Таңбалы тас

Алматы қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы 159 гимназияның

9 сынып оқушысы: Құрмамбаев Санжар

Жетекшісі: Көпекбай Алия

Толған ел – тарихын таспен жазады,
Тозған ел – тарихын жаспен жазады…

Тақырыбы. Таңбалы тас

Атақты ғалымымыз Қаныш Сәтбаев «Таңбалы тас – Қазақ халқының ең алғашқы мемлекетінің ірге тасын қалап жатқандағы жазып қалдырған Дала Конституциясы» деген.

Таңбалы тас Бетпақдала ортасын қия кесіп, ұзынынан созылған таңбалы тікжартас, Сарысу өзеннен 20 км-дей жоғарырақ, қызыл жыңғыл орманына қарама-қарсы, Биік Нұраның іргесінде орналасқан. Бұл жердегі тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген едемі өрнектер, «қошқармүйіз », «түйе табан», «кісінің ізі», « аттың ізі» т. б. таңбалар көптеп кездеседі.

Мұндай қалың жазулармен таңбалардың тұрған жерін қазақтар ерте заманнан бері қарай «Таңбалы тас», «Таңбалы жар » немесе «Таңбалы Нұра» деп атаған. Таңбалы тас жайындағы тұңғыш мәліметтер XVIII – XIX ғ.ғ. Ресей саяхатшы-ғалымдары А.И. Шренк, казак офицері Д.Телятников, М.М. Иванин, Ю.Шмидт жазбаларында кездеседі. 1895 ж. Л.Кузнецов пен Х.Бекхожин тас бетіндегі 500-ге тарта таңбалардың көшірмесін жасады. 1934 жылы зерттеуші В.А. Селевин Таңбалы тасты суретке түсірген. 1941 жылы Академик Қ.И. Сәтбаев «Жезқазған ауданының тарихи ескерткіштері» атты мақаласында ескерткішке ғылыми анықтама береді. 1950-ші жылдары академик Ә.Х. Марғұлан Орталық Қазақстанда барлау жұмыстарын жүргізіп, бірқатар ескерткіштерге ғылыми талдау жасайды. 1974 жылы археолог-ғалымдар Кемел Ақышев пен Марал Хабдуллина, 1998 жылы этнограф ғалым Ж.О. Артықбаев Таңбалы тастың маңыздылығы жайында бірталай пікірлер айтты. Ескерткіште, Л.Кузнецовтың дерегіне сүйенсек, «500 таңба немесе мөр қашалған». Х.Бекхожин тастағы араб әрпімен жазылған жазуларды оқып, орысша аудармасын берді. Академик Қ.И. Сәтбаев «Жезқазған-Ұлытау перифериясында қазақ халқын құрған үш жүздің жері тоғысады» деп Ұлытаудың саяси орталық екенін атап өтсе, Ә.Х. Марғұлан Таңбалы тастың тарихын оғыз, қыпшақ, Ақ Орда дәуірлерімен байланыстырады. Бетпақдаланың дәл ортасында орналасқан Таңбалы тас ескерткіші жайындағы ескі сөздерді шежірешілер М.Ж. Көпеев пен Н.Наушабайұлының жинақтарынан жолықтырамыз».

Ел аузындағы кене деректерде Таңбалы таста XVIII ғасырда, дәлірек айтқанда 1710 жылында жоңғарларға қарсы соғыста үш жүздің баласы басқосып үлкен жиын еткізген. Бұл жиыңда Таңбалы тасқа әр рудың таңбалары басылып, басылғантаң бақұрым киізге ойылып таратылған, сонда қай ру таңбасы артық қалса, сол әскер келмегендігін білдірген. Сондай — ақ бұл жерде кектемгі уақытта үш жүздің баласы бас қосып , таңбаларын алып, жаз жайлау, қыс қыстауларын белгілеп жер белісіп отырған.

1895 жылы ақмолалық әскери дәрігер Л.Кузнецовты Бетпақдаладағы Таңбалы тасқа ертіп келген Атбасар уезінің тілмашы Хасен Бекхожин болған. Бізге ең құнды болып отырғаны сол, 1895 жылғы Л.Кузнецов экспедициясының Таңбалы тас бетінен көшіріп алған елуден артық қазақ руларының таңбаларының көшірмесі табылды. Әлгі тастың бетіндегі ескі шағатай жазуларын тілмаш Бекхожин орыс тіліне аударып көрген екен, тастағы жазу былай дейді: «Қара-Найман, Алшын, Арғын, Қаракесек, Қойсын, Табын, Молла-Қаршыға. Құдай қолдасын, олар алтау». Академик Ә.Марғұлан осы алты ру аттарын Алты Алаш одағымен байланыстырған екен. Ол кісінің пікірі бойынша, Ұлы жүзден – Қойсын (Үйсін), Орта жүзден – Арғын, Кіші жүзден – Табын болып Алты Алаш елі мемлекетінің ең алғашқы іргетасын қалаған. Таңбалы тастың бетінде 1218 жылды, әріректе 178 жыл мен 1061 жылдарды көрсететін қашалған сандар тұр. Әрине, бұның бәрі үлкен ізденісті, қыруар ғылыми жұмыстарды талап етеді. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы уақытқа дейін бәрінің айтып келген 1710 жылғы қазақтың құрылтайы осы Таңбалы тастың маңайында өтті дегені еді.

Ал «Бұланты шайқасы» деген тарихи еңбегінде этнограф Ж.О. Артықбаев былай дейді: «Таңбалы – қазақтың тасқа басқан шежіресі. Қазақ баласы үшін Таңбалы тас атауының қасиеті ерекше». Қаныш Сәтбаевтың, Ә.Марғұланның, Манаш Қозыбаевтың айтқан пікірлеріне сүйенсек, бұл тас – қазақ халқының әр түрлі тайпаларының бірігіп жазған Конституциясы. Тастың жатқан жері географиялық жағынан да қазақ елінің тап орта кіндігі болып табылады. Мына жағында Ұлы жүз, мына жағында Кіші жүз, Таңбалы тас Орта жүздің жерінде, сондықтан бұл тас – барша қазаққа ортақ тас!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *