СЫН ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕРБЕС ЖҰМЫС ЖАСАУҒА БАУЛУ

Қуанышқызы Диляра

Тараз қаласының

Алихан Бокейханов атындағы 1 гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

 

СЫН ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕРБЕС ЖҰМЫС ЖАСАУҒА БАУЛУ

Сын тұрғысынан ойлауды келесідей 5 пунктен тұратын анықтамасын қарастырайық.

  1. Сыни түрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, ойлау өзіндік сипатта болу қажет.
  2. Берілген ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңы емес, бастапқы пункті болып табылады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастайды.
  3. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Америка педагогі әрі философы Джон Дьюи «сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады. Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді.»
  4. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды, дәлелге ұмтылады. Бұлай ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімді негізі бар саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

5.Сыни түрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Бүкіл ойларды ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі, әрі шыдамдылық, басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапалы өңдеулер жүріледі.Сын тұрғысынан ойлау әдіснамалық жағынан философияға негізделіп құрылса, оны жүзеге асыруда жүздеген стратегиялар қызмет атқарады. Бұл бағыттағы технологиясының сабақты жүргізу құрылымы күнделікті құрылымнан өзгеше болып келеді.

Аталған анықтамаға сәйкес бағыттарға тоқталайық:

  1. Осы технологияны зерттеген ғалымдар.
  2. Педагогтың жаңашылдық қызметіне сипаттама.
  3. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері, кезеңдері.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін — зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдімін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологияларды қолдану үшін мұғалімнің арнай дайындығы болумен қатар, ол инновациялық бағытта жұмыс жасай білуі керек.

Сыни тұрғыдан ойлау әдістерінен бір мысал келтіретін болсақ, «Алты ойлау қалпағының» атқаратын міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген:

Атауы Қызметі
1  Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады
2 Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз
3  Қара қалпақ бұл – «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді
4 Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді
5  Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады
6  Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыруда төмендегідей

педагогикалық принциптерді басшылыққа алуға болады:

  1. таңдаған ( жаңа ) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі;
  2. жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне сәйкестігі;
  3. жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі;

4.таңдаған әдістің мектептің материалдық – техникалық базасына сәйкестігі;

  1. жаңа әдістің педагогтың әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі.

Инновациялық әрекет деп мұғалімнің өз тәжірибесінде әлдеқайда жоғары нәтиже беретін белгілі сатыда біртіндеп енген жаңалықтың сапалы өсу динамикасын айтады. Инновациялық іс-әрекет бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі деңгейден ауытқу тудырады.Инновациялық іс-әрекет жаңалықтың пайда болуы, іске асырылуы сияқты кезеңдермен ерекшеленеді. Педагогикалық үрдіс те басқа үрдістер секілді инновациялық іс-әрекетті талап етеді. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет негізінен жаңадан пайда болу, өңдеу және тарату кезеңдерімен сипатталады.Педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізгі мақсаты: педагог пен оқушы арасындағы шығармашылық қарым-қатынас субъектісін анықтау; педагогикаылқ үрдіс кезеңіндегі оқушының жеке басының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті 3 кезеңнен өтеді: жаңалық еңгізуге дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық үрдіске жаңалықты еңгізгеннен кейінгі соңғы кезең.

Жаңалықты еңгізуге дейінгі алғашқы кезеңде мұғалім жаңа білімді меңгеру әдістерін таңдайды: қандай педагогикалық технологияны пайдалану керек, оны қалай қолдану қажет және т.б. мәселелерді шешеді.Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрект деңгейінің репродуктивті деңгейімен анықталады. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің репродуктивті деңгейі – мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіруі: мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияларға тұрақты көзқарас танытып, оқыту мен тәрбие беруде баламалы технологиялардың қажеттігін түсінеді, мемлекеттік білім стандарты жаңа шешім табуға ізденіс жасайды, әдістемелік – оқу кешендеріне аздаған өзгерістер еңгізу арқылы, өз тәжірибесінде пайдалануымен сипатталады.

Жаңашылдық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:

  1. Жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау.
  2. Жаңалықтың жетіксіз жақтарын анықтап, оны еңгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу.
  3. Жаңалықтардың басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау.
  4. Жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.

 

Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасағанда осы технологияның элементтері өте тиімді нәтиже берді. Сондықтан, сапалы білім беру бағытында осы әдісті қолайлы деп ұсынар едім.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Инфоурок сайты;

2.45 минут сайты;

  1. 2018ж. «Жаңа технологиялар» әдістемелік нұсқаулығы;

4.Сабақтар жоспарларының жиынтығы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *