Тәкаппар ( мысал)

ЛаззатБалқаш қаласы, Қарағанды облысы

№4 мектеп интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Тулеуова Лаззат Науанқызы

С. тақырыбы: «Тәкаппар» ( мысал).

С.мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

                     2. Оқушылардың сөз тіркестерді пайдалана отырып, байланыс тыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру ; мәнерлеп оқу дағдыла —

                         рын жетілдіру; сөздік қорларын арттыру.

           3. Оқушылардың бойынан жаман қасиеттерден аулақ болуға   Отанын, туған – жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбилеу.

             Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.  1 слаид  Үй тапсырмасы.

II. Психологиялық дайындық.

Берілген сурет бейнесін табу. 2 слаид ( Ат бейнесі  — жасырынған)

III. Үй тапсырмасын тексеру. 3 слаид

— Берілген өлеңді мәнерлеп оқу; қысқаша мазмұны.

— Қысқаша   «Менің құлыным» атты шығарма жазу.

— Аттың суреті бойынша талдау жүргізу.( жал, тізгін, қамшы, ертоқым)

         Мақал

1. Арық аттың бабың тапсаң – тұлпар,

   Күйкентайдың күйін тапсаң- сұңқар.

2. Арыған ат шұқанақ санайды,

   Ашыққан ат қолыңды жалайды,

   Жараған ат көзіңе қарайды.

         Жұмбақ

1. Қамыс құлақ,

   Тостаған тұяқ.

   Мінсең – қанат.

   Сүті – дәрі,

   Еті – тамақ. (жылқы)

2. Туа сап жүгіріп кеткен,

   Енесін қуып жеткен. ( құлын)

3. Екеуі елеңдеп келеді,

   Төртеуі төбелесіп келеді.(Аттың екі құлағы мен төрт аяғы).

4 слаид (Аттар суреті)

Үй тапсырмасын қорытындылау.

— Жылқы қандай жануар?

— Оның адамға қандай пайдасы бар? (мінсе ат, жесе ет, ішсе қымыз)

— Осы атқа байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

( бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу).

IV. Жаңа сабақ.

( 5- 6 слаид балық жүзіп жүрген)

Сұрақтарға- жауап алу.

— Қандай балық түрлерін білесіңдер?( сазан, жайын, шортан, майшабақ, бекіре)

— Олар қайда өмір сүреді? (суда, көлде, теңізде)

— Олар немен қоректенеді? (су өсімдіктерімен, шаянтәрізділермен, ұсақ жәндіктермен )

— Осы аталған балықтар сусыз тіршілік ете ала ма?

— Неге?

7 слаид (Тақырыбы: Тәкаппар)

— Ендеше бүгінгі танысатын өлеңмен жазылған  мысал аты: «Тәкаппар» деп аталады. Мысал – қызықты қысқа шығарма. Мысал өлеңмен  де, қара сөзбен де жазылады.Бүгінгі танысатын мысал  мақтаншақ балық туралы . Бұл мысал өлеңді жазған белгілі сықақшы — Шона Смаханұлы .  Мысал көбіне жағымсыз әрекетті сынауға, шенеуге құрылады, мысалда нақыл сөз болады.

8 слаид ( Шона Самаханұлы)

Ақын өмірбаяны.

Шона Смаханұлы 1924 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысты.Ол « Мектеп баспасында», «Қазақстан мұғалім» газетінде, «Ара» журналында жұмыс істеді.

Шона Смаханұлы- атақты сықақшы. Шона Смаханұлы балаларға арнап көптеген кітаптар  жазған.

Қысқаша өлең мазмұнымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

Мысалды м/м мәнерлеп оқу.2 рет оқу.

— Бөліктерге бөліп оқыту (2рет)

— Сұрақтарға – жауап алу.

— Мысалдағы басты кейіпкерді ата? (балық)

— Балық қалай мақтанды?

— Оны кім қалай түсінді? (Бір күні балық әбден мақтанды. Ол теңізді жамандады, өзінің сусыз – ақ өмір сүре алатынын айтты.)

— Балықтың мақтанғанына теңіз қалай жауап берді?

(теңіз ашуланды: өркөкірек балықты құрлыққа шығарып тастады.)

— Балықтың жағдайы қалай болды?

(Сусыз құрлықта күннің ыстығына шыдай алмай шөлдеді, қиналды. Жаны әбден қиналған балық суды аңсап жылады. Мақтанам деп осындай күйге тап болғанына өкінді.)

— Балықтың өкінішін білдірген шумақты тауып, мәнерлеп оқыңдар.

9 – 10 слаид ( Ашулы теңіз және жағада жатқан балық суреті)

V. Сергіту сәті ( музыкамен). 11 слаид

Мысалдың әрбір кейіпкерлері белгілі бір қасиеттің иесі, бейнесі ретінде алынады.

Мысалы, түлкі – қу, екі жүзді алдамшы, қасқыр- қара жүрек қатыгез, жауыз бейнесінде көрінеді. Ал берілген мысалда балық қандай бейнеде берілген?

— ( ақымақ, мақтаншақ, өркөкірек, тәкаппар)

Тәкаппар – мақтаншақтық, менменсушілік,

VI. Сөздік жұмыс. 12 слаид

* Тәкаппар – мақтаншақтық.

* Құрлық – сусыз жер.

* Даттапты – жамандады.

* Өңеш – қорек өтетін жол.

* Желбезек —  тынысалу мүшесі.

( Балықтың суретін көрсете отырып, өңеш, желбезек көрсете кету)

Сазан суда жүзбеқанаттардың жәрдемімен еркін жүзеді.

Жүзбеқанат – балықтың  қозғалу мүшесі. Бұл қанаттар жүзген кезде балықтың денесіндегі тепе – теңдікті сақтайды.

Сазанның тынысалу мүшесі – желбезек.

Желбезек желбезек доғаларынан құралады. Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.

Өңеш- ас қорыту жүйесінің жұтқыншақ пен асқазан аралығындағы бөлімі.

Сазанның асқорыту жүйесі жұтқыншақ арқылы өңештен өтеді.

13 слаид (Схема)

Дәптермен жұмыс.14 слаид ( Жоспар)

Мысалды оқиға желісіне қарай қандай бөліктерге бөлуге болады?

— Кәне жоспар құрайықшы?

                 Жоспар.

  1. Балықтың мақтануы.

2. Балықтың құрлыққа тап болуы.

  1. Өкініш.

VII. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

15  слаид       Дидактикалық ойын.  «Балық аулау»

( музыка арқылы балық ұстау, сұраққа- жауап беру)

—  «Тәкаппар» деген сөзді қалай түсінесің?

— Балық қайда тіршілік етеді?

— Қандай балық түрлерін білесің?

— Мақтаншақтық – жаман әдет – дегенді қалай түсінесің?

— Өлеңдегі балық неге өкінді?

( әр балықты ұстаған оқушы балыққа жем салады)

VIII. Сабақты бекіту. 16 слаид ( Салыстыру)

Салыстыру:  — Ұқсастығы неде ?

                      — Айырмашылығы неде ?

( Аквариумдағы балықтарды көрсету)

IX. Қорытынды. 17 слаид

— Бүгін қандай  мысалмен таныстық?

— Оның авторы кім? (Шона Смаханұлы)

— Сендерге өлеңдегі балық ұнады ма?

( бағалау)

Мақалмен аяқтау: «Балық сүйексіз болмас, Адам қателіксіз болмас»

Яғни әр адам баласы қателеседі, бірақ сол жіберген қатені дер кезінде біліп, жоюға тырысу керек.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *