Теңіз жағасында жасыл емен…

Маңғыстау облысы. Жанаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы

Сейдакова Айнұр Есенгелдіқызы
Теңіз жағасында жасыл емен…

Бір бар екен, бір  жоқ екен бір ұлан байтақ маңғаз дала бар екен; Даланың бір жағын өркеш – өркеш құмдар басып жатса, бір жағын « бал – бал тастар, қоршап тұр екен, ал бір жағында толқыны көкке тулаған, шағаласы шулаған түсі көк гауһар тастай, кәрі теңіз бар екен. Сол теңіздің жағасында « жалғыз емен» көкке бой түзеп, алыстарға көз салып өсіп тұр екен…
Емен бір күні Теңіздің арғы жағалауына қараса жағалауы көк желекпен көмкерілген, орманы сыңсыған, бұлбұлы сайраған сыңсыған емені ән салған жүзімдері мөлдіреген, жемісі төгілген « Тау халықтары» екен…
Бергі жағалауға қараса көсілген маң дала, егіншілікті біле бермейді екен, халық төрт түлікпен күн көреді екен, «қазақтар» деген ел екен…
Теңіз жағалауында жалғыз емен теңізге жалбарынып жылайды екен…
О, о қасиетті теңіз, жаңбыр болып көтеріліп, маған қайта төгілші, мен жалғызбын, менің төңірегіме тағы да емендер шықса, адамдар күтіп баптаса, теңіз жағалауы жасыл желекке бөленсе, менің ұрпақтарым көбейіп, сыңсыған орманға айналсын – сен көмек берші, Көк теңіз! – деп жалғыз өзі жалбарынады екен…
Көк теңіз оған « ия» дегендей толқындармен су моншақтарын шашып – шашып жіберіп, кейін шегініп кете береді екен…
Арадан жылдар өтіпті, аз емес жетпіс  жыл сол емен жағалауда жалғыз өмір сүріпті.
Бір күні теңіз жағалаудағы елден өзгеше көңіл күй естіліпті, теңіздің ұққаны
« еркіндік», « тәуелсіздік» — деген сөздерді естіпті.
Халық қуанғанда көк теңіз де « жалғыз емен» де бірге қуаныпты.
Көп ұзамай әлгі «Тәуелсіз ел» өзгеріп сала беріпті. Халықтың әл- аухаты жақсарып, теңіздің жағасындағы «Аппақ тастардан» қалаған зәулім қала адам танымастай өзгеріпті.
Көкті тіреген зәулім үйлер, жасыл желекке бөленген көшелер, қаланың жағасын көмкерген көк теңіз қуанғаннан толқындары бірін – бірі қуалап ойнай бастапты!
Теңіз жағалауы бұрын босаған ыдыс, желбіреген қағаз, тамақ қалдықтары, сынған шөлмектерден аяқ алып жүре алмайтын болатын, көк теңіз ашуланып, өзінің асау толқындарымен қанша шайып тазалайын десе де қолынан келмейтін…
Ал қазір ше, теңіз жағалауы тап – таза, демалыс орындары, жайқалған талдар, жайнаған гүлдер, Сарғалдақтар мен Қызғалдақтар, оған қоса сән берген аққуларды айтсаңшы.
Кәрі теңіз жасарып, жаңарып кетіпті!
Теңіздің жағалауындағы жалғыз емен бұл күнде «Кендірлі» аталатын демалыс – сауықтыру орталығына айналыпты, кәрі еменнің армандаған жасыл желектері бала емендері көкке бой түзей бастапты!
Кәрі теңіз бір күні еменнен:
О, көктен де биік емен! Сен өте биіктен барлық   нәрсені бақылап тұрасың, мынадай ғажайып жаңалықтар қалайша болып жатыр?
Сен не көрдің, не білдің айтсаңшы?- деп сұрапты. Мен қанша үлкен болғанмен жер бетінен биік емеспін, ол сен өте биіксің ғой – деп жалыныпты
Менің көргенім мен білгенім көп деп жапырақтарын шуылдатып, кәрі емен әңгімесін бастап кетіпті.
Бұл ел бұрын басқа бір елдің «боданы» болатын. Бір күндері бұл елде де еркіндіктің ақ таңы арайланып атты! Ел өзінің байлығына қазынасына өзі ие болды.
Ел еркіндіктің «желісін» көре бастады! Әсем қалалар, зәулім мектептер салынды. Қала көшелері Сарғалдақ пен Қызғалдақтарға оранып, жасыл желекке бөлінеді.Осының бәрін қалпына келтіріп жүрген бір « Елсұлтан» деген бір «батыр» шығыпты, ол « Қанатты тұлпарына» мініп,бүкіл халқын айналып жүреді екен. Қай жерде халқына қажет іс болса, бәрін – бәрін жақсартады екен, Осы жылы ең кереметі осы елдің қай бұрышына барғың келсе де, зымырап жететін « Жібек жолы» — тас жолдарын – салып тастапты. Енді сен тұрған қиыр шет түбекке де, көкініс ектіріп, халықты бау – бақшамен толық тәминдепті! Балалар тәтті қауын – қарбыздарды жеп, мәз болыпты! Шөл далаға сансыз өзгерістер бола бастапты! Жер астынан « Қара алтын» атқыласа, жер бетінде төрт түліктің аппақ сүті мен еті халыққа молынан жете бастапты.
« Елсұлтан» болса, темір жол, тас жолдарды салдырып, үлкен көрегендік іс етіпті. Енді екеуміз тұрған теңіз жағалауына да көңіл бөліп,бізге « шет елден» қонақтар келіп дем алатындай әсем қалашықтарды көбейтеміз, туристер келетін демалыс орындарын теңіз жағалауынан « Емендер қалашығын» жасаймыз — деп жатыр кәрі емен мақтаныштан бір жайқалып тербеліп қойыпты!
Мен қазір көріп тұрмын Елсұлтан елін жарқын болашаққа жетелеп бара жатыр, астында
« Қанатты тұлпары» қолында – Көк туы бар – деп тағы бір жайқалып тербеледі!!!
— Мен қазір жалғыз емеспін – деп кәрі емен тағы да өз қуанышын жеткізе бастады, қарашы мынау өсіп көкке құлашын жая- жая бастаған « жасыл ел» менің ұрпақтарым, Айтпақшы саған бір қызық айтайын… Сонау алыстан мен сияқты бір « Бәйтерек» көрінеді бірақ оның бұтақтары күмістен, төбесінде « Алтын күнді» қондырып алған, неткен биік бәйтерек! – деп тамсанып қойды – кәрі емен!
— Айтшы тағы не көрініп тұр? – деп кәрі теңіз кәрі еменнің аяғына жығылғандай толқындармен еменнің түбірін сабалай бастапты.
— О,о, досым! Сол « Бәйтеректің» төңірегінде ертегідегідей ғажайып бір қала салып тастапты. Ол қаланың орнын Елсұлтан өзі таңдап, алғашқы іргетасын өзі қалап, өзі армандаған жоспармен салдырыпты қаланы « Астана» — деп атапты! Керемет ертегідегідей! – деп кәрі емен тербеліп, тербеліп қойыпты!
— Олай болса: Мен де қарап қалмаспын кәрі теңіз сөйлей бастапты: менің де халыққа көп пайдам тиеді, менің үстімнен « Алтын көпір» салынып Құрық деген жерден дүниенің төрт бұрышы арқылы сауда жасалады, оның игілігін халқым көреді!
Құнды балықтарымды « алтын балықтарымды» әлем елдері сатып алады, әйтеуір мен де елге пайдамды тигіземін – деп кәрі теңіз толқындарын тулатып, шағаласын шулатып, аққуларын тербетіп толқып – толқып тербетіліпті.
Кәрі емен болса – « Мәңгілік ел» атанған еліне қарап, ұлан байтақ жеріне қарап, өзін бақытты тіршілік иесіне балап желмен бірге тербеліп,  жапырақтары шуылдап, бір әсем әнді күбірлеп, айта бастапты:
Тұрағым – көк теңіз жағасында,
Көк пенен көк теңіздің арасында
Тамырым тереңде, тұғырым – биікте
Жайқалып өсемін жағалауда!
Еменмін, еменмін, мен көпті көрген
Бір кезде өскенмін, тек арманменен
Бұтағым қаншама рет, кесілгенде
Сан рет шөлден сусап, иілгенмін
Бұл күнді еркіндік таңдарым қарсы алып,
Құстарды оятып, сызылтып ән салып!
Жағалау, « Кендірлі», көк желек мекені
Келіңдер, демалып, қараңдар тамсанып – деп кәрі емен Теңіз Каспийге еркелеп тербеліп тұра беріпті, тұра беріпті.
Ел жаңарғасын теңіз жағалауы да бірге жаңарыпты! Әдемі демалыс орындары тек жазда емес, қысы – жазы жыл бойына «демалушыларға» толыпты…
«Кендірлі», « Шағала» сынды демалыс орындары теңіз жағалауын Жасыл желекке, жасыл еменге толтырыпты…
Ел жаңарған, жағалауда бәрі де
Жағалауда – балалар да кәрі де…
Бүлдіршіндер – мәңгілік ел ұрпағы,
Апта сайын келеді көк теңізге
Емендер тұр – жапырағымен сыр айтып,
Сыбдырлайды, ән салады жыр айтып
Көк  туым тұр, заңғар көкте желбіреп,
Көшбасшым тұр – болашаққа сеніммен
Бара жатыр халқын ертіп жол тартып…
Ертегі де ел арманы, мақсаты,
Көрінеді, — оқысаңдар, ұғасың!
Бейбіт өмір – бәрің үшін шын «Бақыт»
Ертегінің жасырынған сыры бар!
Кел балалар мұны тезден ұғыңдар!
Емен болып жағалауда тік тұрған
Жүректегі орындалмас армандар
Қазағымның ақ арманы емен боп
Еліміздің еркіндігін күткен көп
Сол армандар орындалды бүгінде
Ал теңізім – бейнесінде «Халық» — деп
Халық – теңіз, емен – халық арманы
Бәйтерегім – қия шыңға қарайды
Мәңгілік ел – қазақ елі –мәңгілік!
Болашаққа « нық қадаммен» барады!
Ертегіміз – аяқталмас, жалғасар.
Жалғастырар сендерсіңдер балалар…

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *