Түрлі түсті көңіл күй

aigylБҚО
Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы №3 «Бөбек» балабақшасының психологі
Балбаева Айгуль Жанибекқызы
Тренинг-сабақ «Түрлі түсті көңіл күй»
                                     Тақырыбы :  «Түрлі түсті көңіл күй»
Мақсаты :
Баланың  дамуына, психологиялық  тұрғыдан дені сау жеке  тұлға болып қалыптасуына  отбасы тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы  пікір бөлісу.
Міндеті:
1. Отбасының балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру;
2.  Ата-аналарды өздерінің балаларының жан- дүниесін түсінуге шақыру.
3.  Жақсы көңіл күй  орнату.
Қолданалатын әдіс-тәсілдер: пікір алмасу,сұрақ- жауап, психологиялық жаттығулар, тренингтер.
Қажетті құралдар:  интерактивтік тақта, түрлі түст  маркерлар, көңілді әуендер.
Жұмыс жоспары:
1. Тренинг: Танысу «Бейджик»
2. Слайд «Мен  күнмін»
3.Тренинг :  «Көңілді   әріпптер»
4. Арт-терапия элементерін  қолдану .  «Монотипия »  жаттығу   ата-аналар мен тәрбиеленушілер бірге   орындайды
5 . Арттерапияның  элементтерін  қолдану   «Түрлі түсті көңіл-күй»   жаттығу  түрлі түсті   бормен  түзды бояп сурет  салу .
6. Тренинг  « Ата-ана  махаббаты»   балаға деген махаббаты   туралы  айту .
7.  Қорытындылау
Өткізілу барысы :
Психолог :  Сәлеметсіздер ме, балалар.  Құрметті ата-аналар, қонақтар. «Түрлі түсті көңіл күй »  атты  тренинг- сбағымызға   қош  келдіңіздер!
1.Тренинг :  «Бейджик»
Мақсаты:  Ата-аналарды  бір- бірімен  таныстыру .
Алдарындағы  парақтарғ   өздерінің  қалауы  бойынша  маркерлармен   «бейджик»  бейнелеу. (уақыты 5-7 мин).  Бейджик  арқылы  өзі  туралы   ,  баласының атын    ,  бүгінгі  сабақтан  не  күтетінін  айтып  өту.
2.Слайд (күнделікт  сабақтан  үзінді   көрсету)
3.Тренинг :« Көңілді  әріптер »
Мақсаты:   Әріптерді  әуенге  қосылып  айту   арқылы   ,  жақсы тыныс алып, жақсы көңіл күй орнату .
Өту барысы:  Қатысушылар  терең  демалып, босанысып , дөңгеленіп отырады.
Ең  алдымен  терең тыныс алып  дыбыстарды  қайталау .  Ән тындап  сол  әнді дыбыстар арқылы  айту.
Бір  әріпке  30  секунд  беріледі.
А- Барлық  дене  мұшелеріне  жақсы әсер  береді.
Е-  дыбысты  шығаруға жақсы  әсер  береді
И-ми, көз, мұрын, құлаққа   жақсы   әсер  береді.
О-жүрекке, өкпеге  жақсы  әсер  береді.
У-  іш  құрыстарға   жақсы  әсер  береді
Я- Барлық  іштегі  сезімдерге  жақсы  әсер  береді
М- барлық  дене  мүшелеріне  жұмыс  істеуге  көмектеседі
Х-дененің  тазаруына  көмектеседі
ХА-  көңіл-  күйді  жақсартуға  көмектеседі
4. Психолог:  Біздің  жеке  жұмыстағы   қолданылатын  технологиялардың  ішінде  ең  тиімдісі   арттерапияның  элементтарын  қолдану  болып  табылады .
«Монотипя»  жаттығу.
5. «Түрлі  түсті көңіл- күй»  жаттығу
6. Тренинг:  «Ата-ана махаббаты»
Мақсаты :  ата-ананың   балаға  деген  махаббаты  туралы  ойларымен  бөлісіп ,  бүгінгі   тренинг-сабақатан   алған  әсерлерімен  бөлісу.
7.Қорытынды:  Алғыс хат   табыс  ету.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *