Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Бірлік ауылы

№102 орта мектеп

Қожабергенова Мөлдір

 

Сабақтың тақырыбы:   Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

Сабақтың мақсаты: 

                Білімділігі:  Мәтінмен берілген есептерді бір айнымалысы бар  теңдеу

құру арқылы  есептер шығара білуге үйрете отырып, дағды

қалыптастыру.

   Дамытушылығы:   Өздігінен есептеу, ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге

қызығушылығын танымдық белсенділіктерін дамыту.

           Тәрбиелілігі:   Мәдениеттілікке,  сауатты жазуға, ізденімпаздық пен

шапшаңдыққа тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.

Түрі:                                                  Бекіту сабағы

Әдісі:                                                 Деңгейлеп саралап оқыту.

Көрнекілігі:                                     Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар

Сабақтың құрылымы:     Сабақ төрт деңгейлік бөлімінен тұрады

  1. Оқушылық деңгей (Сұрақтар)
  2. Алгоритмдік деңгей (Есептер)
  3. Эвристикалық деңгей (Ойын)
  4. Шығармашылық деңгей
  5. Қорытынды.
  6. Үйге тапсырма

І.  Ұйымдастыру:               Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№ 880

1- сан  – 4,5x 

2- сан  – х

4,5х – 54= x+72

4,5x – x=72+54

3,5x  = 126

x=126: 3,5

x=36,                    4,5*36=162

Жауабы:  1-сан  – 162,  2-сан –  36

 

ІІІ. Негізгі бөлім

І саты  «Міндетті оқушылық» саты (Ауызша сурақтар)

  1. ax=b түріндегі теңдеу қалай аталады?
  2. Мәндес теңдеулер дегеніміз не?
  3. Бос жиын дегеніміз не?

ІІ саты  «Алгоритмдік саты»

«А» -тобы

№ 883

Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 2 есе артық,  ал екі қорапта  барлығы 48 дәптер бар. Бірінші қорапта қанша дәптер болған?

2х +x=48

3x =48

x = 48:3

x=16

x=16*2=32,                   

Жауабы:  бірінші қорапта 32 дәптер болған.

№ 885

Аулада 16 үйрек және балапандар жүр. Егер үйрек саны балапандар санынан 3 есе кем болса, онда аулада  қанша балапан бар?

Үйрек – х

Балапан – 3х

х+3х=16

4х=16

х=16:4

x=4

3x=3*4=12

Жауабы:  12 балапан бар

   «В» -тобы

№ 894

Бірінші бидонда екіншіге қарағанда  3 есе артық сүт бар. Бірінші бидоннан алып екіншіге 20 л сүт құйса, онда бидондардағы сүт мөлшері бірдей болады. Әрбір бидонда қанша сүт болған?

1-бидонда – 3х

2-бидонда –  х

3х – 20 =x+20

3x-x=20+20

2x=40

x=40:2

x=20

Жауабы:  1-бидонда   3*20=60 л,  2-бидонда 20 л сүт бар.

     № 898

Үш санның қосындысының мәні 94-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 18-ге кем, ал үшінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.

1-сан:  х-18

2-сан:  х

3-сан:  х+4

х+(х-18)+(х+4)=94

x+x-18+x+4=94

3x-14=94

3x=94+14

3x=108

x=108:3

x=36

1-сан:  х-18=36-18=18

2-сан:  х=36

3-сан:  х+4=36+4=40

Жауабы: 18, 36, 40

ІІІ саты  « Эвристикалық  саты ».

 

 

 

«Жаңғалақтың қатесін тап»   ойыны. Есептерді шығарып, қатесін табу керек.

№1 Суреттегі таразының сол жақ табақшасында 3 дорба ұн, ал оң жақ табақшасында 1 дорба ұн және 4 кг кір тасы салынған.

 

 

Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 дорба ұнның массасы х кг.

Теңдеуді шешіп, 1 дорба ұнның массасын анықтаңдар.

5y+0,5=2y+2 150 г
№2 Суреттегі таразының сол жақ табақшасына массалары бірдей 5 орамжапырақ  және 500 г кір тасы, ал оң жақ табақшасына 2 орамжапырақ және 2 кг кір тасы салынған.

 

 

Сурет бойынша сызықтық теңдей құрыңдар, мұндағы 1 орамжапырақтың массасы  у кг.

Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықтаңдар.

4x+50=x+500 2 кг
№3 Суретте таразының сол жақ табақшасында 4 бөлек шай және 50 г кір тасы, ал оң жақтабақшасында 1 бөлек шай және 500 г кір тасы кескінделген.

 

 

Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 бөлек шайдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, 1 бөлек шайдың массасын табыңдар.

3x=x+4 0,5 кг

 

 

Дұрыс жауаптары

№1 3x=x+4 2 кг
№2 5y+0,5=2y+2 0,5 кг
№3 4x+50=x+500 150 г

 

ІV саты  « Шығармашылық саты».

№4- тапсырма

Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні  теруге шығарманың 25%-і қалды. Шығарма неше бет болған?

Шарты:   Шығарма – х бет

1-күні:

2-күні:     21 бет

3-күні:

 

-7x=-420

x=420:7

x=60

Жауабы:  Шығарма  60 бет

Сабақты қорытындылау:  Бір айнымалысы бар теңдеу дегеніміз не?

Мәндес теңдеу дегеніміз не?

Мәтінмен берілген есепті шығару дегеніміз не?

Үйге тапсырма:  №884, №893

Бағалау. Оқушыларды жинаған жетондары бойынша бағалау .

 

 

 

 

        

 

 

 

 

1 пікір

  1. Спасибо вам очень помогло

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған