Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кедей»

Майнур Рахымберлина

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кедей»

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының басынан кешкен ауыр кезең аштық, кедейлік,

ауыртпалық туралы мағлұмат беру. Сол кезде өмір сүрген Сұлтанмахмұт      Торайғыровтың өмірін үлгі ету. Өлеңді мәнерлеп, дауыстап, түсініп оқуға   үйрету.

2. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландырып, тіл байлықтарын

   арттырып, сөздік қорын молайту.

3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ізеттілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:  түсіндірмелі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: С.Торайғыровтың суреті, тірек сызба, мақал.

                                                          Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

                                          2. Оқу құралдарын ретке келтіру

                                          3. Партада дұрыс отыру ережесін үйрету.

ІІ. Үй тапсырмасы

1.      Бейімбет Майлинның «Күлпаш» әңгімесінің мазмұнын сұрау

2.      Сұраққа жауап алу

—          Бұл әңгімедегі оқиға қандай кезеңде болған?

(Ашаршылық кезеңде болған)

—          Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

(Әкесі Мақтым тамақ әкеле ме деп күтеді)

—          Мақтым мен Күлпаш неге жылады деп ойлай сыңдар?

(Жылаған себебі тамағы жоқ, сол кезде ашаршылықтан қатты қиналды. Жоқшылық жандарына батады сондықтан жылады)

—          1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны неше миллион болды?

(Алты миллионннан асты)

—          Соның неше миллионнан астамы аштықтан қырылып қалды?

(2 миллионнан астамы аштықтан қырылып қалды.)

—          Бірінші ашаршылық жылы қай жылдары болды?

(1921 – 1922 жылы бірінші ашаршылық жылдары болды.)

—          Екінші ашаршылық жылы қай жылдары болды?

(1930 – 1932 жылы болды)

—          Дұрыс айтасыңдар балалар, Қазақ халқының аштыққа дұшар болуының себебі бірінші ашаршылық Ресейдегі азаматтық соғыстың кесірінен болса, екінші табиғи апат, қолайсыз ауа райының салдарынан орын алған ашаршылық.. Екінші ашаршылық 1930 – 1932 жылдардағы болған ашаршылық, оның себебі, Қазақстанда жүргізілген Сталиндік, Голощекиндік реформа, содан туылған шаруалардың жеке меншік малдарын, дүниелерін тәркілеу. Оларға салылатын салықтың түрлерін көбейту. Көшпелі және жартылай шаруаларын күшпен отырықшылдандыру науқандары болып табылады. Бір сөзбен айтқанда қолдан жасалған ашаршылық деп айтуға болады. Осы ашаршылық жылдары қазақ халқының халқы түгелдей дерлік босып, шет елдерге өтіп, жете алмағандары жалда қалып, қаншама қазақ атамекенінде қырылып қалды. Осындай кезеңде өмір сүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» атты өлеңімен танысамыз. Ол сендер өткен сабақта Бейімбет Майлинның «Күлпаш» әңгімесіндегі кедейшілік, жоқшылық осы өлеңде де кездеседі.

Бұл өлеңді жазған сол кезеңдерде өмір сүрген, сондай оқиғаны басынан өткерген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен қысқаша таныстырып өтейін.

            1893ж. 28-қазанда                                                                      Балалық шағы Баянауыл деген        

                                                                                                                 жерде өтеді

 

            Көкшетау обл. Қызылтау                                                          «Алаш ұраны»

            ауд. туған                                                                                    «Адасқан өмір» поэмасы

            1908ж. Әбдірахман деген                                                          «Қамар сұлу» романы сол сияқты                                                                                

             медресесінде оқып білім                                                           басқа шығармалары бар

             алады 

 Сұлтанмахмұт Торайғыров  өз бетінше көп ізденіп, ғаламның әралуан саласынан хабардар болды.Сол заманның оқымысты жастарының біріне айналды.

  Сұлтанмахмұт Торайғыров тың жастайынан жабысқан ауруы кеселінен 27-жасында қайтыс болады.

Ол азғана өмір сүрсе де қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Оның артында ол кездегі адамдардың өмірінің мән-мағынасы жайлы «Адасқан өмір, Алаш ұраны» атты поэмалары мен билеуші топтарының тәрбиесінен, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» романы өшпес мұраға айналды.

Оқулықпен жұмыс                                                                           

1.Мен қазір сендерге «Кедей» Өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Сендерге тапсырма: осы өлеңнін түртіп алу стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді қарандаштарыңмен түртіп алып отырыңдар.

-Балалар, қандай түсініксіз сөзді түртіп алдыңдар?

  (Ызғар-суық, бет қаритын суық, үскірік; жаурамасқа-тоңдым)

-Осы сөздерді тақтаға жаздыртып, дәптерлеріне көшіріп жазғызу.

2. Оқушыларға өлеңді шумақтап, мәнерлетіп, дұрыс ырғағына сай оқыттыру.

3. Сұраққа жауап алу

— Бұл өлең неліктен «Кедей» деп аталған?

  (Сол кездегі жоқшылық, аштықтан кейінгі –өмір болғандықтан «Кедей» деп аталды)

-Кедей деп кімдерді атаған?

  (Ішерге тамағы жоқ киерге киімі жоқ адамдарды атаған)

-Кедейдің ауыр тұрмысы қалай бейнеленген?

-Өлеңнен қай кездегі халық тұрмысын білуге болады?

  (Ашаршылық, жоқшылық кездегі халықтың тұрмысы)

4.Топтық жұмыс

Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстырыңдар.

І топ: Қазір кедей адам жоқ:

ІІ топ: Қазіргі кезде де кедей адамдары бар:

ІІІ топ: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

             (Жұмыс істеп, еңбекқор болу керек)

Әр топтың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін, өзім толықтырамын: -Иә, балалар қазіргі кезде кедей адамдар бар, жоқ деп бөсіп айтуға болмайды, неге олай, қазіргі кездегі кедей адамдар жалқаулықтан, еріншектіктен, бос жүруден, жұмыссыздықтан болады.

5.Тірек сызба құру                                    жоқшылық

                      қиыншылық                                                                жалқаулық

                                                                                                       қайыр  тілеу

                          еріншектік

                                                                     аштық

6.Мақал – мәтел

-Жүк ауырын  нар көтереді;

 Ел ауырын ер көтереді.

-Ал басына күн туса

 Ауыздықпен су ішер

 Ер басына күн туса

 Етігімен су ішер.

-Қыз азығын жаз жина

-Жұт жеті ағайынды.

-Еңбек- қуаныш

 Жалқаулық-айырылмас азап.

ІV. Қорытындылау

1.Текспен жұмыс.

2.Сұрақ – тапсырмаларға жауап алу.

-Біздің өткен тақырымыз не туралы? (кедей)

-Оны кім жазған?

— Сұлтанмахмұт кім?

Білімдерін бағалау

Үйге тапсырма: жаттау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *