Тарих сабағында компьютер мен тест әдістерін пайдаланудың тиімділігі

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей — интернаты» КММ

Жакупбаева Кумия Кажиевна  — тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі             

Тақырыбы: Тарих сабағында компьютер мен тест әдістерін пайдаланудың тиімділігі

Жас ұрпақтың бүкіл рухани жан-дүниесін, ой-өрісін, әсемдік талғамдарын қалыптастыру, адамгершілік, инабаттылық сезімдерін өрістету, білім деңгейлерін көтерумен қоса, оқыта отырып тәрбиелеу – ұстаздың дағдылы ісі.
Компьютермен оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындау оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сабақта компьютерді пайдалану арқылы сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттырып, оқушының назарын пән мазмұнына аударып, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.
Өткен ұрпақ үшін кітаптың мазмұны қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді тану құралы болып табылады.
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңінде тарих пәнінің оқытылуы айтарлықтай қиыншылықтар туғызып отыр. Сондықтан тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтетін және толықтыратын қосымша материалды кең қолдану арқылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп, оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруға тиіс. Осы міндеттермен талаптарды мұғалім сабақ барысында қолданып, баланың білімдік және біліктілік дағдыларын қалыптастыра алады.
Сабақ беру дегеніміз – өнер. Көптеген тәсілдерді сынақтан өткізіп, өзінің оқыту тәсілдерін, озық – тәжірибелерді күнделікті жұмысында пайдаланып отыру – қазіргі таңда сабақты ұйымдастырудың тиімді жолы.
Тарих пәнін оқытудың басты міндеті – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.
Өркениетті қоғамды құрудағы мемлекеттің қалыптасуы алдымен өскелең ұрпақтың еркін ойлау білуі мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен біліміне байланысты болмақ.
Ақпараттың ағыны тасыған осы ғасырдағы деректі, көркем кинофильмдер, оқыған тарихи шығармалар, әр түрлі мектепішілік тәрбие саласындағы кездесулер, интернет жүйесінен алынған материалдардан хабары бар екендігін аңғару қиын емес.
Толық жауап оқушылардың танымдық қабілетін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда тест әдістерін қолдану басты рөлдердің бірі болып саналады. Оқушылар білімін тексеруге арналған тест жүйесі белгілі бір тақырыпты не тарауды қорытындылау не пысықтау кезінде жүзеге асырылады. Тест жүйесін өткізген кезде белгілі бір талаптарды орындау қажет:
Қазақстан тарихынан тест әдістерін қолдану.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының шығу тарихы мен мәдениетін меңгерту және  жалпы түсінік беру. Компьютермен өз бетінше жұмыс атқаруды меңгерту.
Дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып, дәлдікке, нақтылыққа, жүйелілікке дағдыландыру және танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының  өткен тарихын танып білуге, құрметтеуге, елжандылыққа, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ұлттық тәрбие рухында  тәрбиелеу.
Модульдік оқыту технологиясы әдістерін қолдана отырып, тест тапсырмаларының түрлерін ұсынамын:
1. Тест жүйесінің бірнеше бағыттары қамтуы;
2. Әр сұрақ бір балды жүйені қамтиды;
3. Тест қысқа, нақты жауаптарға сай болуы керек;
4. Тест бағалануы: Жауаптың белгілі бір пайызы негізінде яғни 90-100%  —  «5», 75-90% — «4»,  50-75% —  «3», ал 50%-дан төмен болса «2» деп бағалануға болады.
Оқушылардың білімін тексеруде тест жүйесінің бірнеше түрлерін қолдануға болады.
І. Сұрақ —  жауап:
а) «Қалмақ қырылған» оқиғасының тарихи маңызы неде?
Жауабы: Қазақстанның солтүстік – батысы жоңғарлардан азат етілді.
ә) Абылайдың азан шақырып қойған есімі?
Жауабы:  Әбілмансұр
ІІ.Ашық тест:
1)  Ертіс өзені бойын биледі:
А) Қасым    В) Әбілпейіз    С) Сүйік        Д) Сұлтанбет         Е) Болат
2) 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының(қазақтарының) жарғысы бойынша енгізілген басқару жүйесі:
А)  Шекаралық комиссия           С) Облыстық басқарма

В) Округтік                                  Д) Болыстық            Е) Дистанциялық

Жауабы:  1)  Д,  2) В
ІІІ. Иә немесе жоқ

  1. 1771 жылы қазақтар Ертіс өзенінің оң жағасына қоныстана бастады ма?
  2. Абылай тек Орта жүздің ханы болды ма?

Жауабы: 1. Иә,   2. Жоқ
ІV. Сәйкестендіру:
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістерінің  уақытын анықтаңыз:
1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс              ———— А. 1868 -1869ж ж.
2. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі ———  Ә. 1773 — 1775 жж.
3. С.Датұлы бастаған азаттық көтерілісі      ——————————         Б. 1837 – 1847 жж.
4. Маңғыстаудағы халық көтерілісі     ——————————          В. 1822(1824) -1836 жж.
5. Е.Пугачев бастаған шаруалар  көтерілісі ——————————-       С. 1836 – 1838 жж.
6. Саржан Қасымұлы бастаған азаттық  көтерілісі———————          Д. 1783-1797 ж.ж.

7.Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс              ———————         Е. 1870 ж
Жауабы: 1- Б, 2 – С, 3 – Д, 4 – Е, 5 – Ә, 6 – В, 7 — А
V. Қатесін  тап:
1. Компартия мен Кеңес үкіметі қазақ АКСР-ін құруға әзірлікке кірісті. Бұл үшін ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты жанында қазақ бөлімі құрылды. А. Байтұрсыновқа Қазақстан кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірлеу тапсырылды.

2.Қ.И.Сәтбаев Отанынан тыс жерден баспана іздеуге мәжбүр болды.

Жауабы:1. Ә. Жангелдинге,  2.М.Әуезов
V. Аралас тест:
КОНХАБЕВМА, ҚАСУАДОВАС
Жауабы: Бекмаханов, Садуақасов
VІ. Ретімен орналастыр:
1. Қазревкомның құрылуы.
2. Қазақ АКСР-і деп аталуы
3. Азамат соғысының басталуы.
4. ЖЭС – тің жариялануы
5. Орынбор қаласының  астана болуы.

Жауабы: 3, 1, 5, 4, 2
VІІ. Жауабын толтыр:
1783-1797 жылғы көтеріліс жетекшілерінің бірі —
1916 ж. көтеріліс жетекшілерінің бірі —
«Тұлпар» ұлттық – демократиялық ұйымның негізін қалаушылардың бірі —
«Айқап» журналының бас редакторы –

Жауабы: 1 – Сырым Датұлы, 2- Амангелді Иманов, 3 – М.Әуезов, 4 – М.Сералин

VІІІ. Орын ауыстыру:
1. Ауыл——————-1.Сұлтан
2. Ата — аймақ ———-2. Хан
3. Арыс ——————3. Ауылбасы
4. Ұлыс ——————4. Қаған(Ұлы хан)
5. Ру ———————-5. Би
6. Хандық ————— 6. Ақсақал
7. Жүз ——————- 7. Рубасы

Жауабы:
8. Тесті сынып оқушыларының біліміне сай деңгей бойынша беруге болады.
Мысалы: нашар оқушыларды — 3-і деңгей, орташадан жоғары, жақсы оқитындарды – 2-і деңгейге, ал өте жақсы оқитындарға – 1-і деңгейге бөлу негізінде сұрақтарды күрделендірудің жүйелі түрін енгізу.
3 деңгей:
Мысалы: А) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі ? Б) Ұлт- азаттық қозғалыс басшылары кімдер?
Жауабы: А. 1916 жылы 25 маусымдағы патша үкіметінің тыл жұмысыны бұратан халықты алу туралы жарлығы

Б. Амангелді Иманов,  Бекболат Әшекеев
2 деңгей:

А) Ұлт-азаттық қозғалыстың  басты орталықтарын картадан көрсет.
Жауабы: А. Торғай, Жетісу
Б) Патша өкіметі «бөліп ал да, билей бер» деген тактиканы қалай қолданды?
Жауабы: 23.08.1916 ж. генерал губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығымен жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларын жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала білді, олар тыл жұмысына адамдар алуға белсене көмектесті.
1 деңгей:
Қазақтың демократияшыл зиялылары және даланың бетке ұстарлары, дін иелері қандай саясат ұстанды?
Жауабы: Қазақ халқының революциялық демократиялық зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов), көтеріліс шырқау шегіне жеткенде патша өкіметі қарусыз халықты қанға бояйтынын түсініп отаршыл империямен парасатты ымыраласу тактикасын ұстанып, халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясын ұсынды.
Қорытынды: Тест жүйесі балаларды қысқа, нақты жауап беруге үйретеді. Олардың жан-жақты ойлау қабілетін арттырады. Тест жүйесінен соң бақылау алу оқушылардың алған білімін бере білуге үйретеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *