Тірі және өлі табиғат.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Тәрбиешісі:

Нургабылова Лариса

Білім беру саласы: Таным.

Оқу іс-әрекеті: Экология  негіздері.

Тақырыбы: Тірі  және  өлі  табиғат.

Мақсаты: Балалардың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру, әдемілікті  көре  білуге, табиғатты  қорғап, аялауға  үйрету. Тірі  және  өлі  табиғаттағы  құбылыстарды  түсіне  білуге  баулу.

Құрал-жабдықтар: Суреттер,слайд,ойын.

Әдіс-тәсілдері: Тыңдату,  түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы “Амандасу рәсімі” «Ақбұлақ» атты бақшаның Әдепті баласы Алдыменен  қонақпен Амандасып  алады. Күннің  көзі  ашылып Көкке  шуақ  шашылып Құтты   қонақ  келіпті Төрімізге  еніпті Амандасу  үлкенге  Тәрбиенің  басы  ғой Ал, кәнекей  бәріміз «Сәлем»  дейік  үлкенге -Сәлеметсіздер ме!           Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталайды.     .
Іздену ұйымдастыру   Қазір  жылдың  қай  мезгілі?Қыс  мезгілінде  неше  ай  бар?Қыс  мезгілінің  айларын  атап  беріңіздерші?Қыс  мезгілінде  қандай  өзгерістер  болады?Балалар, сендер  қай  елде  тұрасыңдар? Қазақстан   елінің  табиғаты  бай  және  ерекше. Оған көз  жеткізгілерің  келсе  теледидарға  назар  аударыңдар. Үнтаспадан   құстардың, жануарлардың, сылдырап  аққан  судың, тербелген  ағаштардың  сыбдыры, желдің  дауысы естіледі.Балалар, сендер   нені   көріп  тұрсыңдар?       Қандай  дыбыстар  естідіңдер?   Бұл  ненің дыбыстары?Қандай  әсер  алдыңдар?Сендердің  көңіл – күйлерің  қалай? Балалар, табиғат  деген  не?    Бізді  қоршаған  адам  қолымен  жасалмағанның  бәрі – табиғат. Табиғаттың  өзі  екіге  бөлінеді. –  тірі  табиғат    -өлі  табиғат  Тірі  табиғатқа   адамдар,  өсімдіктер, жануарлар, құстар  жатады. Олар  тыныс  алады, қоректенеді, сезеді, өседі. Қане, кім  тірі  табиғатқа  арналған  тақпақ  айтқысы  келеді.                 Ал  тыныс  алмайтын, көбеймейтін, қозғалмайтын, сезбейтін, өспейтін  нәрселер өлі  табиғатқа  жатады (су, жер, күн, тас, құм, ай, жұлдыз, аспан, бұлт). Өлі табиғатқа, күнге  арналған  тақпақты  кім айтқысы  келеді.       Адам  қолымен  жасалған және  салынған  заттарды  табиғат  деп  атауға  бола ма? (балаларға адам  қолымен  жасалған  бірнеше  заттар  көрсетіледі)   Сергіту  сәті Тербеледі    ағаштар Алдымнан  жел  еседі. Кіп – кішкентай  ағаштар, Үп – үлкен  боп  өседі.   Дидактикалық  ойын: «Нені  атағанымды  көрсет» Өлі  табиғатқа  не  жататынын Тірі  табиғатқа  не  жататынын Адам  қолымен  жасалған  заттарды   Біз  енді «Жақсылық – жамандық»  ойынын  ойнайық. Ағаш  отырғызу…  Орманды  өртеу…Құстарға  жем  шашу …Құстың  ұясын  бұзу …Суды  ластау …Құстарға  ұя  салу …Орманда  айқайлау …Гүлдерді  баптау …Орманда  қалдық  заттарды  қалдыру …Ағаштарды  кесу …   Балалар, сендер  табиғатқа  байланысты  мақал – мәтелдер  білесіңдер ме?           Балалардың жауаптары – Қыс  мезгілі – Үш  ай  бар  – Желтоқсан, қаңтар, ақпан – күн  суытады, қар  жауады – Қазақстанда                     -Біздер кең байтақ  даланы, шалқыған  өзен – көлдерді, жайқалған  орманды, асқар биік  тауларды көрдік. – құстардың, жануарлардың, судың.     –    керемет.   –    жақсы.   Бізді  қоршаған  ортаны  табиғат  деп  атаймыз.  Барлық  заттар  табиғатқа  жата ма?               Әтеш Табылмайтын  ауылдан, Біздің  әтеш  шын  ерке. Тек  оқуға  барудан, Оятады  тым  ерте. Сен  тамаша  әтешсің, Досым, алтын  қанатты! «Арқасында  әтештің», Жақсы оқимын сабақты     жоқ       Әлемге  қуатты Сәулемен  шуақты Алып  күн  беріп  тұр Жарық  күн  төгіп  тұр.                 Балалар  сергіту  сәтін  қимылмен  көрсетеді.                     жақсылықжамандықжақсылықжамандықжамандықжақсылықжамандықжақсылықжамандық   жамандық   тау  бұлағымен  сәнді, көл  құрағымен  сінді.   Жер  құтты  болса, мал  сүтті  болады.   Жер  – ана, ер – бала.
Рефлексті коррекциялаушы Балалар, бүгін  біз  сендермен  табиғат  аясында  нені  түсіндік, нені  үйрендік.Біз  табиғатты  қорғауға, аялай  білуді  үйрендік. Табиғат – барлық  адамдардың  ортақ үйі. Біз  табиғатты  ластамаймыз, оны  күтіп  баптап  сүйіспеншілікпен  қараймыз.  Табиғатты  қорғау, Отанымызды, елімізді, жерімізді  қорғау. Балаларды  мадақтау.             Балалардың жауаптары.    

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған