С.Сейфуллин «Наурыз»

sayleҚызылорда қаласы
№120 Жамбыл атындағы орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Жанбыршиева Сауле
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин  «Наурыз»
Сабақтың мақсаты:
1.Өлең мазмұны арқылы кең- байтақ туған жеріміздегі көктем маусымы, оның әртүрлі аймақтарда қалай басталатыны туралы қысқаша мүмкіндік алуға жағдай жасау. С.Сейфуллиннің өмірі туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілеттерін, тілін, ой-өрістерін дамытуға ықпал ету.
3. Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, баланы табиғатпен үндестікте тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Интерактивті тақта
2. Power Point –та жасалған презентация
3. Плакат, стикер
4. Кітаптар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.(күй тыңдату)
2.Топқа бөлу.Программа арқылы топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Шахмат» әдісі
«Шахмат» әдісінде балалар үй тапсырмасына берілген «Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі » тақырыбына шахматтың ақ тор көздеріне нақты мәліметтерді ғана жазып береді.Үй жұмысын топпен бірге орындап,қорғайды.Балалар бір –бірінің жауаптарын қайталамай,тек өзгешеліктерін атап көрсетеді.Топтардың жұмыстарын өзім смайликтермен бағалап шығамын.
Оқушылардың жұмыстарын қабырғаға ілеміз. «Галереяға саяхат» әдісі қолданамын.
ІІІ Жаңа сабақ Power Point –та жасалған презентация
С. Сейфуллиннің өмірімен таныстырып өтемін
Ассосация құру

Бейнеролик көрсетіледі
• Кіріспе.
Балалар, Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеліп, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады.Бар табиғат еміреніп, жан- жануар түлеп, жапан дала жаңғыра бастағанда олармен бірге қуанған адамзат баласы да Ұлыстың ұлы күнін ақ жарқын мерекеге айналдырған, оны барша ағайын- туыс, дос- жаран, айналаның барлығы құшақ жайып қарсы алып, төс түйістіріп, қол алысып мәз- мәйрам болысқан. Көктемнің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс тіршілігі табиғат анамен тығыз байланысқан, зерделі ел – Жыл басы – Наурыз айы.
Кітаппен жұмыс
Өлеңді оқыту
Тапсырмаларға жауап беру
– Ақын наурыз айындағы табиғат өзгерістерін қалай суреттеген?
– Күннің жылуы табиғатқа, адам өміріне қалай әсер етеді?
Сергіту сәті.
Аппақ болып таң атып
Түтін тіке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап – самғап ұшады.
Топпен жұмыс
І топ. Наурыз – жыл басы. Эссе жазу
ІІ топ. Наурыз – ұлы той. Сурет көрмасін ұйымдастыру
ІІІ топ. Мақал мәтелдер.
Дәптермен жұмыс
Өлеңнен теңеуді тауып жазу.
IV Қорытындылау
Блум кубигі әдісі
– Наурыз айында табиғатта қандай өзгерістер болады?
– Адамдар қалай қарсы алады?
– Жан – жануарлардың тіршілігі қалай болады?
Үйге тапсырмасын беру
Өлеңді мәнерлеп оқып келу
Бағалау
Рефлексия
Оқушылар кері байланыс парағын толтырады
не
білемін? не білдім? не білгім келеді?

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика