Тарау бойынша қайталау

Павлодар облысы

Ақсу қаласы
№1 қазақ орта мектебі
Есжанова Улдана Нурболатовна
Сабақ тақырыбы: Тарау бойынша қайталау

Сабақтың тақырыбы: Тарау бойынша өткенді қайталау.Тест

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тарау бойынша өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіру.

2.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой- өрістерін кеңейту.

  1. Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, бақылау.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, түгендеу.

Ә) Тарау бойынша өткен тақырыптарды еске түсіру.

Сұрақтар:

  • Шалғында қандай өсімдіктер өседі?
  • Шалғынды жерлерді қандай жануарлар мекендейді?
  • Далалы жерде қандай өсімдіктеер өседі?
  • Шөлді жерлерде қандай жануарлар мекендейді?
  • Табиғатта өсімдіктер мен жануарлар ненің әсерінен жойылады?
  • Адамдар табиғатты қалай қорғайды?

Б) Тест тапсырмасын орындау.

  1. Шөптесін өсімдік өсетін жер қалай аталады?

А) жайлау               ә) шалғын           б) алаң           в) егіндік

  1. Ормансыз алқап деген не?

А) Дала            Ә) шалғын              б) шөл             в ) орман

  1. Құрғақ климатымен ерекшеленетін аумақты қалай атайды?

А) шалғын         ә) дала                 б) шөл                в) орман

4.Орман дәрігері

А) бұлбұл          ә) қарға             б) үкі                  в) тоқылдақ

  1. Қазақстан тауларын көрсет.

А) Гималай, Эверест                                 ә) Альпі,Карпат

б) Тянь-Шянь, Алтай                                в) Дұрыс жауабы жоқ.

  1. Шалғында тіршілік ететін жануарларды ата.

А) сұртышқан      ә) піл                б) аю            в )  арыстан

7.Биік тауға қандай тау жатады?

А) Сарыарқа     ә) Алатау     б) Тянь-Шянь           в) Қаратау

  1. Орманды жердегі қорықтарды ата.

А) Алматы,Барсакелмес                     ә) Алматы, Ақсу-Жабағылы,Наурызым

Б) Барсакелмес, Ақсу-Жабағылы         в)  Наурызым, Қаратау

  1. Қазақстанның ең биік шыңы

А) Хантәңірі              ә) Эверест       б) Алтай тауы               в) Қаратау

  1. Шөлді жерлерде мекендейтін жануарларды көрсет.

А) Ақбөкен, бұғы, сілеусін                     ә) Қосаяқ, суыр ақбөкен

Б) қасқыр,қоян, аю                                  в) қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен

  1. Құс шаруашылығына жататын қатарды көрсет.

А) Түйе,нар, күркетауық       ә) тауық, қаз, үйрек

Б) ат, қой, сиыр                        в) ірі қара , түйе, түйеқұс

  1. Қызыл кітап нешінші жылы шығарыла бастады?

А) 1994ж              ә)1887ж              б) 1977ж               в) 1978ж

  1. Қызыл кітапқа енгізілген аңдар

А) Жұпартышқан, құтан, қаракүзең        Ә) аю,қасқыр, қоян

Б) Жылқы , түйе, түйеқұс                         В) Дұрыс жауабы жоқ.

  1. Қазақстанның Мемлекеттік неше қорығы бар:

А) 7                 ә) 5                б) 10                   в)9

  1. Қазақстанда неше ұлттық саябақ бар:

А) 3                ә )10               б) 22                   в) 9

Қорытынды: Проблема туындаған сұрақтарды шешу. Оқушыларды бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *