Сөйлем.Білімді тиянақтау

 Абдирова Сабира Тәңірбергенқызы
Бастауыш сынып мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы,
Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектебі
Сөйлем.Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: оқушылардың сөйлем,сөйлем айтылу мақсатына қарай бөлінуі турлерін еске түсіру,сөйлем туралы алған білімдерін жалпылау;
2.Дамытушылық мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін пайдалана білуін, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
3.Тәрбиелік мақсаты: Білімділікке, ұйымшылдыққа,  көркем жазуға,  еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
  Көрнекілігі : интерактивті тақта,үлестірмелі қима қағаздар,суреттер,стикерлер
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: бинго ойыны,көрнекілік,сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар,ой қозғау
Пәнаралық байланыс: ана тіл
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!Біз көңілді баламыз,
Қайырлы түн! Сәлемдесіп аламыз

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз –еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
«5»-ке қолды жеткізу
-Ендеше ,балалар,бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз.
Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау. «Бинго ойыны» .Интерактивті тақтада слайтар арқылы өткен материал туралы алған білімдерін тиянақтайды.
1 слайд.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Ұтыс –сызғыш
2 слайд.Заттың сынын білдіретін сөздерді тап
3 слайд.Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
4 слайд.Заттың атын білдіретін сөздерді тап
5 слайд.Сөйлем неден құралады?
6 слайд.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
7 слайд.Хабарлы сөйлемді тап
8 слайд.Сұраулы сөйлемді тап
9 слайд.Лепті сөйлемді тап
Дәптермен жұмыс.
Күн жадын,сабақтың тақырыбын жазу.
Көркем жазу
Бір ,екі,үш
Қолға қалам аламыз,
Салақтықтан қашамыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1-жаттығу.Сурет астында жазылған сөйлемдерді салыстырып оқы.Сөйлем түрлеріне қарай ажырат.

 

Әкем жұмыстан келді

Алақай,әкем жұмыстан келді!

Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайған

Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған

Мақсат,бері келші.

Мақсат ,бері кел!

 

2-жаттығу.Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.
1.Менің Отаным-күн шұғылалы Қазақстан.
2.Отанымыздың даңқы арта берсін.
3.Көл жағасы қандай керемет.
4.Біздің міндетіміз-жақсы оқу.
5.Ертеңгілік тамаша өтті.

3-жаттығу.Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.Өлеңде сөйлемнің қандай түрлері бар?Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.

Кім жомарт? Не жомарт?

-Кім жомарт?
-Батыр жомарт,
Халық үшін жанын берген!
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт,
Бар балаға тәлім берген!
-Не жомарт?
-Жер жомарт,
Адамзатты асыраған!
-Не жомарт?
-Күн жомарт,
Жерге нұры шашыраған!
М.Әлімбай

Сергіту сәті.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

Ребусты шешіп,сөйлем түрлеріне әңгіме құрау.

Есіңде ұста!

Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгіннен  алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
4-жаттығу.
Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *