Физикадан тест

Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№4 орта мектебі
физика пәні мұғалімі Ақылбекова Дина Нұрланқызы

Сабақтың тақырыбы:Тест
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушылардың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай білімі мен біліктілігі оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау
Дамытушылық:Оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру тілі мен ойын зейіні мен зердесін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың жауапкершілікке сезімін арттыру сол еңбексүйгіштікке, әділдікке және шапшаңдыққа, төзімділікке баулу.
Сабақтың типі: Тест
Сабақтың әдісі:Іздену, ойлану
Көрнекілігі:Интерактивтік тақта, кадаскоп.
Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық дайындық, көңіл – күйіне назар аудару, зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйге берілген тақырыпты сұрау
Тест
1. Еркін электрондардың бағытталған қозғалысын қандай ток дейді?
А) металдардағы электр тогы
В)газдардағы электр тогы
С) вакуумдегі электр тогы
2. Электрондар мен қарама – қарсы таңбалы иондардың бағытталған қозғалысын қандай ток дейді.
А) металдардағы электр тогы
В)газдардағы электр тогы
С) вакуумдегі электр тогы
3. Электр тогының газ арқылы өту процесін не деп атайды?
А) Электролиттер В) меншікті өткізгіштік С) Газ разряды
4. Жергіліктіжоғары температурада электрондардың металдан шығу құбылысын не деп атайды?
А) термоэлектрондық эмиссия
В) Электролиттік диссоциация
С) шалаөткізгіштердегі электр тогы
5. Термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы не болып табылады.
А) металдардағы электр тогы
В)газдардағы электр тогы
С) вакуумдегі электр тогы
6. Газдардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері сонымен қоса тұздар мен металдардың қорытпалары не деп аталады?
А) Электролиттер В) Газ разряды С) қоспалық өткізгіштік
7. Су ерітінділерінде зат молекулаларының иондарға ыдырауы не дап аталады?
А) электролиттер
В) Электролиттік диссоциация
С) газдардағы электр тогы
8. Электролит арқылы электр тогы өткенде, элетродтарда зат бөліну процесі не деп аталады?
А) Электролит В) Электролиз С) Электролиттердегі элетр тогы
9. Иондардың реттелген қозғалысы не деп аталады?
А) Электролит В) Электролиз С) Электролиттердегі элетр тогы
10. Металдар мен диэлектриктердің қасиеттерінен өзгеше біршама электрлік қасиеттері бар және олардың арасында аралық орынға ие болатын заттарды не деп атайды?
А) шалаөткізгіштер В) Электролиз С)Электролиттер
11. Электрондар мен кемтіктердің қозғалысын не деп атайды?
А) вакуумдегі электр тогы
В) шалаөткізгіштердегі электр тогы
С) газдардағы электр тогы
12. Таза шалаөткізгіштердің өткізгіштігі не деп аталады?
А) меншіктік өткізгіштік В) қоспалық өткізгіштік С) Электролиз
13.Шалаөткізгішке азғантай қоспа мөлшерін енгізгенде шалаөткізгіштің өткізгіштігі артады және ол не деп аталады?
А) меншіктік өткізгіштік В) қоспалық өткізгіштік С) Электролит
14. Фарадей заңын көрсет
А) m=kq; В) m=k/q; С) m=q/k
15. Электрохимиялық эквиваленттің өлшем бірлігі
А)Кл/кг В) А•с С) кг/Кл
16.Электрхимиялық эквиваленттің белгіленуі
А) k В)q С) ρ
17. Жұмыс істеуге қажетті химиялық энергияны электролиз көмегімен үнемі жаңартып алып тұратын элемент не деп аталады?
А) аккумуляторды зрядтау В) Гальваноплстика С) Гальваностегия
18. Рельфті заттарды көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды не деп атайды?
А) аккумуляторды зрядтау В) Гальваноплстика С) Гальваностегия
19. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабуды не деп атайды?
А) аккумуляторды зрядтау В) Гальваноплстика С) Гальваностегия
20. Электролиттерде әр аттас иондрдың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процесс не деп аталады?
А) Рекомбинация В) иондар С) Электролиз
21. Кейбір электрондар бейтарап атомдар мен молекулалармен қосылып, теріс иондарды түзуі не деп аталады?
А) Рекомбинация В) электролиз С) газдың иондалуы
22. Шалаөткізгіштерге Менделеев кестесінің нақ арасында тұрған неше элемент жатады
А) 15 В) 12 С) 14
23. Электронынан айырылған атомда не деп аталатын бос орын пайдаболады?
А) Кемтік В) Артық С) Өткізгіштік
24. Вакуум қандай орта ?
А) Толық В) Сиретілген С) бос
25. Жарық жылдамдығы қаншаға тең
А)с=3•107м/с В) с=3•106м/с С) с=3•108м/с
Сабақты бекіту
Оқушылардың тесттерін тексеру
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
А В С А С А В В С А В А

13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
В А С А А В С А С В А В С
Қорытындылау
Оқушылардан қандай сұрақтар қиындық тудырғанын сұрау
Бағалау
Оқушыларды тест бойынша бағалау
Үйге тапсырма
Қайталау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *