Тұмаудан сақтану жолдары

Күн суып, қыс айлары жақындап келеді. Қазір тұмау деген сөзді жиі естиміз. Жыл сайын Жер шарын мекендейтін ересек тұрғындардың 10 пайызы тұмаумен ауырады екен. Жалпы осы ауруды жұқтырмаудың немесе одан емделудің тәсілдері қандай? Біз халық еміне жүгініп көрейік…

Тұмауратқан кезде ауырған адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тезірек шығып кетуіне көмек­те­седі. Сондай-ақ, тұмау эпидемиясы басталған кезде қолды тәу­лігіне сабындап 5-6 рет жуу керек. Бұл тұмаудың жұғуын 2 есеге тө­мендетеді.

Тұмаудың тағы бір емі – балды сүт. Антибиотиктер алынатын ең соңғы шара десек, тұмауға қарсы ең жақсы ем – бал қосылған сүтті шай немесе кішкентайымызда ішуден қа­шатын – сары май қосылған сүт! Ыстықтай ішілуі керек. Бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі.

Бұл дертке қарсы сонымен қатар үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алоэ жапырағының сөліне бірнеше тамшы өңделген өсімдік майын қосып, мұрынға тамыз­ған жөн. Егер алоэ табылмаса орнына сәбіз шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз.

Мұрныңыз бітіп қалса, шикі қылшаның шырынын тамызуға болады. Пияздың суы да жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына шылап, бірнеше минөт мұрын қуысына салып қою керек. Оны күніне 4-5 рет қайталау қажет.

Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (екі-үш бөлігін) пен орташа көлемдегі бас пияздың төрттен бір бөлігін майдалап турап, араластырып бір түн қойып қою керек. Ертесіне оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызасыз.

5 ас қасық суға шыланған 1 грамм мумие ерітіндісін күніне бірнеше рет мұрынға тамызу керек. Кеңсірік қабынғанда күніне бір рет ертеңгісін ашқарынға 0.2 грамнан ішуге де болады. Бес күн үзіліс. Ем 3-4 рет қайталанады.

 

http://www.namys.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *