Текшелерден құрастырылған геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру

текшеАтырау облысы, Махамбет селосы,

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Хасанова Гүлнафис Жанарбековна

Математика

Сабақтың тақырыбы: Текшелерден құрастырылған геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Текше және оның көлемі‚ кубтың көлемі жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-

қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ертегі, шығармашылық ізденіс сабағы

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету ‚ практикалық іс–әрекет

арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көлемге байланысты суреттер, бетшелер, кестелер,слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Жылулық лебізі

Топқа бөлу «Халық банк» «Каспий банк» «Хоум кредит банк»

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

А) Кесінді ұзындығын анықтауға болады. Ол бір өлшеммен (ұзындығы) өлшенеді. 4 см

Ә) Тік төртбұрыштың ауданын екі өлшеммен (ұзындығы‚ ені) табуға болады.

2×4=8 (см )

Б) Білеушенің көлемін табуға болады. Ол үш өлшеммен (ұзындығы‚ ені‚ биіктігі) өлшенеді. 4 × 2 × 1 = 8 ( см )

Бұл – текше (куб) Оның үш өлшемі бар. Ұзындығы – 1 см‚ ені – 1 см‚ биіктігі – 1 см. Текшенің көлемі – 1 см

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру. Слайд№9 Оқулықпен жұмыс№1

1. Куб және оның көлемі‚ кубтың көлемі жайлы түсінік қалыптастыру.

Бұл текше(куб). Оның 8 төбесі бар. Төбелерді қосатын кесінділерді қыры деп атайды.

Текшенің 8 қыры бар. Текшенің 6 жағы бар. Сана.

Фигурада екі қатар қойылған текшелерді сана. Барлығы неше текше. Фигураның көлемі туралы не айтуға болады?

Слайд №11

Қорытынды: мұнда артық фигура – текше, себебі ол көлемді фигура, қалғандары жазық фигура. (Геометриялық фигуралар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі). Нәтижесі: оқушылар геометриялық фигураларды салыстыра отырып, оларға ортақ қасиеттерді және айырмашылықтарын талдай отырып, олардың ішінен текшені бөліп алады. Сол арқылы олардың логикалық ойлау деңгейі жоғарылайды, фигураларды қасиеттеріне қарай тани және ажырата алатын болады. Текшенің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Оның әрбір жағы шаршы, әрбір қыры кесінді, әрбір төбесі нүкте.

Формуламен таныстыру.

Көлемді V әріпімен белгілейміз

V = а×в×с

2.Кестемен жұмыс №2

Көбейту және оның компоненттері

а 90 60 80 70 50 10

в 4 3 5 9 7 20

а+в+16

а * в

3.Тақтамен жұмыс №3

Мәндері бірдей көбейтінділер мен бөлінділерді тап

3 ∙ 2 = 600 : 100 8 ∙ 5 = 400 : 100 150 : 5 = 5 ∙ 6

4.Жұптық жұмыс. № 4. Есепте.

63 : 7 ∙ 4 = 36 6 ∙ 6 : 4 = 9 20 ∙ 20 : 400 = 1 72 : 8 : 3 = 3

54 : 9 ∙ 7 = 42 3 ∙ 6 : 2 = 9 900 : 900 ∙50 = 1 40 : 5 : 4 = 2

5. Топтық жұмыс Теңдеулерді шешу.№5

6. Теңдеулерді шешу.

7. Белгісіз компонент не?

8. Белгісіз компоненті табу үшін не істейміз?

Өткен материалды пысықтау:

1. Есеп шығару. № 7.

Шай – 500г Шешуі: 500 + 3 ∙ 100 = 800

? Жауабы: барлығы 800 г шай.

3 қорап – 100г

2. № 8 Кестемен жұмыс

1 қ. ү. саны – бірдей. Шешуі: 40 : (80 : 8) = 40 : 10 = 4

80 шеге. – 8 үйшік Жауабы: 4 қараторғайдың үйшігін жасады.

40 шеге — ?

Есептерді құрастыру және шығару.

Қараторғайдың 1 үйшігііне жұмсалатын шегелер саны Қараторғайдың үйшіктерінің саны Шегелердің жалпы саны

Бірдей 10 8 80 10 4 40

3.Сергіту сәті Ауызша есептеулер

Шығармашылық жұмыс №9

90 : 9 : 2 = 10 : 2 = 5 Жауабы: 5 л су жұмсалды.

4.Миға шабуыл Логикалық есептер

) Егер жолаушы жолда 3 тәулік және 15 сағат болса,онда ол жолда

__________сағат болады?

2) Автомобиль 100 км жүру үшін 15 л бензин жұмсайды.600 км жолға _______л бензин қажет болады?

3) Дәптерде 48 бет бар,оның беттері кітапқа қарағанда 5 есе кем.Кітапта _________ бет бар?

4) 1 секундта 2 қадам жасалса,онда 1 минутта _______қадам жасалады?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау. Салымшының ақшасын есептеу, қорыту

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *