Тіршілік. Тірі ағзалардың негізгі жаратылу деңгейі

Атырау облысы.
Құрманғазы ауданы.
Д.Нұрпейісова орта мектебі
 Наурзбаева Мейрамгуль Болатқызы.
Биология пәні мұғалімі
Сабақтың  тақырыбы:  Тіршілік.  Тірі ағзалардың  негізгі жаратылу деңгейі
Сабақтың  мақсаты:Білімділік: Оқушыларға  тіршілік  пен  жер бетіндегі тірі организмдердің  тіршілік  деңгейлері  және  оларға тән құрылымдық  ерекшеліктері  туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың  өз  ойларын жүйелі  түрде  баяндау,   ойлау, есте  сақтау  қаблеттерін  дамыту.
Тәрбиелік: тіршілік ,  тірі организмдердің  тіршілік  деңгейлері  және  оларға тән құрылымдық  ерекшеліктерді  тани білуге,   саналылыққа, сауаттылыққа   тәрбиелеу
Сабақтың  түрі: Аралас  сабақ
Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап,  баяндау,  іздену,  дәлелдеу,  салыстыру.
Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті  тақта, слайдтар , суреттер, сызбалар, тест жұмысы.
Сабақтың  барысы.  I-  Ұйымдастыру  кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. § 1  Қазақстандық ғалымдардың  табыстары.
 
А) «Миға шабуыл» стратегиясы.

Қазақстандық  ғылымдар  биологияның  қай бағыттарын  жетілдіруде?
Өздерің ғылымдағы қандай табыстар  маңызды деп  есептейсің?
Қандай ғалымдарды білесің?
Қазақтың ақбас сиырының авторлары кімдер?
Г.Г. Хитинков  қандай қолтұқым шығаруға енбегін сіңірді?
Ауыл шаруашылық дақылдарының  17 іріктемесін  шығарған кім?
Қазақстанда  вирусологиялық  зерттеулерді алғаш ұйымдастырған кім?
Қазақтың биязы жүнді қойының авторы  кім?
М.Ә.Айтқожин  туралы не біліміз?
Қазақтың арқар меринос қойын шығарған ғалымдар кімдер?

В) Жарнама стратегиясы.   І. Қазақтың ақбас сиыры
                                                  ІІ. Қазақтың биязы жүнді қойы
ІІІ. Қорытындылау:  «Сен маған , мен саған»  ( оқушылар бір біріне сұрақ қояды, мұғалім қорытындылайды)
ІҮ. Жаңа тақырып.   § 2 Тіршілік.  Тірі ағзалардың  негізгі  жаратылу деңгейі
 
Тіршілік дегеніміз – нәруыздық  денелердің  өмір сүру жолы ………
Тіршілік деңгейлері   биологиялық заңдылық.
ТІРШІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІ        молеклалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік, организмдік,  популяциялық-түрлік, биогеоценоздық, биосфералық
Ү. Бекіту тапсырмалары:      А) Деңгейлік тапсырмалар      А, В, С        14 бет.
В)  Элекрондық оқулықпен жумыс.
С)  Кестемен жұмыс.

Реттік саны Тіршілік  деңгейлері Ерекшеліктері
1

2

3

4

5

6

7

8

молекулалық,

жасушалық,

ұлпалық,

мүшелік,

организмдік,

популяциялық-түрлік,

биогеоценоздық,

биосфералық

 

 

С)  Терминдік жұмыс. Популяция,  биогеоценоз,  биосфера.

ҮІ. Үйге тапсырма: .   § 2 Тірі организмдердің  тіршілік деңгейлері
ҮІІ. Бағалау.
 
 
 
 
 
 
 
ІХ  сынып     ж\м б
Сабақтың  тақырыбы:         § 7 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері.
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тіршіліктің жер бетінде қалыптасу кезеңдері , ағзаша, коацерванттар, эукариоттар мен прокариоттар  туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың  өз  ойларын жүйелі  түрде  баяндау,   ойлау, есте  сақтау  қаблеттерін  дамыту.
Тәрбиелік: тіршіліктің жер бетінде қалыптасу кезеңдері , ағзаша, коацерванттар, эукариоттар мен прокариоттар және ағзалық заттардың  абиогендік  синтезі  туралы   білуге,   саналылыққа, сауаттылыққа   тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: Аралас  сабақ
Сабақтың  әдісі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап,  баяндау,  іздену ,  салыстыру.
Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті  тақта, слайдтар , суреттер, сызбалар,
Сабақтың  барысы.  I-  Ұйымдастыру  кезеңі. Рефлекция.
ІІ Үй тпсырмасын тексеру. § 5  Тіршіліктің  пайда болуы туралы осы заманғы  түсініктер.
«Миға шабуыл» стратегиясы 

Жер шарының алғаш құрамында қандай газдар  басым орын алды?
Оттек  атмосферада қандай   қосылыстар түрінде кездесті?
Жер ғаламшарында тіршілік пайда болғанға дейін атмосферада  не болды?
Жер тарихының ең алғашқы кезеңіндегі химиялық  эволюцияның жүру мүмкіндігін
тұжырымдаған кім?
А.И.Опарин тұжырымы неге негізделген?
Американдық СМиллер  және Г. Юрии қай жылы  тәжірибе жасады?

Жер тарихында  алғаш рет не  түзіледі?
Жер бетіндегі алғашқы организмдер  қалай аталады?
Сырты жұқа  су қабықшасынан  тұратын  көп молекулалы жиынтық   қалай аталды?
Электрондық оқулықпен жұмыс. Бейнетаспа қарау. Талдау.
ІІІ. Қорытындылау. «Мен ұсынған даналық» (Оқушылар ой қорытады.)
ІҮ. Жаңа тақырып. § 7 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері.
Ғаламшардың геологиялық өткендері. Тіршілік қалыптасуының бастапқы кезеңдеріндегі жағдайлар. Соңғы ғылыми деректер бойынша Жердің жасы — 4,6 млрд жыл.
Тіршіліктін қалыптасу кезеңдері. 1-кезең. Ағзалық заттардың абиогенді синтезі
Мұхитта май, пептид, көмірсу және өзге ағзалықтар тамшысы болды емес пе, сондықтан А. Опарин дамудың бұл сатысын алғашқы сорпа (бульон) деп атады
2-кезең. Коацервация үдерісі

Жинақталған ағзашалар ұйымаға — коацерваттарга жинала бастады. Ерімейтін майлар қасиеттері және молекулалардың әр түрлі заряды есебінен тосқауылдар калыптаса түсті. Майлардан тұратын тірі зат жарғакшасының калыптасуы арқасында қоршаған ортадан құрылысы және энергетикалық деңгейі бойынша ерекшеленетін болды.
3-кезең. Коацерваттар эволюциясы, тірілік қасиеттердің көрініс беруі.
Коацерваттар мұхиттағы май, нәруыз, көмірсу молекулаларын «сіңіріп», соның әсерінен өсті. Белгілі көлемге жеткен соң бөлініп, еншілес 2 «тамшыға» айналды.
4-кезең. Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы.
А. Опарин жазғандай, «протобионттардан өте қарапайым бактерияларға дейін табиғатта жүріп өткен жолы… амебадан адамға дейін жүріп өткен жолдан тіпті де кем емес». Бұл тіршілік қалыптасуындағы ең сыры белгісіз және күрделі кезең. Жай ғана тірілік қасиеті емес, алғашкы нағыз тірі ағзалар — прокариотты (ядросыз) жасушалар пайда болды.
5-кезең. Эукариоттың, көпжасушалылардың пайда болуы, тірі ағзалардың дүниеге бөлінуі.
Эукариоттың (ядролы жасушалардың) пайда болуын нағыз дәлелдейтін көңілге қонымды теория — эндосимбиоз теориясы. Бұл теория бойынша ірі прокариотты, бәлкім жыртқыш жасуша тым ұсақ бактерияны, мүмкін дианобактерияны жұтып жіберді.
Ү. Бекіту тапсырмалары: А) Деңгейлік тапсырмалар  25 бет.  А,В,С.
В) Терминдермен жұмыс. Алғашқы сорпа,  цианобактериялар,  ағзаш,  коанцерванттар,  эндосимбиоз теориясы, ағзалық заттардың  абиогендік  синтезі  .
С) Графикалық  диктант.
Соңғы ғылыми деректер бойынша Жердің жасы — 4,6 млрд жыл.
Тіршіліктін қалыптасудың 5 кезеңі бар.
Екінші кезеңде жинақталған ағзашалар ұйымаға — коацерваттарга жинала бастады.
Эукариоттың пайда болуын нағыз дәлелдейтін көңілге қонымды теория – витализм  теориясы.
3.      2-кезең. Коацервация үдерісі
5.      4-ші кезең эукариоттың, көпжасушалылардың пайда болуы, тірі ағзалардың дүниеге бөлінуі деп аталады.
Жауабы: 1  2  3  4  5  6
+  +  +  +  —  —
Д) Электрондық оқулықпен жұмыс. Бейнетаспа қарау. Талдау.
ҮІ. Үйге тапсырма: § 7 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері.                                                    

ҮІІ. Бағалау             
 

  •  

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *