“Тапқыр достар” сайысы

  Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Шабдаржап ауылы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Зиеденова Гүлсім Ныгиметқызы

 Сабақтың   тақырыбы:     “Тапқыр достар”  сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың білім,білік дағдысын тексеру арқыл жарыс  түрінде оқушылардың   логикалық    ойлауын   шыңдау.

Дамытушылық   мақсаты:   Оқушының   танымдық   қабілеттерін   дамыта   отырып,  математикалық  біліктерін   ауызша   және   жазбаша    есептеу   дағыларын   дамыту.

Тәрбиелігі:   Қазіргі   заманға  сай  бейімделген,  санасында    жаңа   рухани түйсік   қалыптасқан.   Алға  қойған мақсаттарына   жетуге,    шапшаңдыққа,   жылдамдыққа   тәрбиелеу.

  Әдіс-тәсілдері:        жарыс,    сұрақ-жауап

   көңілді      тапқырлар,    жұмбақтар,   мақалдар,

   Сабақ   барысы:

Қызығушылықты   ояту.

Құрметті ұстаздар,оқушылар «Тапқыр достар» атты сайысқа жиналып отырмыз.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі пәндерден ойын тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін пысықтау.Сайысымызда дүниетанудан,ана тілінен,математикадан тапсырмалар беріледі.Солардың жауаптары дұрыс айтуларың керек.Әр жауапқа бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста көп ұпай жинаған топ «Жас тапқырлар» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.

-Бүгінгі сайыста сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін Ӏ топ Алғырлар.

ӀӀ топ Тапқырлар. Сайысымыз 5 турдан тұрады.

       -Әділ қазыларымызды сайлап алайық.

-Енді сөз кезегін топтарға берейік,өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.

Ӏ тур Таныстыру.

 

Ӏ-топ. «Алғырлар»                                                  ӀӀ-топ. «Тапқырлар»

Озып шығып бәйге аламыз                            Мақтанбаймыз  «тапқырмыз» деп

Аты аңызға айналған                                       Таудай бірақ талабымыз

«Алғыр» атанып                                                «Тапқыр» бала атанып

Біз де ғалым боламыз.                                      Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз.

IӀ тур Кім жүйрік? ойыны

    Дүниетану,математика,ана тілі пәндерінен қойылатын сұрақтарға әр топ жылдам жауап беру керек.

«Алғырлар» тобына.

1.Әліпбиде неше әріп бар?(42)

2.Дауысты дыбыстарды ата.(а,ә,е,ө,и,і,о,ы,я,юү,ұ,ё,э,(у)

3.Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?(тіл)

4.Қосу амалының атауларын ата.(қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні)

  1. 5 санының көршілерін ата.(4,5,6)
  2. Қандай фигураларды білесің?(шаршы,дөңгелек,төртбұрыш,шүбұрыш,)

7.Есту мүшесі не?(құлақ)

8.Көкжиектің тұстарын ата.(оңтүстік,солтүстік,батыс,шығыс)

9.Сүтқоректілерге нелер жатады?(мысық,ит,саршұнақ,маймыл,піл)

«Тапқырлар» тобына.

1.Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а,о,ұ,ы)

2.Жіңішке дауыстыларды ата.(ә,ү,і,ө)

3.Сөз неге бөлінеді?(буынға)

4.Азайту амалының атауларын ата.(азайғыш,азайтқыш,айырма)

5.8 санының көршілерін ата.

6.Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.(қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді)

7.Көру мүшесі?(көз)

8.Табиғатта қандай құбылыстар болады?(боран,су тасқыны,жер сілкіну)

9.Бунақденелілерге нелер жатады?(құмырсқа,ара,қоңыз,көбелек т.б)

ӀӀӀ тур. «Жұмбақ ойын»

2.Әр топ құсты сипаттау арқылы бір-біріне жұмбақ жасырады.

1-топ.Бұл өте сүйкімді,бауыры ақ,пайдалы.Бір жылда бір миллион құрт жейді.Ұясын адамға жақын салады.Бұл құсты адамның досы деп те атайды.Ендеше бұл қай құс?(қарлығаш).

2-топ.Бұл құстың тұмсығы ұзын,ағаш діңінде отырып,тұмсығын діңге тоқ-тоқ соғады.Ағаш қабығындағы құрт,көбелектерді тазалайды.Бұл құсты орман емшісі деп те атайды.Бұл қай құс?(тоқылдақ)

ӀV тур.

Теңдеу

Х+20 =40          90-С = 50

Амалдардың    жақшаларын    нәтиже   шығатындай     етіп   қой.

4+2 • 3 =18

11-8•  6  =18

6 • 7-4   =18

  1. Викториналық сұрақтар
  2. Жұмыртқа  8 минутта     піседі    10  жұмыртқа   неше минутта  піседі?
  3. 5 кг   темір   мен  5 кг   мақтаның    қайсысы   ауыр?
  4. Алты қоян   он   үш  тауық   барлығы?
  5. 5  себет,  әр  себетте   10   алма   барлығы   қанша  алма?
  6. Бір   жігіт   ақсақалға   нешедесіз ?–деп    сұрайды.   Ақсақал   сонда

4 жылқы    деу  арқылы   4 мүшел   толғандығын  айтты   тоқты   деу  арқылы

2   жас  қос  деді.   Сонда    ақсақалдың   жасы   нешеде?

  1. 3  пар  ат    сегіз   шақырымға   шапса,   1 ат   нее   шақырым   жер   шабады?
  2. 1, 2, 3, ………99  сандарында   6   цифры   неше     рет   кесдеседі?
  3.    Сегіз   адам   кездесіп,     бір-бірімен  қол   алысты.

Олар   барлығы   неше   рет  қол   алысқан?

           III.           Көңілді   тапқырлар

Қажетті  әріптерді   немесе     сөзді   тап.  (олар  барлық   жерде  бірдей)

Талды  ( ……)

(……)    төбе

Жаңа   (……)

(……)      бек

Еліңе    (……)   бол.

Қажетті   сөзді   немесе   әріптерді    тап.  (олар  барлық    жерде   бірдей),оларды   топтарға   бөл.

Ақ (…),     Ұлы  (…)    Көкше  ( …)

Темір   (…),     Ала (…),

Бірінші   сөздің   соңы    екінші    сөздің   басы.  Сөздерді    анықта.

(Адам   дене   мүшесі)

Нарын   (…)  ғап.

Елдімекен   атының   соңғы   буыны   (  үш  әріптен   тұратын)  мен   лауазым   атының     алғашқы   буыны   бірдей.   Сол   буынды   тап.

Алға   (…)   тық

 

Қоян,   тауық   он  сегіз,

Аяқтары    қырық  сегіз,

Тауықта   бар  екі   аяқ

Қоянда   бар   төрт   аяқСонда   қанша   тауық  бар

Сонда  қанша   қоян   бар.

  1. Жұмбақтар

Дарияның    ортасында   бір  құс   отыр,

Құйрығы    дарияның   жағасында.

( Ожау)

Жайған   жастық  сөгілді,

Бір мамық   төгілді.

( Қар )

Мың    назалы   жалғыз   батыр.

Жауларына  алғызбай   жатыр.

( Кірпі )

Екі   құлағы   бар.

Бір  бұлағы   бар.

(  самауыр )

Байлаулы   екі     аяғым,

Қолымда   екі   таяғым.

( Шаңғышы

 

  1. Мақал- мәтелдер.

      Жаздың    бір  күні, қыстың   мың  күнін  асырар

Бір   теңге   бие  болмайды

Екі   теңге    түйе  болмайды

 

Екі   аяқтыда   бажа   тату

Төрт    аяқтыда    бота   тату.

 

Тоғыз   қабат   торқадан,

Тоқтышағымның  терісі   артық.

 

Төрт   түліктің    төресін

Түйе   дейді

 

Жігіт   бір  сырлы,

Сегіз   қырылы   болсын

 

Жігітің   құны  жүз   жылқы.

Ары  мың  жылқы,

  1. Қорытынды.

Ең    үлкен   бір  таңбалы  санды,   ең  кіші    бір   таңбалы  санды    және    ең   кіші    бір     таңбалы    натурал   санды     жаз.

 

1-ден   10-ға   дейінгі    сандардың    қосындысының    мәнін    тап

Кім   жылдам?

1.Екі топ оқушылары өз ойларын сөзбен жұмбақтайды.Бірінші,екінші сөйлемнен кейін де,тез шешуі мүмкін,шеше алмаса сөйлемдер аяғына дейін айтылады.

Ӏ.  «Алғырлар» тобына Тапқырлар тобынан:

1.Ол оқушыларға өте қажет.

2.Оны күнделікті тасимыз.

3.Ол болмаса қол-аяғыңнан айырылғандайсың.

4.Ол қалам –қарындаш жинақтайтын зат.(пенал)

ӀӀ. «Тапқырлар» тобына  Алғырлар тобынан:

1.Оны балалар жақсы көреді.

2.Оның көлемі әртүрлі болады.

3.Ол спортқа керек.

4.Ол футболшыларда болады. (доп)

V тур Жұмбақтар

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *