Темекі тақырыбындағы Ғылыми жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТЕМІРТАУ  ҚАЛАСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ «ТЕМІРТАУ  ҚАЛАСЫ  ҒАБИДЕН  МҰСТАФИН АТЫНДАҒЫ  № 5  ҚАЗАҚ  ОРТА  МЕКТЕБІ» КММ

 

ЗЕРТТЕУ – ЖОБА:

Тақырыбы: Темекі.

Зерттеу жұмысының бағыты:

«Қоршаған ортаны және адамның

денсаулығын қорғау»

Орындаушылар:

4 «А» сынып оқушылары

Нурмыханов Куаныш Нуржанович

 

Ғылыми жетекшісі:

Абешова Анар Муратовна

 

 

Мазмұны

 

І. Аннотация

ІІ. Кіріспе

  1. Тақырыптың өзектілігі
  2. Мақсаты мен міндеттері
  3. Болжам
  4. Күтілетін нәтиже

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Темекінің шығу тарихы
  2. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.
  3. Темекіден болатын аурулар.
  4. Темекімен күрес.

ІV. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Аннотация

 

– Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған » Қазақстан -2030″ бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1   – бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»;

2   – бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»;

3   -бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
Бағдарламада былай делінген:

«Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді». Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастауды ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек».

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Шындығын айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын «Темекіге»   арнасақ.

Сол себепті оқушыға темекінің сипаттамасын бере отырып, оның адамзатқа тигізетін зияны көп екенін дәлелдеу.

Сондықтан да зерттеліп отырған жоба жасөспірімдерге темекінің зияны туралы мағлұмат береді. Бұл жоба оқушыға үлкен әсер қалдырып, салауатты өмір салтын сақтай білуге жетелейді.

Жеке тұлғаның кішкентайынан ізденімпаздыққа жетелейтін, шығармашылық жұмысты қызыға – іздене орындайтын осындай тақырыптардың алатын орны бөлек. Осындай жұмыспен айналысқан оқушылар болашақта да білім деңгей жоғары, ізденімпаз, ойшыл тұлға болып тәрбиеленеді деп ойлаймын.

 

Тақырыптың өзектілігі:

Салауатты өмір салты зиянды әдеттермен қатар тұра алмайды. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін маңызды факторлар болып табылады. Біздің республикамызда балалар мен жастар арасында темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі заттарды қолданудың өршуі себепті зиянды әдетерден құтылуы көкейкесті мәселе болып келеді.

Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады, ата-аналарының, достарының айтқан кеңестерін тыңдамайды. Темекі шегу өмірлік маңызды жүйке мен ағза органдары қызметін нашарлатады, әсіресе жас балалардың. Ол баланың – жасөспірімнің жалпы дамуын тежейді, олардың өсіп – ұлғаюын тоқтатады. Балалардың сабақ үлгерімі төмендейді, нәтижесінде зер салуы жане есте сақтау қабілеті тым нашарлап кететіндігіне көз жеткізіп, дәлелдесем,  үлкен жетістікке жеткендігім.

Мақсаты:

Адам өміріне ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ зиянды екеніне көз жеткізу.

Міндеттері:

  • Шылымның тарихына терең үңіле отырып шығу тарихын зерттеу.
  • Темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерін аша түсу.
  • Темекінің экономикамызға тигізетін кері әсерін анықтау.
  • Бақылау, тәжірибелер жасау.
  • Сауалнама алу.
  • Темекі құрамындағы зиянды заттар мен содан туындайтын ауруларды анықтай отырып оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа шақыру.

 

Болжам:

Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.

 

Күтілетін нәтиже:

Темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин жүйке жүйесінің реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында мүлдем арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн.

Темекіге жоламасақ , салауатты өмір салтын ұстай білсек көптеген қатерлерден,  дерттерден өзімізді және туғандарымызды сақтай білгеніміз.

 

Негізгі бөлім

Темекінің шығу тарихы

 

Көптеген оқымыстылар  Еуропадағы темекінің таралу тарихын Америка құрлығын алғаш ашқан теңіз саяхатшысы Христафор Колумбының есімімен тікелей байланастырады.

Жер-жаһанды кезбесе жаны жай таппайтын саяхатшы бастаған  теңізшілер сапарының 70-тәулігінде алыстағы аралдың жағасына жетеді.

Бұл кез 1492 жылдың 12-і қазаны еді. Жиһангер бұл жерді ертегі Үнді елінің шығыс жағалауы деп жаңсақ жобалайды. Келген жердің жергілікті тұрғындары өздерінің туған жерін Гуанахан аралы деп атағанымен, оған Христофор Колумб Сан-сальвадор деген жаңа ат берді. Тұрғылықты жердің адамдары алыстан келген қонақтарға осындағы бір өсімдіктің жапырағынан жасалған түтікшені сыйлық ретінде ұсынып, оны тұтатып тартуын өтінген.

Әлгі өсімдіктің жапырағын әуелі жинап, оны күн көзіне кептіргенен кейін шиыршықтап орап алып тартатын темекілерін «Петум» деп атаған. Бұл әдетке осындағылардың үлкен-кішісі шалдыққандығы белгілі болған. Уақыттың өтуімен «Петум» деген сөздің мәні табак деген ұғыммен ауыстырылған. Себебі, «Петум» деген сөз еуропалықтар арасында «Табак» дегенді аңдатады. Сол кезде-ақ сан түрлі адамның санасын улап үлгірген әлгі өсімдік Табаго провинциясында өсетін болған. Міне, ол сол кезде тағылған айдарымен күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.

Кейбіреулер Америка үндістері арасындағы темекі тарту ісін діни әдет-ғұрыппен байланыстырмақшы болады. Алғашқы кезде үндістер бұл өсімдіктердің түтінін шыбын – шіркейлерден қорғау мақсатында қолданған.

Бірақ кейін осы түтіннің адам тәніне тигізетін ерекше бір әсерін байқап, сол өсімдіктерді қасиетті деп, одан шығатын түтін – сиқырлы деген ұғым таратқан. Сөйтіп, әлгі өсімдіктердің түтінін діни әдет-ғұрыптарды орындау барысында пайдалануды әдетке айналдырған.

Колумб серіктестерімен сол сапарларынан Испанияға ораларда өздерімен бірге темекінің шағын қорын алып, өздерін темекі тартуды әбден үйреніп қайтумен қоса, осы «өнердің» бірнеше хас шеберлерін ілестіре келуді ұмытпаған.

Бұл кез 1493 жылдың 15-і наурызы болатын. Осы жылдан бастап, Еуропа бойынша тұңғыш рет Испанияда темекі плонтациясы пайда болған.

Колумб жоғарыдағы сапар барысында өз адамдарымен Куба аралдарында да болып қайтады. Бұл аралдың жергілікті тұрғындары да өсімдіктің күнге кептірілген жапырақтарынан шиыршықтап темекі тартады екен. Олар әлгіндей трубканы сигаро деп атайды. Бұл 1492 жылдың қазан айы болатын.

ІІ. Ал темекінің Францияда таралуы ХVІ ғасырдың орта шенімен дәл келген. Бұл оқиға Францияның Португалиядағы елшісі Жан Никоның есімімен тікелей байланысты. О бастан өсімдік өсіруге жаны құмар Жан Нико өзіне Колумб серіктестері әкелген темекінің тұқымын Еуропада бірінші болып өсіріп, одан өнім алады. Француз королевасы Екатерина Медичидің басының «сақинасы» ұстаған кезде, Жан Нико темекінің жапырағын иіскеуді ұсынған. Темекі жапырағының хош иісі күштірек әсер ету үшін, оны майдалап, ұнтақтап мұрынымен иіскейтін болған. Кейіннен бұл әдет осы елдің ауқатты адамдарының арасында кеңінен тарап кеткен.

Ал темекі жапырағының бұл қасиеті Жан Никоға Испания елінің ботаник, дәрігер Николай Менардесадан белгілі болған. Бұл кісі 1571 жылы шығарған өз кітабында темекі жапырағының осы қасиетін дәрілікке теліп, оны барлық ауруды емдеу үшін қажет болады деген шешімге келеді. Әлгіндей ғалымның осылайша жаһанда жар салуы Жан Никоның атақ – даңқын аспандатып жібереді. ХVІ ғасырдың 30 жылдарында шведтің әйгілі жаратылыстанушысы Карл Линней жануарлар мен өсімдіктер әлемінің кестесін жасаған кезінде, тұңғыш рет темекі тұқымын Еуропаға келіп өсірген Жан Никоның құрметіне, темекі өсімдігіне никотина деген ат береді. Ал 1828 жылы Поссельт және Рейман (екеуі де американ зерттеушісі) темекі жапырағындағы талайлардың таңырқауына себепші затты таза күйінде бөліп алып, улылығы жөнінен ешқандай басқа уларға тең келмейтінін анықтап, оған тағы да сол Жан Никоның құрметіне никотин деген айдар тағады. Міне, осылайша ХVІ ғасырдың аяғына таман темекі тарту үрдісі Испания, Португалия, Франция, Англия және Голландияға толығынан таралады. Ал 1618 жылы басталып, 30 жылға созылған соғыс темекінің Германия мен Швецияға таралуына септігін тигізеді.

Көптеген мәліметтерге сүйене отырып, темекі тартудың Ресей жеріне енуін Архангельск арқылы өткен ағылшындық көпестердің келуімен байланыстырады және бұл кез 1585 жыл деп жорамалданады. Дегенмен мұндай деректер көбінесе бірімен-бірі сәйкес келе бермейді. Ал енді осы елдің аймағындағы темекі плантацияларының пайда болуы 1616 жылға сәйкес келетіндігі анықталды.

Дей тұрғанмен, көп ұзамай сол кездің өзінде талайлардың айнымас серігіне айналған «айлалы түлкінің» бет пердесі ашыла бастады.

Темекі тарту кең тараған елдерде адамдардың әлгіндей бассыдыққа бармаулары үшін жалпы темекі тартуға қарсы батыл күрес жүргізіле бастады. Темекі тартудың адам денсаулылығына аса зор нұқсан келтіретіні алғаш рет Англияда байқалып, 1585 жылдан бастап темекі тартқан адамды ауыр жазаға кесетін қатал заң шығарылды.

ІІІ. Италияда папа Урбан VІІ темекі тартып, аузына насыбай салған адамдардың шіркеуде шоқынуына тиым салды.

1663 жылы Констонтинопольде темекі отынан болған өрттен кейін Мурад ІV сұлтан шылым тартқандарды өлім жазасына кесуге әмір етті.

Басқа елдердегі сияқты Ресейде де темекі тартуға патша өкіметі мен дін басшылары тарапынан күшті наразылық көрсетіліп, оған тыйым салған заңды бұзған адамдарға бірінші рет таяқпен 60 дүре соғатын, екінші рет қайталанса, мұрны мен құлақтарын кесіп алатын жаза өмірге енді. Ал енді 1634 жылғы бәрін жалмап жұтқан, көлемі жойқын өрттен соң Мәскеудегі темекі туралы заңды бұзғандарды өлім жазасына кесуге ұйғарылды. Өйткені өрт темекіден болған. ХVІ ғасырдың аяғынан бастап Англиядағы темекі тартушылар үшін де қара түнек өмір босталды,яғни, темекі тартқандардың басын кесіп алып, оны халықтың ең көп жиналатын жерлеріне апарып қоятын болды.

ХVІ ғасырдың бас кезінде билік басына келген Англия королі Яков І сол уақыттың өзінде темекі тартудың зияны туралы: «Түрі жексұрын, исі жеркенішті, миға қауіпті, өкпеге зиянды»- дей отырып, жалған бақыттың жетегіне енген өз халқына осылайша ескерту жасады. Сонымен бірге темекі сату жұмысын қойдыру мақсатында темекі сатушыларға ауқымды салық салып отырды. Алайда, жоғарыдағыдай игілікті шара өзінің шегіне жетпей қалды. Бұған себеп патшалық Ресейдің басшылығына Петр І-дің келуі еді.

Петр І алдымен өзі Голландияға барып үйреніп келгеннен кейін елде темекі тартуға, оны сатуға ұлықсат берді. Бұл 1697 жыл болатын. Осы патшаның кіргізген жаңалығы мынау болды. Ол темекі сатушыларға салық салып, бұдан мемлекетке кіріс кіргізген. Сонымен бірге Петр патша ағылшын көпестеріне Ресейге темекі тасып әкелуге рұқсат етіп, осы үшін олар мемлекетке өте көп мөлшерде салық төлеп отырды.

Патшалық Ресейде Екатерина ІІ дәуірі кезінде де бұл үрдіс өзінің жақсы жалғасын тапты. Бұл елде ащы, арзан темекі сортын егу қолға алынды. Әйел патша онымен де қоймай 1763 жылы Ресейге бөтен елдің әртүрлі темекісін егу жөнінде көлемді манифест шығарды. Темекі тарту ісі осы елдің әрбір адамының күнделікті бойына сіңген әдетіне айналды, бұл батыстан келеген үлкен мәдениеттіліктің белгісі деп саналды.

Ал енді темекі тарту үрдісі біздің қазақ еліне қашан енді дегенге келетін болсақ, мынаны айтар едік. Ресейдің отаршылдық бұғауында 300 жылдан астам уақыт болғанымызды ескерсек, темекінің таралу тарихы екі елге де бірдей қатысты екеніне көзіміз жетеді.

 

 

Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

 

Балалар өміріндегі жасөсперімдік кезең— бұл ауыспалы кезең бүкіл ағзаның өз қызметін күрт көтерумен, жүйке – психология саласында қайта құру процесімен, жалпы денесінің үлкеюімен сипатталады.

Онда жаңа сұрақтар туындап, жаңа талап-тілек пайда болатын, мінез – құлқының қалыптасатын кезеңі. Ертерек үлкендерге ұқсағысы келеді.

Кейбір жасөспірім темекі шеге бастайды. Темекі шегу денсаулығына кесір келтіріп қана қоймай, ол үйреншікті әдетке айналады, мораль, адамгершілік  тұрғысынан зиян шектіреді.

Жасөспірім неліктен темекі шеге бастайды? Жасөспірімнің түсінігі бойынша : ол—ерліктің, сенімділіктің, есеюдің көрінісі, соншалықты рахаттанбаса да, ересек болып көрінгісі келіп, темекі шегуді бастайды.

Темекі шегетін оның тәртібіне үлкен әсер етеді, өз-өзіне деген сенімін азайтады, әлі де бала деп, үйірге кіруге әлі ерте, мамасының баласы ғой деп санайтындардан жасөспірімдерді ажырата алады.

Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады, ата-аналарының, достарының айтқан кеңестерін тыңдамайды.Темекі шегу өмірлік маңызды жүйе мен ағза органдары қызметін нашарлатады, әсіресе жас балалардың.Ол баланың – жасөспірімнің жалпы дамуын тежейді, олардың өсіп – ұлғаюын тоқтатады. Балалардың сабақ үлгерімі төмендейді, нәтижесінде зер салуы жане есте сақтау қабілеті тым нашарлап кетеді. Темекі шегу зиянды. Темекі құрамында никотин уы болады. Темекі түтінінде зияндық келтіретін басқа да көптеген химиялық заттар бар. Жасөспірімдік  шақта қыздар өздеріне басқалардың назарын аударғысы келіп, көз тартатын тартымды болуға ұмтылады. Әдемі, сұлу, жақсы болып көріну үшін үстіне киген киімдеріне өзгеше үлгі таңдайды, жарасты етіп шаштарын түзейді. Сонда да қыздар темекі шегеді және оны өздерінше сән көреді.Бәзбіреулері сигаретамен тым кербезденіп, бүгінгі күннің қыздары болғысы келеді. Өкінішке орай, олар мұндай «сәнқойлықтың» өте қымбатқа түсетінін аңғармайды да: біраз уақыттан соң сигарета оларды ұсқынсыз, көз тартпайтын күйге әкеледі.

Темекі шегетін қыздың беті ескірген,ерте әжім түсіреді, даусы ашық емес, гүрілдеген, қырылдаған; аузынан шыққан жаман иіс әжептеуір жерден-ақ сезіледі, тістері сарғайып, түсін жоғалтады және бұзылады, қыз зорға дегенде көзге ілініп-шалынып тұрады. Кейбіреулер сигарет қызды сымбаттандырып, құлпыртып жібереді деп қателеседі. Керісінше, сигарет  қызды тұрпайы, жағымсыз етіп жібереді.Темекі шегуді бастамай тұрып, әр қызға жақсылап тұрып ойлану қажет.Темекі шегіп үйрену жеңіл, ал одан бас тарту, әдеттен арылу-қиынның қиыны.Өмірде темекіні мүлдем тартуға болмайтын сәттер болады емес пе?

Қыз қайта жанұя мүшелерінің, басқа адамдардың, мектептегі құрбыларының темекі шегуіне кедергі жасап, үлкен пайда тигізе алады.Ол үшін ең алдымен оларға өзі үлгі болуы қажет.

 

Темекіден болатын аурулар.

Темекінің адам ағзасына зиянды әсері

Шылым шегу – денсаулыққа елеулі зиян келтіретін жағымсыз әдеттердің бірі. Шылым шеккен кезде ағзаға улы және зиянды заттардың өте көп мөлшері енеді.

Бүгінгі күні бұл заттардың 1200-ден астам түрі белгілі. Олардың 200-і ағза үшін өте зиянды. Темекінің қауіпті уларына никотин, шайыр, улы газ жатады. Ағза никотинге әдеттенеді де, уланады. Темекі шайыры темекі жапырағы жанған кезде пайда болады. Тәулігіне темекі шегуінің өкпесінде көп мөлшерде шайыр жиналады. Улы газ оттегінің орнын алып, ағзаны уландырады.

Шылым тарту әр жаста да қауіпті. Әсіресе, балалар үшін өте зиян. Темекідегі улы заттар олардың бойының өсуін және дамуын төмендетеді, өкпе ауруына шалдықтырады. Міне сондықтан да кішкене күнінен шылым шеккендердің бойы өспейді, тез шаршайды, нашар оқиды. Бұл балалардың есте сақтауы нашарлайды, көру қабілеті төмендейді. Шылым шегетін адамдардың өкпесі, асқазаны, қан тамырлары көп зардап шегеді. Оттегі жетіспегендіктен, ағзаның жұмысы нашарлайды. Ол жүрекке, өкпеге, бүйрекке, бауырға әсер етеді. Қатты бас ауру пайда болады. Бұл жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн! Өз денсаулығыңды сақтап қалу үшін ешқашан темекі тартпа.

Темекі де картоп пен памидор пайда болған өсімдік тұқымдарынан келіп шыққан. Картоп – нәрі, жұғымы мол дәмді азық, памидор да солай. Ал мына темекі болса – адамға зиянды нәрсе.

Сигарет пен папирос жасалатын темекі жапырағында никотин уы бар. Ол жүректі, миды, өкпені уландырады. Сондықтан да, шылым шегетіндер шылым шекпейтін адамдарға қарағанда жиі ауырады. Мысалы, олар бронхит және басқа тыныс жолдары ауруларымен он бес есе жиі ауырады екен.

Темекі тарту басқа бір жаман ауруға – ракқа душар етуі де мүмкін. Өңеш, өкпе, асқазан, бауыр ісігі де сол темекі тартатын адамдарда ерекше көп болады.

Әрине, темекі тартатындардың бәрі бірдей қатты ауруға душар бола бермейді. Бірақ бәрінің де денсаулығы бұзылады. Москва армияшылар командасының хоккейшісі Анатолий Фирсовты жұрттың бәрі біледі. Ол европа әлем чемпионаттарында СССР құрама командасында талай рет ойнаған. Оның мүлт кетпейтін күшті соққысынан ең мықты деген қақпашылардың өзі де қатты сескенетін. Сол Толя Фирсов ересек балаларға еліктеп, сегіз жасынан бастап шылым шекті. Сөйтіп ол темекіні он сегіз жасқа дейін, яғни хоккей командасына мүше болғанға дейін тартты. Темекіні тастағандықтан бәрі де жақсы болып тынған сияқты. Бірақ кейін атақты хоккейші егер темекі шекпеген болсам, әлі де бес жыл хоккей ойнай алар едім деп өкінді. Міне, сигареттің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін осыдан да көруге болмай ма?

Темекінің тағы бір зияны организм ондағы никотин уына дағдыланып алып, онсыз тұра алмайтын күйге ұшырайды. Ондай адам темекі тартуды қатты аңсап, өзін шөлдеп немесе ашығып тұрғандай сезінеді. Сондықтан темекіні тастап кету кейде тым қиынға соғады. Ең жақсысы оны ешқашан да тартпау, ауызға алмау болып табылады.

Темекіден туындайтын ауруларға

келетін болсақ.

  • Ауыз қуысы обыры.
  • Жүйке, ми, көз ауруы.
  • Бронхит – астма.
  • Асқазан обыры.
  • Өкпе обыры.
  • Жүректің шіруі.
  • Қан азаю немесе қан қысымын 20-25 % көтереді.
  • Ұмытшақ, ашуланшақ, ақыл-ойы кем болады.
  • Ерте қартаяды.

 

 

 

Темекімен күрес.

Адам  темекіден бас тартқысы келсе, ол төменде берілген

мына  кеңесті  жадында ұстауы қажет:

1.Беліңді бу.Темекіден бас тарту ниеті пайда болатын кез келген себепті тап: өзіңді өзің қадірлеу, бүгінгі және келешектегі денсаулығыңа қамқорлық жасау, сенің зиянды әдетіңнің қасіретін тартатын сүйікті адамдарыңа қамқорлық жасау, өзіңнің және қоғамның алдында өзіңді дене және мораль тұрғысында таза ұста.

2.Темекіні тастайтын күніңнің мерзімін анықта және соны ұстан.

Созба: неғұрлым тезірек болса, соғұрлым жақсы болады.

3.Әдеттен арылу үшін барлық шараны қолдан.Үйіңдегі барлық темекіні сындырып, үстіне су құй. Темекі сасыған киімдеріңді киім тазарту пунктіне тапсыр немесе жақсылап жу. Жаңа өмір баста,өзіңді жаңарғандай сезін!

4.Никотинге деген әдеттен толық арылғанша, темекі түтіні будақтаған жерлерден және темекі шегетін достарыңнан аулақ бол. Темекі шегуге болмайтын орындарға бар.

5.Темекіге жұмсайтын ақшаңды бөлек қой, бір айдан соң оларды сана! Өзіңе қажет деген затты сатып ал. Немесе сенің жемісіңе қуана алатын сүйікті адамыңа сыйлық сатып ал.

6.Темекіге қолыңды созар кезде өзіңді және қолыңды бос қалдырма.Темекі шеккің келіп бара жатса, сағыз шайна (никотині жоқ) немесе қышқыл кәмпит сор.Тамақтан соң темекінің орнын тісіңді тазартумен алмастыр. Серуенге шық, хат жаз, бақшада жұмыс істе, жақсы көретін ісіңмен шұғылдан.

7.Қысылған немесе шарасыздық сәтінде терең және ақырын дем ал. Темекіні алудың орнына су іш немесе жеміс шырынын сімір. Сұйық ағзаны тартады.

8.Өз мүмкіндігінше жаттығулар жаса. Қалай жаттығу үшін алдымен дәрігермен кеңес. Сені денсаулығыңның жақсарғаны қуантады.

9.Ешқандай жағдайда да ішімдік ішпе. Ішімдік пен сигарет «қатар жүреді», ішімдік темекі тартуға итермелейді. Мұндай болатын жерге жолама. Сигарет жарнамасына салқын қандылық таныт.

10.Денсаулығың мықты болсын десең, сырттан күтпе, өзің қамдан!

Көптеген жасөспірімдер денсаулыққа темекінің тигізетін зиянының алыста, мүмкін, оның кесапаты оларға тимейтін де шығар деп санайды. Бірақ бұл үлкен қателік.

 

 

 

 

 

Қорытынды

– Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин жүйке жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

  1. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз., жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.

Әр баланың өсіп-дамуы әркелкі болғандықтан, белгілі бір жасты көрсетуге болмайды. Көптеген сарапшылардың байқауынша, балалары есейіп, темекі шегіп көрген кезде ғана ата-аналар осы тақырыпта сөз қозғайды екен.

Осыған байланысты әңгімені ерте кезден, яғни жасөспірім жастан бастау тиімді. Және де “ештен кеш жақсы” деген сөздің де дұрыстығын естеріңізге саламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Н. Назарбаев «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.
  2. «Үлгілі елдің ұл-қыздары».
  3. «Мен адаммын» жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.
  4. Ғаламтордан алынған суреттер. [Yandex, google].
  5. «Болашақты таңдай отырып…» журналы. Қарағанды – 2004.

 

 

About admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика