«Тәрбие отбасынан басталады»

«Балдәурен» бөбекжай – бақшасы

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Тәрбие отбасынан басталады»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл қаласы, 2014 – 2015 ж.ж.

Тәрбие отбасынан басталады

Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата – ана өздерінің негізгі борышы  – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата – аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы; ал балалар алдында ата – анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата – аналар алдында үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар – ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім – тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата – анасының еңбектегі ісіне бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата – аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата – ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір – біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым – қатынасына байланысты болады.

Баланың адамдармен қарым – қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай – ақ отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл – ойының дамуы, ұнамды мінез – құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады.

Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату – тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттіліктің көрінісі айқын сезіліп тұрады.

Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір – біріне деген қызығушылықтарынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі – зайыптылық және ата – аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Өз ата – анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата – аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата – аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай өзінің  10 қара сөзінде «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп бастап балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата – аналарды сынайды.

Әрине, әркім өзінің баласының тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.

Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата – ана тәрбиешімен тығыз қарым – қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі  тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан – жақты білімді болуына көп байланысты.

Кейбір ата – аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды. Осындайдан бала тәрбиесінде қиындықтар туындайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата – ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсылығын мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыруы баланы жетістіктерге жетелейді.

Ата – ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді өсуіне жол ашады.

*Бақшадан келген баланың көңіл – күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне – өзі баға беруіне үйрету;

*Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау;

*Баланың жақсы мінез, іс – әрекетіне назар аударып, көңіл – күйін көтеру;

*Ата – ана өзін – өзі ұмтай білу, бақылай білу;

*Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу;

*Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой – идеясына көңіл бөлу;

*Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез – құлқын, іс – әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу;

*Баланың психо – физиологиялық даму деңгейіне, жан – жақты жетілуіне көңіл бөлу;

*Баланың орынды талап тілегін тежеу жасамай, еркіндік беріп, дүниеге, өмірге деген көзқарасына түсіністікпен қарау.

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика