«Тәжірибедегі рефлексия» кәсіби даму бағдарламасы

Қарағанды облысы

Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы

«№17 Байқоңыр ЖОББМ»КММ

Молдабергенова Куралай Кабдуллаевна

 «Тәжірибедегі рефлексия» кәсіби даму бағдарламасы

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Бұл Бағдарламаның өзектілігі  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарласының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлесуі. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Осы Бағдарлама жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне кәсіби дамуға қолдау көрсету мақсатында әзірленген және мектеп тәжірибесін дамытуда педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдердің әлеуетін толыққанды пайдалануды көздейді.  Бұл Бағдарламаның аясында мектеп тренерлерінің басты рөлі:

  • Кәсіби шеберлік және кәсіби даму;
  • Тиімді оқытуға арналған жоспарлау;
  • Оқытудағы уәждеу тәсілдері;
  • Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру;
  • Мониторинг, бағалау және кері байланыс;
  • Бағалау әдістері.

Мектеп тренерлері Бағдарлама мұғалімдердің тәжірибелік жұмысына да, оқушылардың білім алу үдерісіне де оң әсер ететініне үлкен үміт артады. Бұны олардың өз сабақтарын энтузиазммен өткізуінен және олардың мұғалімдердің кәсіби өсуінің келешегіне деген сенімімен көруге болады. Олар тыңдаушылардың меңгерген біліміне қарай әр сабақтың тиісті бағасын беріп, алдағы сабақтарын жетілдіру жолдарын іздейді.

Тренер ретінде мұғалімдерді оқыту үдерісінде сол мұғалімдердің  практикалық тәжірибелерін пайдалану осы Бағдарламаның  теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығының  шынайы дәлелдемесі  болып табылады.

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған