Табиғат физикасы. Жарық. Дыбыс. Жылу. Магниттілік

 

Сабақ:Жаратылыстану Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы  №20 ЖББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сабатарова Мөлдір Сейтбекқызы
Сынып:1 Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:
5-бөлім

Бөлімше

Табиғат физикасы. Жарық. Дыбыс. Жылу. Магниттілік

5.3.Дыбыс

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар қандай болады?
Оқу мақсаттары: 2.5.3.1 – дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу

2.1.2.7 – эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылыр: дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктейді; қатты және жай дыбыстардың ерекшеліктерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі: эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге түсіреді

Кейбір оқушылар:алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері:

 

Дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктейді

Эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге түсіреді

Пәнге қатысты лексика Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Жасанды және табиғи дыбыс, дыбыс жақын, алыс, қатты, жай. Адам және жануарлар шығаратын дыбыс.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Табиғи дыбыс көзі дегенді қалай түсінеміз?

Жасанды дыбыс көздері дегенді қалай түсінеміз?

Табиғи дыбыс пен жасанды дыбыс көздерінің ерекшеліктері неде?

Құндылықтарды дарыту Бірін – бірін тыңдай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Бейнелеу, еңбекке баулу, математика.
АКТ қолдану дағдылары Слайд көрсету.
Алдыңғы оқу Дыбыс

Дыбыстар қалай таралады?

Ерекшеліктері қандай?

Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері. Ресурстар
Басы:  
  Ой қозғау

1.     Сандарды тура санау.

1        2   3   4   5   6

2.     Қ   А   Т  Т  Ы

3.     Сандарды кері санау.

6   5   4   3   2   1

А   Қ   Ы  Р   Ы  Н

4.     -Табиғи дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

-Жасанды дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

-Дыбыстар неге жай және қатты деп бөлінеді?

(Оқушылар өз ойларын айтады) Жетекші сұрақтар қоя отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын

 

Сандар және әріптер жазылған карточкалар

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ) «Не естіліп тұр?» ойыны.

Оқушыға қалқаланып тұрған заттардың дыбысын шығарады, ал қалған оқушылар бұл не зат екенін табады.

Мысалы. Машинаның сигналы,жаңбырдың тырсылы, барабанның дауысын, ақшаның сыңғырын, т.б.

Дескриптор:

Дауыстарды дұрыс табады.

 

ҚБ. Қолшапалақ

 

(Ұ) Біреу/бірдеңе жасап шығарған

дыбыстарды (музыка аспаптарында, т.б.) жақыннан, қашықтан ажырату қажет болатын интерактивті ойынды ойнатамын. Ойынды бастамас бұрын оқушылардың дыбыс туралы не білетіндігін, өздері еститін дыбыстар туралы қандай түсініктері бар екенін талқылап аламын.

 

 

 

(Т) Оқушыларға «Шуылдақ қораптар» ойынын ойнатамын. Мақсаты: оқушыларды заттарды дыбысы арқылы анықтай білуге үйрету. Дыбысы бірдей қораптарды жұппен қоюды тапсырамын.

1 – ші топ. Тиын салынған қораптарды жинайды

2 – ші топ. Жұмсақ ойыншықтар салынған қораптарды жинайды

3 – ші топ. Сылдырмақтар салынған қораптарды жинайды

Дескриптор:

Қораптарды дауы шығу ерекшелігіне қарай топтастырды.

Жай дыбыс пен қатты дыбысты ажыратады

 

Кері байланыс: «Сұрақтар ілмегі» әдісі

 

(Ө) «Елестетіп айтып бер» әдісі

Табиғаттың суретін іліп оқушыларға суретке қарап осы жердемін деп елестетулерін сұраңыз.

Не сезгенін? Қандай дыбыстар еститіндерін сұрау

 

Кері байланыс: «Негізгі сәттер» әдісі

 

(Ө) «Зерттеушілік конференциясы» әдісі

Көшеге шығып, шеңбер жасап тұрамыз. Түрлі дыбыстарды тыңдап, ақырындап дыбыс көзінен алыстаймыз. Дыбыс естілмей кететін қашықтықты анықтатамын. Оқушыларға нәтижелерді кесте/диаграмма түрінде жазып, дыбыстарды қаттылығына қарай жіктеп, дыбыс қаттылығы неге байланысты екендігі туралы қорытынды жасауды

Қатты дыбыс Жай дыбыс

 

Дескриптор:

Қатты дыбыс пен жай дыбысты біледі

Дыбыстардың түрлі жағдайда естілуін біледі

 

Кері байланыс: «Сұрақтар ілмегі» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шарлар,доптар,

қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы: Рефлексия

Бүгінгі сабақты смайликтер арқылы бағалаймын.

 

Смайликтер

 

Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Дыбыстардың естілу траекториясын диаграмма түрінде жазып, дыбыстарды қаттылығына қарай жіктеп, дыбыс қаттылығы неге байланысты екендігі туралы қорытынды жасауды ұсынамын.

Қиналатын әр оқушыға көмектесу үшін қасына барып жетекші сұрақ қою және бағыт беру.

 

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бүгінгі сабақты смайлик суреттер арқылы бағалаймын.

 

Қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі

Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік,

АҚТ – мен байланыс, тәрбие құндылықтары. Өзара сыйластық.

Сақтық ережелерін сақтау.

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Сабақ міндеттері мен оқу мақсаты орындалды
Бүгін оқушылар не үйренді? Жасанды және табиғи дыбыстарды ажырата алады.

Әр түрлі дыбыстарды көрсетеді.

Сабақ қалай өтті?

Қандай деңгейде өтті?

Сабақ жақсы өтті.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Тапсырмалар сәйкес болды ма?

Тапсырмалар, ойындар тақырыпқа сәйкес болды.

 

 

Уақытты қалай пайдаландым? Уақытты тиімді пайдаландым.

 

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? Әр тапсырманы дескриптер арқылы бағалап отырдым.
Қорытынды бағалау:
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.     Ойын «              »

Тапсырма «                   ».

Қандай екі нәрсе сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты).

1.     Сабақ нәтижесіне көңіл бөлу.

Рефлексия.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.     Топтық, жұптық тапсырмаларды көп орындату.

Тәжірибе жүргізу арқылы өмірмен байланыстыру.

Сабақтың  презентациясы

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика