Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек сайыс

  Сабақтың тақырыбы:  Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек сайыс

Сабақтың мақсаты:  Алған білімдерін тексеру.

   Білімділік мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін арттыру.

   Тәрбиелік мақсаты:  Еңбекке баулу, жауапкершілікке мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

    Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ауызша, жазбаша есептеу қабілеттерін ашу, дамыту.

Көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар, жазулар, цифрлар т.б.

Сабақтың түрі: Ертегі, сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:

Балалар, бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

« Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек » атты ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

Жүргізуші:  Баяғы өткен заманда ғылым деген кең дүниенің математика деп аталатын әулетінде арифметика атты  патша өмір сүрген екен. Патша өзінің балаларының атын біріне-бірін ұйқастырып қойыпты.

Бірлік:

Екілік:

Кел балалар санайық,

Бірге бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Екі деп енді атайық.

Үштік:

Кел балалар санайық,

Екіге бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Үш деп енді атайық.

Төрттік:

Кел балалар санайық,

Үшке бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Төрт  деп енді атайық.

Бестік:

Кел балалар санайық,

Төртке бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Бес деп енді атайық.

Алтылық:

Кел балалар санайық,

Беске бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Алты  деп енді атайық.

Жетілік:

Кел балалар санайық,

Алтыға бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Жеті деп енді атайық.

Сегіздік:

Кел балалар санайық,

Жетіге  бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Сегіз деп енді атайық.

Тоғыздық:

Кел балалар санайық,

Сегізге бірді қосайық

Жаңа шыққан санды біз

Тоғыз деп енді атайық.

Бірлік, Екілік, Үштік, Төрттік, Бестік, Алтылық, Жетілік, Сегіздік, Тоғыздық-деп ат қойыпты.

Ал кенже баласын  ноль деп атапты.

Тоғыздық: Сен нольсің латынша сені « түк емес» дейді.

Шешесі:  Еркелетіп балам сені цифр деп атаймын.

Тоғыздық: нольдің шешеміздің еркелетіп атайтын әлгі әдемі атын, ортақ етіп алайық алдап-сұлап.

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

Жүргізуші:  Осы түрде жазылып жүрген таңбалардың цифрлар деп аталуы осылай шыққан екен.

Ноль: Цифр деген атымнан да ажырап қалдым.

Жүргізуші: Патша күндердің күнінде.

Патша: Хатшы! Жаз! «Сандарды нольге бөлуге болмайды» деген үкім шығарам.

Хатшы:  Халыққа жар салады.

Ноль: Қой мен сандарға көбеюді немесе бөлінуді ойластырайын.

Екі:   Әке ноль көбеюді, бөлінуді ойластырып жатыр.

Патша: Қаһарға мініп ашуланып. Хатшы! Жаз! « Ноль санға бөлінсе де көбейсе де ноль болады.

Жүргізуші: Сөйтіп ноль сандарға бөлінсе де көбейсе де баяғы ноль күйінде қалып қойыпты.

Біздің күні бүгінге дейін 0:а=06 0*а=0 деп жазып жүргеніміздің  себебі де осы болса керек.

Патша:  Балаларым цифр деген атқа ие болыңдар, сендердің атқаратын қызметтерің сан жасау, сан құрау екені баршаға мәлім.  25, 105, 40, 30, 801.

Ноль: Мені бұл қызметте де шетке итеріп тастады. Қай жерде бос орын болса сол жерге қыстырып әбден мазамды алды.

Ақ сиса, қызыл сиса сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса,

Зорлықшыл тоғыз ағам атымды алып,

Ноль болдым секілденіп жаяу мұса.

Ақ сиса, қызыл сиса сиса,

Жаңадан бір сан туса маған ұқса

Жиналып сан атаулы нольсің дейді

Көрер ем мен нольдікті күнің туса.

Жүргізуші:  Қымбатты білімді жас өрендер!

Арифметика патшасымен және оның цифрлар деп атаулы он баласымен жүздестіңдер.

Патша: Хатшы! Жаз! Балаларым арасында білім сайысын өткізем. Балаларымның білім сайысын бағалайтын әділ-қазылар сайлансын.

Хатшы: Уа халайық жар саламын. Патша балаларының арасында жарыс өткізеді.

Жүргізуші: Ендігі кезекті Арифметика патшасыны» қазынасынан кім көбірек енші алады деген ниетпен

Шақырамыз келіңдер сайысуға

Күш өнер білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Ал кәне кім жеңеді сайысуда.

Хатшы: Сайыста сендерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер  белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгеден тезірек ойланып жауап берулерің керек.

Әділ-қазылар алқасын сайлау:

Дана деп сізді, пана деп сізді ұғамын

Бар игілікті бойыңыздан табамын

Мектеп үшін тұра тұғын намыстан

Әлімқұлова Сәуле апайды ұсынам.

 

Информатика атты пән

Бұл ғасырдың талабы

Компьютерді білуді

Оқу-білім алуды

Компьютерден шуақ шашатын

Дәркенбаева Күлдария апайды ұсынам.

 

Математика үні естілген көздерінен

Есте қалар көңілді көздерімен

Оқушыны баулыған тәрбиеге

Рақышева Толқын апайды ұсынамын.

Хатшы: Сайысымыздың жоспары:

  1. Мақал-мәтелдер сайысы
  2. «Кім жылдам» ойыны
  3. «Жаңылмаймын» ойын.

Мақал-мәтелдер сайысы

Шебер болса тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал-мәтел үйреніп

Тілімізді шыңдайық.

  1. Екі жақсы қос болмас, екі жаман дос болмас
  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
  4. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
  5. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  6. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
  7. Бір тал кессең он тал ек.
  8. Жүз сомың болғанша жүз досың болсын.
  9. Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
  10. «Кім жылдам» ойыны

Тапқыр болсаң тауып көр

Жүйрік болсаң шауып көр

Ойлы болсаң озып көр.

Тапсырмалар.

  • санының бөлгіштері:

2.11 санының бөлгіштері:

  1. Жұп цифрлар бір қадам алға.
  2. Тақ цифрлар бір қадам атрқа.

5.2ге, 5ке, 10ға бөлінетін сандарды атаңдар.

  1. Жаңылмаймын ойыны:

Оның бір шарты бар: 3 санын және 3ке бөлінетін сандарды сендер айтпауларың керек, сонымен қатар құрамында 3 бар сандарды да айтпауларың керек. Олардың орнына

« жаңылмаймын» сөзді айту керек. Мысалы: 1,2 жаңылмаймын.

Осымен жарысымыз аяқталды. Әділ-қазылар алқасына сөз береміз


[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *