Термодинамикалық параматерлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері. Идеал газ. МКТ негізгі теңдеулері.

Актаева Роза Тилегеновна

Сабақ тақырыбы: § 4.4. Термодинамикалық параматерлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері. § 4.5. Идеал газ. МКТ негізгі теңдеулері.

Сабақ мақсаты:
• Оқушыларға макроскоптық денелер, температура, термометрлер,температуралық шкалалар туралы түсінік беру. Оқушыларға идеал газ, МКТ негізгі теңдеуі, энергетикалық температура, Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы, молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинеткиалық энергиясының жүйе температурасымен байланысы туралы түсінік беру «Идеал газ. МКТ негізгі теңдеуі» тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету
• Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
• Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Зат молекулаларының өзара әрекеттесуінің сипаты қандай?
2. Молекулалар арасындағы тартылыс күштері мен тебілу күштері қашықтыққа тәуелді қалай өзгереді?
3. «Потенциалдық шұңқыр» деп нені түсінесіңдер?
4. Зат молекулаларының арасындағы өзара әрекеттесу күштерінің қорытқы күші олардың ара қашықтығына тәуелді екенін қалай түсіндіруге болады?
5. Заттың күйлерінің МКТ негізіндегі сипаттамасын беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Термодинамикалық параметрлер деп макродененің күйін сиптаттайтын физикалық шаманы айтады.
Термодинамиклаық процесс дегеніміз –қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.
Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе-теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады.
Денелердің температурасын өлшеуге пайдаланылатын заттарды термометрлік денелер деп атайды.
Температуралық шкалалар:
1. Фаренгейт шкаласы.
2. Реомюр шкаласы.
3. Цельсий шкаласы.
Абсолют температуралар шкаласы.
Абсолют тік температура Цельсий шкаласы бойынша температурамен мынадай байланыста болады:

Термометрлердің негізгі түрлері:
1. Спирттік немесе сынаптық.
2. Газдық.
3. Электрлік.
4. Пирометрлер.
Температураны макроденелердегі молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі деп санауға болады.
.

Идеал газ дегеніміз – молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ болып табылады.
Макродененің күйі мен ондағы микробөлшектердің қасиеттерінің арасындағы газдың өзі тұрған ыдыстың қабырғаларына түсіретін орташа қысымын есептеу арқылы тағайындаған тиімді.

МКТ негізгі теңдеуі

Бұл теңдеу:
1. Макро және микродүниелерді байланыстырып тұрады.
2. Тәжірибе арқылы алынған барлық газ заңдарын теориялық жолмен алуға мүмкіндік береді.
3. Микроәлемде өтіп жатқан процестер жайлы ақпарат береді.
Негізіг теңдеуді былай да жазуға болады:

Осыдан газ қысымының бірлік көлемдегі молекулалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына, яғни кинетикалық энгергияның тығыздығына пропорционал екені шығады.

МКТ негізгі теңдеуінің тағы бір түрін алу үшін жүргізілген тәжірибе.

–Больцман тұрақтысы.
Больцман тұрақтысы энергетикалық температураны Кельвинмен өлшенетін абсолют температурамен байланыстырады.

Газ молекулаларының хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы абсолют температураға пропорционал.

Бірдей температура мен қысым кезінде газдың тең көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей .

1. Макроскоптық дене дегеніміз не?
2. Макроскоптық параметрлер дегеніміз не?
3. Температураның физикалық мағынасы қандай?
4. Қандай күй жылулық тепе-теңдік деп аталады?
5 Идеал газ деген не?
6МКТ негізгі теңдеуі қанадй?
7Больцман тұрақтысы неше тең?
8Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?
ІІІ. Есептер шығару.
А.П.Рымкевич. Физика есептер жинағынан:
№465.
№466.
№467.
№468.
№469.
№473
V. Үйге тапсырма: §4.4. Термодинамикалық параматерлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері. §4.5. 8-жаттығу. №1, №10, №11, №1.
Физика есептер жинағынан: №470,№471,№472.
VI.Қорытындылау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *