Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі. Көлемнің өлшем бірліктері.

kvШығыc Қазақстан облысы

Үржар ауданы,     Науалы ауылы

Науалы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Сулейменова Бахытгуль Абылхаковна

Тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі.  Көлемнің өлшем бірліктері.            

Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.

Сабақтың түрі:  аралас    Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі:  қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

                                          Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау:  Ауызша жұмыс.  Зейінділік ойыны:

  • «Компьютер»  дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.

7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000

8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100

  • Көркем жазу минуты.

  • 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.

ІҮ. Жаңа сабақ:  1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.

Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.

          Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)

«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.

№ 1(ә). Салыстыр.   5 м3  > 5 000 000см3       10 000 см3 > 5 дм3                     5 см3 = 5 000 мм3   т.с.с.

№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

12м3 = 12 000 000см3              8 000 000мм3 = 8 000см3                 12дм3 = 12 000см3    т.с.с.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:  Есеп шығару:

№ 3. Ауызша салыстыру.

№ 4. Топпен жұмыс.  1-топ – № 4(а),  2-топ – № 4 (ә),  3-топ – (б).

1 топ:             V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м3 (көлемі)

                      50м ∙ 10м = 500 м2  (бассейннің түбінің ауданы)

                     50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы)

                     10м ∙ 2м = 20м2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы)

2топ:               V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м3  (бөлменің көлемі)

                       S = 7м ∙ 5м = 35 м3         бөлменің еденінің ауданы.

3 топ.         S = 12м2                  V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м3

                  Һ = 2м

                  В = 3м

                 V= ?

№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.

Ұзындығы

Ені

Ауданы

Периметрі

12см

7см

84см2

38см

16мм

5мм

80мм2

42мм2

35м

20м

700м2

110м

№ 6. Топтық жұмыс.

І топ:       Ш: 958 – (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары)

ІІ топ.      Ш: 78 – ( 15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы )

ІІІ топ.   Ш: 5т =  5 000кг.   5 000 – 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг)( картоп қалды.)

ҮІ. Бекіту.  № 7. Жұптық жұмыс.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

(750 – 50) : (25 ∙ 2) = 14          960 : (45 : 15) = 16           404 : (200 + 2) = 2          т.с.с.

Шығармашылық тапсырма.  № 9. Кезекпен жазып өрнек құру.

23 + 67 + 159 + 41 = 290         23 + 111 + 159 + 7 = 300             23 + 441 + 159 + 267 =890 т.с.с.

ҮІІ. Үйге тапсырма:   № 7.  37- бет.  Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *