Сөз және сөйлем

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Айтиев селосы

Айтиев бастауыш мектебі

Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна

Сынып:1

Пән:сауат ашу.                                  

Сабақтың тақырыбы: Қайталау: Сөз және сөйлем     

Сабақтың  мақсаты :Сөз және сөйлем туралы түсініктерін қайталау, сөз мағыналарын дұрыс түсінуге дағдыландыру;оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру;оқушылардың ой-өрісі дамыту,сөз байлығын арттыру,әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,жеке сөздер жазылған қимақағаздар,слайд-суреттер

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,еркін жазу.

Түрі:аралас

Барысы:

1.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

А) Шаттық шеңбер.Балаларды түгендеу.Амандасу.Үй жұмысын тексеру.

Ә)Қайталау:сөз деген не?сөйлем деген не?

б)

 

 

 

 

Тілімізде бір-бірімен мәндес,мағыналас сөздер болады.Олар бірінің орнына бірі қолданылады.

МӘНДЕС СӨЗДЕР:абайлау,байқау;әдемі,көркем,әсем;ағайын,туыс,қария,қарт,ақсақал;

жүлде,сыйлық т.б.

Тілімізде мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады.

ҚАРАМА-ҚАРСЫ МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР:тар-кең,қалың-жұқа,кіру-шығу,жұмсақ-қатты,ұзын-қысқа,т.б.тілімізде дыбысталуы бірдей,мағыналары әртүрлі сөздер де болады.Ол мағыналардың бір-біріне қатысы жоқ.

ӘРТҮРЛІ МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР:ара/жәндік/,ара/құрал-сайман/,құрт/жәндәк/,құрт/тағам/,үй/баспана/,үй/топырақты үй/,мақта/өсімдік/,мақта/мадақта/,қой/жануар/,қой/бір нәрсені қою/,жылқышы/құс/,жылқышы/жылқы бағатын адам/,т.б.

 

в)

 

 

 

«Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатымен айтылады. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады».

«Лепті сөйлемдер кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіреді, олар көтеріңкі дауыспен айтылады, лепті сөйлемнен соң лепті белгісі қойылады»

2.Операционалдық-орындаушылық кезең.

Сурет бойынша хабарлы,сұраулы,лепті сөйлем құрастыр.

                               

Дәптермен жұмыс:

А) «Ана» Б.Бұлқышев-мәтінмен жұмыс.

Ә)Көркем жазу
Б) 1-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Күн бұлттанды.     /Күн бұлттанды ма?/

Жауын жауды.

Балалардың үсті су болды.

2-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Қарамаен жазылған сөздерді мәндес сөздермен алмастырып жаз.

1.Жуырда біздің үйімізге қонақ келді./Жақында біздің үйімізге қонақ келді./

2.Апам кешкі ас дайындады./Апам кешкі тамақ дайындады./

3.Қалада зәулім үйлер көп. / Қалада үлкен үйлер көп /

3-тапсырма.  Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

Үйге кір,

Жуамыз кір.

 

Бұтарлап талды,

Қолымыз талды.

 

 

Әсет үйге кірді.Дана кір жуды.Жас талдар өсіп тұр.Менің қолым талды.

3.Рефликсиялық-бағалау кезеңі.

Еркін жазу стратегиясы
І топ. Берілген сөздерден 3 сөйлем құрастыр.Хабарлы, сұраулы,лепті.
ІІ топ. Мәндес сөздерді тап:ақсақал,сулы,инабатты /қария,қарт;дымқыл,ылғалды;ізетті,әдепті/
ІІІ топ. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап: алыс-….,ұзын-…..,кең-…..,қорқақ-….,өткір-….

Үйге тапсырма: «Менің отбасым»тақырыпты әңгіме құрастырып келу.

Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *