Сыйлық беретін қуаныштар

НұрсұлуОңтүстік Қазақстан облысы
Кентау қаласы
Утжанова Нурсулу Ратбаевна
№23 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сыйлық беретін қуаныштар 

Сынып: 7 «а» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Сыйлық берілетін қуаныштар.
Сабақтың мақсаты:
  • Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын мысалдар келтіріп түсіндіру.
  • Тұйық етістік мен оның септелуін,тәуелденуін тапсырмалар орындау барысында пысықтап,еске түсіру.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.
  • Топпен жұмыс жасау барысында топтық ереже шығарту ,топпен бірлесе жұмыс жасау,пікірлерімен санасуды дағдыландыру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар сабақтан соң:

  • Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын меңгереді.
  • Тұйық етістіктің жасалуын тапсырмалар арқылы еске түсіреді,біледі.
  • Сыни ойлау дағдысы жетіледі.
  • Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады.
  • Өз ойын еркін жеткізеді,дәлелдейді.
Түйінді идеялар: Лепті сөйлем дегеніміз сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.Сөйлем соңында леп белгісі қойылады.Мысалы: Мерекеңмен құттықтаймын!Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

  1. одағай сөздер арқылы: қап,әттеген-ай,т.б.
  2. күшейткіш мәнді сөздер арқылы: недеген, не еткен,қандай,шіркін,т.б.
  3. демеулік шылаулар арқылы: -ау,-ақ,-ай, т.б.
  4. интонация арқылы: Сені ме ,бәлем!
Дереккөздер: Интерактив тақта,плакаттар,стикерлер,маркерлер, суреттер.
Сабақтың әдісі: Блум  таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді.
                                      Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.  Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.
Рефлексия  3 мин.  Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру:

  1. 1.       Біріккен сөз деген не? Мысал келтір.
  2. 2.       Кіріккен сөз деген не? Мысал келтір.
  3. 3.       Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір.
Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.
Топқа бөлу 2 мин. Кәмпиттің 3 түрін балаларға шашу әдісі арқылы топқа бөлемін. Кәмпиттің түріне қарай оқушылар топ болып бірігеді.
      Білу 

 

3 мин. Интерактив тақтада лепті сөйлемдер беріледі.

  1. Бүгін ауа райы қандай тамаша!

 

  1. Қап, кеше оған баруым керек еді!
  2. Шіркін-ай, бізде сол жерге барсақ қой.
  3. Ай,бала бері келсей!
  4. Қазір,әкең келсін бәрін айтам!
Оқушылар сол сөйлемдерді кезекпен оқып,қандай эмоциямен оқылатынын түсіндіреді. Лепті сөйлем тақы-рыбын оқушылар өздері ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Түсіну 

 

3 мин. Интерактив тақтада  лепті сөйлемнің жасалуын,тыныс белгісін тірек сызба арқылы білімдерін толықтырамын.

 

Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады.
   Қолдану 

 

 

 

10 мин. 1-тапсырма.    а)Сөйлемдердегі етістіктерді теріп жазып,олардан  тұйық етістік жасау.б) Сұраққа жауап беру:

 Қалай ойлайсыңдар, жоғарыда аталған жақсы сәттерде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі?

а) Әр топ жеке-жеке орындайды, оқиды. 

 

 

б) Топ болып плакаттарға презентация жасайды,қорғайды.

 

 

 

Сергіту сәті 3 мин. Интернеттен «Кірпі биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылар экранға қарап билейді.
    Талдау  9 мин. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. 1-топ: III деңгей тапсырмалары2-топ: II деңгей тапсырмалары

3-топ: I деңгей тапсырмалары

Жинақтау 

(АКТ)

4 мин. Топтастыру стратегиясын қолданамын. Оқушылар интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуына қарай топтастыру стратегиясын толтырады. 
   Бағалау 3 мин. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды. Стикерлер таратылып беріледі. Тақта- да ақ плакат ілулі тұрады. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.Оқушылар өз-өзін бағалайды.
Үйге тапсырма 2 мин. 3-тапсырма, 32 бет.Сөйлемдерді көшіріп, тұйық етістіктердің астын сызу. Күнделікке жазып алады.
Барлығы: 45 мин.

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика