бірқатар есептер кеңістік денелерінің қималарын салуға беріледі. Жалпы білім беретін орта мектептердің оқулықтарында тақырыпқа бөлінетін сағат санына байланысты материалдар көлемі шағын болып келеді, нəтижесінде оқушының тақырыпты толық игеруіне мүмкіндік толық бола бермейді. Осы тақырыпқа нақты орайы келетін бағдарлама деп SecBuilder 1.0 бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарламаның көмегімен стандарт үшөлшемді объектілердің бірін таңдай отыра, оны қозғалтуға, айналдыруға, жақындатуға, өшіруге жəне де қима салуға мүмкіндік бар. Алынған нəтижелерді геометриялық есептерде суреттеме (иллюстрация) ретінде қолдану да қарастырылады.

Енді геометрия сабағы үшін басты қажет құрал болып табылатын көрнекілік құралдар туралы айтар болсақ, көрнекілік деген жалпы білім беретін орта мектептер үшін пəннің сипатына қарай оқушыларға жаңа материалдар беруде ұстап көру, сезіну, нақты қасиеттерін түсіну үшін қажетті əдіс болып табылады. Көрнекіліктер педагогикалық үрдістің барлық кезеңдерінде қолданылады [7].

Сонымен, оқыту процесіне кеңінен еніп келетін модульдік технологияны шыңдай түсу үшін, оқушылардың білім сапасын арттыруда жеке қабілеттеріне әсер етер, жас ерекшелігіне тән әдісінтерді қолдану арқылы сапасын арттыру мүмкіндігін кең пайдалану қажет. Сабақтарды меңгертуде тек пәндік білім бере қоймай, оқушылардың   жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылыққа  баулуда осы стратегиялардың орны ерекше.

  1. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы арқылы оқушыларды жан — жақты дамыту

Оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Оқу мен жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы  алған білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге  талпыныс туғызып, білім беруде оқушыларды жан-жақты дамытуда көптеген нәтижеге жеткізетінін байқауға болады [8].

Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен  қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын жан-жақты меңгерту үшін  оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алу керек.

«Сын тұрғысынан ойлау» -сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушыға бұл  жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы  шыңдалып, дамып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз [9].

Бұл технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру  мақсатына жету жолындағы педогогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды  көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті — оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету [10].

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы оқушыларды тек жан-жақты  дамыта қоймай, шығармашылық қабілеттері, түсіну сезімдері артып, оқушының сауатты жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе  жазу тағы да басқа көптеген қасиеттер дамып қалыптасады.

Геометрия сабақтарында қолдануға болатын сыни ойлау технологиясының көптеген тәсілдері мен стратегиялары бар, мысалы: белгілі ақпарат тізімін құру; материалды жүйелеу (графикалық): кластерлер, кестелер; дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар; инсерт; «плюс – минус – қызықты» және т. б.

Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы //http://adilet.zan.kz
  2. Н.Назарбаев 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Жолдауы, 2018 жылғы 5 қазан //http://www.akorda.kz
  3. Жүсіпбек Аймауытов «Комплекспен оқыту жолдары». – 1978 ж.
  4. Егеубайұлы А. Білім технологиялары – оқу-тәрбие үрдісінде. Қазақстан мектебі. – 2017. – №12. 14-17-б.
  5. Блох А.Я., Канин Е.С., Гусев В.А., Дорофеев Г.В. Методика преподавания математики в средней школе. Общая мето- дика. — М.: Просвещение, 1985. — 240 с.
  6. Азимов Э. Электронный учебник иностранного языка // Высшее образование в России. — — № 1.
  7. У.А.Қосыбаева, Д.У.Баймағамбетова Жалпы білім беретін орта мектептің «Стереометрия» курсында ақпараттық технологияларды қолдану//https://articlekz.com
  8. Урок геометрии в 11 классе с применением технологии критического мышления// https://kopilkaurokov.ru
  9. Әбдібекова К. Мектеп геометриясын оқытудағы көрнекілік принципі //

МФ, 2004. — № 2. – б. 10.

  1. Бүкүбаева К. Мектеп геометриясының оқу — әдістемелік құралдарының

жағдайы // МФ, 2003. — № 1. – б. 25.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *