Физика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек

Авторы: Хамбар Хатапұлы, Астана  қаласының «Зерде» мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Алғы сөз

Еліміздің бәсекеге қабілетті елдер арасынан табылу жолында алға қойып отырған мақсаттарына жетуде білімді азаматтардың да алатын үлесі зор екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі заманға сай экономикалық жетістіктерге қол жеткізу үшін техникалық білімі жоғары мамандардың аса қажет екенін, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінен қалыс қалмау үшін техникалық тұрғыдан терең ғылыми зерттеулер жасау қажеттілігі күн санап өсіп келе жатқанын күнделікті өмір көрсетіп отыр. Олай болса, техника саласының білікті мамандарын дайындауға бүгінгі күні мектеп қабырғасында оқушылардың жаратылыстану пәндерін меңгеру сапасы ықпал ететінін айта кеткен жөн. Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде физика пәнін жан-жақты түсіне отырып, меңгеру оқушыларға көптеген ғылыми-техникалық жетістіктерді өз беттерінше игеріп, келешекте зерттеулер жасай білуге жол ашады. Демек, физиканы мектеп қабырғасында жете меңгеру бүгінде аса өзекті мәселеге айналып отыр. Осы өзекті мәселені ескере отырып, мұғалімдік іс-тәжірибе негізінде жинақталған тың ой пікірлерді физика мұғалімдері ортасына ұсынып, аз да болса, оларға көмек көрсету мақсатында осы әдістемелік құрал дайындалды. Физиканы оқыту кезінде мемлекеттік стандартты жүзеге асыру әрбір пән мұғаліміне міндеттеледі. Ендеше, осы мақсатты жүзеге асыру жолында оқушыларға оқып, үйрену жолдарын насихаттауға ықпал етеді деген оймен физика формулаларымен жұмыстау, физика олимпиадасына дарынды оқушыларды дайындау, физика есептерін шешу жолдарын үйретуде, физика есептерін шығаруда ескеретін жайлар, оқушылардың физиканы оқып, үйрену жолында жиі жіберетін қателер, олардың алдын-алу мүмкіндіктері, сондай-ақ, оқытудың жаңа технологиясы бойынша орта мектеп бітірушілерден алынатын Ұлттық бірыңғай тестіге оқушыларды дайындауға көмегі тиеді деген оймен қысқа мерзімде физика диктантын өткізу әдістемесі мен диктанттардың кейбір мәтіндері ұсынылды. Оқушылардың алған білімін бағалауда сынақ жүйесінің де үлесі зор. Сондықтан да орта мектепте сынақ жүйесін қалай өткізуге болады, оның мазмұны қандай болу керек екендігін көрсету мақсатында 9-сынып оқушыларына «Механика» бөлімінен сынақ алу әдістемесі ұсынылды

4 комментария

  1. Көп көп рахмет

  2. Көп көп рахмет

  3. алдын ала көп көп рахметмаған осы тақырып керек еди

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *