Таза болса табиғат, Аман болар адамзат

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі

Аралбаева Гулайхан Мажитовна

Тақырыбы: Таза болса табиғат, Аман болар адамзат
Мақсаты: Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру,   өз атамекенінің табиғатын қорғауға, сүюге тәрбиелей отырып, жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Формасы: Тәрбие сағаты
Барысы:
Көрініс: Адам және табиғат
Ақ қайың сөзі:
Орман едік бір кезде біз жайқалған
Аң мен құстың әсем әні сайраған
Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен
Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен
Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп
Анам, әкем, бауырларым қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын
Жалғыздықтың мұңы көп….
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ
(Қолында арасы бар әкесі мен баласы шығады)
Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой
Әкесі:    Е,Міне,жалғыз қайың қалыпты ғой, соны кесіп алайық
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой
Әкесі: Неменге, табиғатқа жаның ашып қалды? Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты біз ойлауымыз керек пе? Отынға не жағамыз? Көп сөйлемей ұста араның арғы басын.
(Ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)
Құс: Тимеңдерші бұл қайыңға, бұзбаңдаршы менің ұямды
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам, таспен ұршы
Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты кеспей-ақ қояйықшы.
Әкесі: Өй, сен, көп сөйлемей ағашты кес. Нәзік жүрек бола қалуын. Мә, саған!
Құс: (сахнаға құлайды) Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не қылады, не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?!

Мұғалім:   Иә, оқушылар жаңа ғана сіздер адам баласының өзін қоршаған ортаға, табиғатқа жасаған қиянат ісіне куә болдыңыздар. Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, ағзаның үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам – табиғат пен Жер – ананың төл перзенті. Табиғат – тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек. Осы тақырыпта Қадыр Мырза Әлі:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, —
деп жырлаған. Бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен мекені – табиғат. Бүгінгі «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» атты тәрбие сағаты
осы тақырыпта өрбімек.
Табиғатты гүлдендіретін де, күлге айналдыратын да – адам. Жер бетінде мейірімді адамдар да, небір зұлым адамдар да өмір сүреді. Дегенмен, жомарт Жер – анамыз олардың барлығын бірдей көріп, аялы алақанымен аялап, тіршілік нәрін сыйлайды.
Жер-ана мен өз анаң егіз екен
Мейірімдері мейлінше теңіз екен
Анам туды, жер-ана жетілдірді
Осыны өзім өмірге негіз етем.
Еліміз басынан кешіріп отырған, адам қолымен жасалған мына көріністерге көз салайық

(Экраннан экологиялық апатты аймақтар суреттері көрсетіледі)
Оқушылар! Мінекей,  туған жеріміздің-атамекеніміздің аянышты халін көрдіңіздер. Бірақ, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтар табиғаттың тілі жоқ» демекші, біз Жер-Анамызды, оның байлықтарын сақтап қалуымыз керек. Құрметті оқушылар! Болашақта экологиямызды жақсартып, туған жеріміздің табиғатын сақтап қалу үшін қандай шаралар атқарылып жатыр?

Жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар қызыл кітапқа енгізілді.
Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорықтар ұйымдастырылды.
Семей полигонында сынақтар жүргізу тоқтатылды
Арал теңізін сақтап қалу үшін барлық елдердің ғалымдары ізденуде.
Жасыл ел бағдарламасы бойынша жасыл желек саны көбейтілуде
Мұғалім: Өте дұрыс, оқушылар! Соңғы жылдары елімізде табиғатты қорғау шараларына көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән берілуде. 1997ж. 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997ж. 6 тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңдар қабылданды және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде. Олай болса, оқушылар қызыл кітап, қазақстан қорықтары туралы өздеріңді тыңдасақ:
1 – оқушы: Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралай келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы ойлана бастады. Кейбір өркениетті елдерде жануарлар, өсімдіктер, орман, өзен, көлдерді қорғау туралы мемлекеттік деңгейде құжаттар қабылдана бастады.
Халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола жойылып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
1963 жылы Халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1978, 1981, 1991 жылы, 1996 жылы өңделіп қайта басылып көпшілікке ұсынылды.Қызыл кітапқа өсімдіктердің  506 түрі, жануарлардың 125 түрі енгізіліп, оларды аулаған немесе зиян келтірген жағдайда жауапқа тартылады.
2 – оқушы: Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды қорғау үшін арнайы қорықтар ұйымдастырылған.  Қорықтарда қорықшылар жұмыс істейді. Қазақстанда «Наурызым», «Алакөл», «Ақсу-жабағылы», «Қорғалжың», «Үстірт», «Алматы», «Барсакелмес», «Марқакөл», «Батыс Алтай», «Қаратау»  сияқты нақты 10 қорық жұмыс істейді.
Қорықтардың басты мақсаты — табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.

Қорықтар туралы деректермен таныстыру
3 – оқушы: Ақсу-Жабағылы қорығы — 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл — Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр.
4 – оқушы: Наурызым қорығы — 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген.
5 – оқушы:  Алматы қорығы — 1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады.
6 – оқушы: Барсакелмес қорығы — Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат — жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды.
7 – оқушы: Қорғалжың қорығы — 1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.
8 – оқушы: Алакөл қорығы  — 1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар.
9 – оқушы: Қаратау қорығы — 2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі — аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында.

Мұғалім: Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
Біз өмір сүріп отырған табиғат – байлық, қазына, өмір, денсаулық ұйытқысы. Атамыз қазақ табиғатқа бас иіп, қадірлей білген. Бүгінгі күндері адамзат бар байлықты табиғаттан алып, сонымен бірге оны аялауды, қорғауды да қолға алған.
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Өздерін табиғаттың бөлінбес бөлшегі іспеттес санады.

10 – оқушы: Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекеттеріне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы
Сүйейік табиғатты аялайық!
Экология — өмірдің
Соғып тұрған жүрегі
Ей, табиғат, балаңмын
Ертеңіңе алаңмын
Денсаулығы ғаламның –
Амандығы адамның.

11- оқушы: Табиғат, Жер-Ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы
Қасиетті, қайырымды Жер-ананың
Мейірінен өмірге нәр аламын
Аялы алақанмен аялау да
Азаматтық борышы әр адамның
Жердің көркі жасыл әлем саялы
Қамқоршы бол алақанмен аялы
Қиын-қыстау күн түссе егер басыңа
Жапырағын көлеңке етіп жаяды

12 – оқушы: Табиғат —  адам бойына адамгершілік адал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз әрекет жасаса – жауы бола алады.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын
Пәк табиғат — әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама,
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
13 – оқушы: Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Бүкіл әлем назарын аударған Қазақстанның ең шиеленіскен экологиялық проблемасы – Арал теңізінің проблемасы.  Кешегі шалқыған Арал теңізі апатқа ұшырады. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған  қайран теңіз жыл сайын тартыла-тартыла құрдымға айналды Сырдария суы азайды. Аралдан ұшқан тұз жаңбыр жауып жерді улады. Теңіз деңгейі 16 метрге төмендеп, жағалау 150 метрге шегінді. Жердің құнарлығы төмендеді, егіс өнімі азайды, судың сапасы нашарлап кетті,жергілікті халықтың денсаулығына кесір келтірді. Таралған тұз Арал маныңдағы ауа ғана емес, су мен топырақ ластанды. Теңіз маныңда жас балалар өлімі күрт көбейіп кетті, ересектер арасында ауыр аурулар пайда болды. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке – қан айналым жүйесі аурулары көптеп кездеседі.
Арал тағдыры – адам тағдыры, бүгінгі таңда балдырған баладан бастап, қарияға дейін ойландыратын мәселе.

Мұғалім: Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,
Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды
Бәрін сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас, әр ұрпаққа туған жер,
Не берсе де беретіні қарызға.
Иә, табиғат анамыз қанша жомарт дегенімізбен, судың да сұрауы болатыны белгілі. Сондықтан, бір тал кессең он тал ек демекші, туған жеріміздің экологиясын қалпына келтіруіміз үшін ғаламшардың өкпесі — өсімдіктердің санын  көбейтуіміз қажет. Біз № 161 топ оқушылары осы орайда өз үлесімізді қоспақпыз
Гүл отырғызу

Мұғалім: Мен топ оқушыларына «Табиғат және мен» тақырыбына сурет конкурсын алдын-ала жариялап жібергенмін. Топ оқушыларының салған суреттерін таныстырып өтейін.
Оқушыларды марапаттау

Тренинг «Ақ тілек»

Ай        Күн    Бұлт
Бұлақ                                                      Жұлдыз


Гүл  Көл

Құс  Аққу
Тау                 Қар               Орман

Қорытынды:

Білместік жасаған тірілер атынан
Кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан!
Топтасайық, достасайық бәріміз,
Осыменен бағаланар біздің ұят-арымыз!
Халқымыз байқампаз, тұрақтылықты, мейірімділікті қастерлеп, ақ ниет, аппақ сезімді «Аққу сезім» деп атаған, әсемдік рәмізіне балаған. Сондықтан, халайық, орманды кесіп, құстарды және жануарларды атып табиғаттың сұлулығына қауіп төндіруден сақтайық және экологияға ұшыраған жерлерімізді сақтауға көңіл бөлейік.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *