Украинаның шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары

ukr №3 мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі

                          Зейдалиева Сабира Ермағанбетқызы.

Сыныбы: 10.

Пәні: География

1.Сабақтың тақырыбы: Украинаның шаруашылығы.Ішкі айырмашылықтары

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Украинаның шаруашылығының дамыған салалары мен ішкі айырмашылықтары туралы білу. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға көмектесу .

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: Блум таксаномиясын пайдалана отырып жеке және топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі: Оқушылар өздігінен білім алуды үйренеді , мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой електерінен өткізіп, талдай алатын болады, өзіндік ой қалыптасады.

Білу: Мемлекеттің құрылымы мен қалыптасу тарихын  білетін болады.

Түсіну: Шаруашылығының даму  ерекшеліктерін түсінеді.

Қолдану: Карта бойынша ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтай алады.

Талдау: Мәтінде берілген кесте бойынша ауыл шаруашылығына анализ жасай алады.

Жинақтау және бағалау: Сыни тұрғыдан ойлана отырып, бүгінгі таңдағы Украинаның шаруашылығының даму барысын қорытындылап, геосаяси жағдайына  баға бере алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,маркерлер, стикерлер, суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5  мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды. Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі

2. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

3.Үй тапсырмасы бойынша тест алу,карта бойынша сұрау, географиялық диктант алу.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2.Сабақтың тақырыбын айқындау үшін сұрақтарға жауап береді, мақсат қояды.

3. Үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді; картадан шекаралас елдерін тауып, география- лық орнын анықтайды; географиялық диктант жазады.

25 мин

Тұсаукеср

1.Білу.Жаңа тақырыпты өздері игеру үшін мәтінмен танысуға уақыт беріледі.(5мин).

2.Түсіну.Украина шаруашылығының дағдарысқа ұшырау себебін анықтауға тапсырма беріледі.

3.Қолдану. Картамен жұмыс.

4.Талдау. Сыни ойлауын дамыту.Кесте бойынша анализ жасату.

5.Жинақтау. Украинаның шаруашылығы тақырыбын жинақтап, қорытындылау үшін постер жасатады.

6.Бағалау. Эссе жаздырады.

1.Оқушылар мәтінмен танысқаннан кейін сұрақтарға жауап береді.

2.Карта бойынша ірі өнеркәсіп орталықтарын табады .

3.Кесте бойынша Украина- ның ауыл шаруашылығына анализ жасайды.

4.Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін постер жасап, қорғайды.

5. «Украинадағы саяси тұрақсыздықтың себептері» деген тақырыпта сыни тұрғыдан ойлана отырып эссе жазады.

10

Мин

Негізгі

бөлім

Сергіту сәті. Украинаның жеті кереметі тақырыбында таныстырылым көруді ұсынады.

Оқушылар таныстырылымды тамашалайды.

5

мин

Қорытынды

1.Мұғалім сабақты қорытынды- лайды.

3.Үйге тапсырма: 1.§53 оқу.

  • 2.Кескін картаға Украинаның  әкімшілік-аумақтық бөлінуін түсіру.

1.Оқушылар кері байланыс жасайды.

2.Бағалау парағы арқылы критерий бойынша бағалайды

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған