С. Торайғыров «Кедей»

alia

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы
Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай орта мектебі
Пән мұғалімі: Искакова  Әлия. Дүйсенқызы   Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:   С. Торайғыров «Кедей»
Мақсаты:

  1. С. Торайғыров өмірімен таныстыру.поэманы мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру.
  2. Өлеңнің мазмұнын жүйелі баяндау дағдысын, логикалық ойлауын, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру
  3. Шыдамды, төзімді болуға, өз елін, өз құқығын қорғауға, адамгершілікке, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ

Әдістері:  Ой қозғау, әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс, Венн диаграммасы

                                                             Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі, оқушылармен амандасу

Психлогиялық дайындық:

Мен атқан таңды сүйемін

Шуағын шашқан күнді сүйемін

Аялаған табиғатты сүйемін

Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін,- Өзімізді сүйсек, бүгінгі пәнді де сүйіп, жақсы білім үйренейік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№9 тапсырма. Оқушыларға оқыту

І, ІІ бөлімді екі-үш оқушы айтады

Назарымызды тақатаға аударайық. Сөзжұмбақ:

« Кедей»

  1. Қали баланың анасының есімі кім?   /Күлпаш /
  2. «Күлпаш» мәтінінің авторы кім?       / Бейімбет /
  3. Мақтымның есіктен кіріп келіп айтқан сөзі қандай?     / дым /
  4. 1930-1932 жж. Қазақ халқының қанша халқы аштықтан қырылған еді?    / екі /
  5. Анасының басқа жамылған шәлісі не деп аталады?       / бөкебай /

 

Қандай сөз шықты, балалар?

Ендеше, балалар біздің бүгінгі жаңа сабағымыз «Кедей».  Б. Майлин кедейлікті «Күлпаш» әңгімесімен жеткізсе, С.Торайғыров «Кедей» өлеңімен айтып сипаттаған екен.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру  

Түсіндіре баяндау:С. Торайғыров 1893ж. 28 қазанда қазіргі Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген. Ақынның әкесі- Шоқпыт ( шын аты-Әбубәкір) кедей, момын шаруа болған. Арғы атасы –Торайғыр би ел аузында аты аңызға айналған, көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам. Орақ тілді ақын  алты жасында  әкесінен оқып хат таныса, кейін Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларынан білім алған. Баянауыл, Троцкі қалаларында 1908-1912 жж. Медреседе оқыды. «Айқап» журналының  редакциясында хатшы болып жұмыс істейді. «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» поэмалары, көптеген өлеңдері, «қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары бар.1920 жылы «Айтыс» деген поэма бастап, аяқсыз қалып қояды. Содан, 1920 жылы 21 мамыр күні 27 жасында дүниеден өтеді. Үнемі шындық іздеумен, құлшынумен, күреспен өмірі өтті.

(Жазған оқулықтары мен суреттерін суреттерден көрсету)

  • Қазіргі біздің заманымызды осы өмірмен салыстыруға бола ма?

ü  Біз қазір бейбітшілік, еркіндікте өмір өмір сүреміз.  Өйткені біздің өз заңымыз, өз егеменді еліміз бар. Адамдарымыз күндіз-түні жұмыс істемейді. Бұрын 18 сағат жұмыс істесе, қазір 8 сағат жұмыс істейді. Қазіргі кезде біз, адамдар тең құқылы заңға сүйенеміз.

 

 

«Кедей» поэмасы 1919 жылы шыққан екен. Бұл поэма 10 бөлімнен тұрады.

1-бөлім     Қызметі, аянышты халі

2-бөлім     Қаладағы жебелер

3-бөлім     Үмітсіздік

4-бөлім     Өзін мырзалармен салыстыру

5-бөлім     Қорытынды

6-бөлім     Рухани қысымшы

7-бөлім     Адамның қасиеті һәм бақытқа  табыну

8-бөлім     Байлық-ұрлық –зорлықтың жемесі

9- бөлім    Жақыннан айырылған күйік

10 –бөлім  Бақытқа жететін оңай жол

 

ІҮ.  Жаңа сабақты меңгерту

  1. Оқулықпен жұмыс:     Өлеңді оқу.

Сұрақ:

—          Кедей деп кімдерді айтқан?

—          Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

  1. Топтық жұмыс.

І топ:   Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі біздің тұрмысымызбен салыстырайықшы  / ауызша /

ІІ топ:     Өлеңге сурет салу

ІІІ топ:   Мұндай жағдай болмасын десек, өз өміріңе ризасың ба? «Біз бақытты баламыз» суреттеу тақырыбында

  1. Дәптермен жұмыс.

Өлеңнен кедейдің аянышты кейпін бейнелейтін сөздерді теріп жаз.

Сөздік тіркес: ызғарлы түн, жалғыздық, жаурағаны сонша, бүтін киімі жоқ, қой күзетті.

 Ү. Жаңа сабақты  бекіту.

1.  «Адасқан сөздер» ойыны

Ашаршылықта бай баласы бірінші өледі. Мақал құрастыру, мағынасын ашу.( әр топтан сұрау)

2. Үнтаспадан  «Байлық» өсиетін тыңдату. Венн диаграммасын жасау.

 

ҮІ. Қорытынды.

Сынақ тапсырмасы арқылы оқушының алған білімін байқау

  1. Біз қандай шығармамен таныстық

А) «Күлпаш» әңгімесімен    ә) «Кедей» өлеңімен       б) ертегілермен

2. «Кедей»  өлеңінің авторы кім?

А) Б.Майлин                ә) М. Жұмабаев          г) С. Торайғыров

3. Өлеңде қай кез суреттелген?

А)  жаз                            ә)  қыс              б)  күз

4. Осы өлең мазмұнында не туралы айтылған?

А) кедейлік                  ә) байлық            б) достық

ҮІІ. Үй тапсырмасы.        1. «Кедей»  жаттау.   2. Автордың өмірі жайлы оқу.

ҮІІІ.  Бағалау

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *