Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету

 « Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету » тақырыбы бойынша ІІ деңгей тыңдаушысы Жандилдаева Жумагүл Төлепбайқызының қысқа мерзімді

коучинг  жоспары

Қараганды обл Жезказган қаласы №1орта  мектеп бастауыш сынып мұғалімі.

2014ж.сәуір айы.

2апта

3-күн

Сабақ тақырыбы:

Топтық жұмысты ұйымдастыру  әдістемесі

Жалпы мақсат:

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.  Шағын топтағы жұмыс моделін құру.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  83-85

  2. L2W1D1_S1

Оқу нәтижесі

Тапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі. Тиімді топтық қарым-қатынасқа түсуі.

Түйінді идеялар:

Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг

АКТ

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

5. Рөлдік ойындар

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация, рөлдік ойын

Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(5 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1 мин

2 мин

2 мин

«Суретпен байланысты тілек» тренингін ұйымдастыру.

  1. Шеңбер жасату, амандасу.

  2. Стикерлерге салынған әр түрлі суреттерді ұсыну.

  3. Суретті не үшін таңдағанын білу.

  4. Суретпен байланысты айтқан тілектерін тыңдау.

Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады да бір-бірімен қол алысып амандасады. Үстел үстіндегі стикерлерге салынған әр түрлі суретті таңдайды, ол суретті не үшін таңдағанын айтып береді. Сол суреттерге байланысты бір-біріне тілек айтады.

І тапсырма

(8 мин)

1 мин

  1. Шағын топқа бөлу.

Жеміс таңдату арқылы шағын екі топқа бөлу. (Құрма және алмұрт жемісі әкелінеді)

  1. Жемісті таңдау арқылы

екі топқа бөлінеді.

1 мин

2 мин

Таныстыруға әр топқа

2 мин

  1. Шағын топтарға стикер таратылады. Стикерге өздерінің көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады.

  2. Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.

  3. Шағын топтарға топ ережесін құру және   флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.

Топтың әрбір мүшесі өз көңіл-күйін смайлик арқылы бенелейді.

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.

ІІ тапсырма

(8 минут)

2 мин

2 мин

Таныстыруға әр топқа

2 мин

Қазақстаннан шығатын  газет-журналдардың атын жылдам жазып шығу.

1.Жеке орындау.

2.Шағын топта орындау

3.Жұмысымен таныстыру.

Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына Қазақстаннан шығатын газет-журнал атын әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта талқылап, бірлесе жазып шығады.

Бірлесе орындаған жұмыстарымен таныстырады.

ІІІ тапсырма

(16 мин)

5 мин

Қорғауға әр топқа 2мин

2 мин

2 мин

3 мин

  1. Топтық жұмыс:

Егер мектептен газет шығатын болса, ол қандай болуы керек? Газет атын қалай қояр едіңіздер?

Әр топқа өз ойын флипчартқа жазу немесе постер арқылы бейнелеу тапсырылады.

  1. Қорғау

  1. Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.

Жұмыстарын өзара бағалау.

Сергіту сәтін өткізу. Проигрыватель Windows Media «Макарено» биі

Әр топ «Мектеп газеті» туралы өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына бйланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын  «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды.

Интерактивті тақтадан көрсетілген «Макарено» биіне  билейді.

ІV тапсырма

( 15мин)

 5 мин

Рөлге түсу әр топқа 5 мин

Рөлдік ойын.

«Редактор, мұғалім және оқушы» тақырыбында сценарий құрастыру және рөлге түсу.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Жауапкершілікті сезіну.

Берілген тақырып бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі.

V. Қорытындылау

(5 мин)

«Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру» дегеніміз не? Флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау.

Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз  жазып, идеяларын қорғайды.

VІ. Ақпарлама.

(5 мин)

Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

VІІ. Рефлексия

(3 мин )

Бастапқыда өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады.

  1. Саусақ арқылы білдіру

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын  смайлик арқылы бейнелейді не жазады.

«жоғары» «орта» «төмен» белгісімен  түсінген,түсінбеген, белгілерін көрсету.

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *