Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

Аккенже Сариева
Атырау облысы
Исатай ауданы
Аккыстау орта мектебі

Тақырыбы:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

Мақсаты: 1. Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру

  1. Пәнге қызығушылығын белсенділігін, ойлау қабілетін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту
  2. Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру

Оқушылар бізді қоршаған орта табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстарға Физикалық, биологиялық, метеорологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді.

 

Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөліну, жарық шығару, электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы – жылу бөлу құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы – жарық шығару құбылысына мысал бола алады.

Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т. б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір – бірімен сөйлеспеуі және т. б.

Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті электро – магниттік құбылыс дейміз.

 

Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор – химиялық құбылыстың нәтижесінде пайда болады. Олар бір заттың екінші затқа түрленуінен болады.

Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы – биологиялық құбылыстарға жатады.

Жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі – метеорологиялық құбылыстарға жатады.

 

Табиғаттағы барлық құбылыстар бір – бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып, кемпірқосақты көруге болады. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе, оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады. Пайдаланғаннан кейінгі газдар, шаң – тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да – қышқыл жаңбырлар пайда болады. Бұлар химиялық – метеорологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады.

 

Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.

 

Ү. Жаңа сабақты пысықтау

«Ойнайық – ойланайық» ойыны

  1. Мысықтың даусын салып, бұл қандай құбылыс екенін анықта
  2. Ағаштар көктемде бүршіктейді? бұл қандай құбылысқа жатады?
  3. Бүгін күн суық, шамамен – 38 – 39 ° шамасы, бұл құбылыс қандай?
  4. Менің әкем мұнай өңдеу саласында жұмыс істейді. Бұл қандай құбылыс?
  5. Мен теледидардан жаңа 2011 ж Қазақстанда болатын олимпиаданы көруге асығыспын. Бұл қандай құбылыс?

 

Графикалық диктант

Сұрақтың жауаптары жоқ; иә; белгілерімен белгіленеді.

1) Табиғаттағы барлық болатын процестерді құбылыс деп атаймыз

2) Жаңбырдың жауғаны, қардың еруі, күннің күркіреуі биологиялық құбылыс

3) Құстардың сайрауы, адамдардың бір – бірімен сөйлесуі дыбыстық құбылысқа жатады

4) Электр тогы болмаса, теледидарды көре алмас едік, бұл жарық шығару құбылысы

5) Тірі организмдердің өсуі, көбеюі биологиялық құбылысқа жатады

 

Сұрақтар 1 2 3 4 5

Жауаптар

 

“Сәйкестендіру тесті”

Сөз Мәні Жауабы

1 Химиялық Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі 1 ( )

2 Биологиялық Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті 2 ( )

3 Электро – магнитті Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор 3 ( )

4 Дыбыстық Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы 4 ( )

 

ҮІ. Қорытындылау

“Эссе жазу”

Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.

  1. Метеорологиялық
  2. Химиялық
  3. Биологиялық
  4. Жылу бөлу
  5. Дыбыс шығару
  6. Жарық шығару

 

Фильфорд ойыны

Қ Ұ Б Б И О Л О Г

Х Қ Ы Д Ы Б А Р И

И Ы Л Е К Ы Ж Ы Я

М Л Ы Л Т С Қ Қ Л

И Я С Э Р Т Ы Қ Ы

 

  1. Табиғаттағы болатын барлық процестерді не деп атаймыз?
  2. Мұнай, газ, көмір бұл қандай құбылыс?
  3. Тірі организнің өсіп өнуі….
  4. Құстардың сайрауы, аңдардың ырылдауы…
  5. Теледидарды көру, радио жаңалықтарын тыңдау…
  6. Жануарлардың жарық шығаруы…

 

ҮІІ. Бағалау Балаларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған