Фонетикадан өткенді қайталау

saАйнур Толеуканова

Сабақтың тақырыбы:Фонетикадан өткенді қайталау 

Сабақтың мақсаты – Фонетика саласынан алған білімдерін жинақтап,өз ойларын еркін  айта білуге дағдыландыру.

Сабақтың тәсілі  — Сұрақ-жауап,ой қорыту,әңгімелеу,СТО,АКТ.

Сабақтың түрі —  қорытынды сабақ

Көрнекіліктер —

Р.с Кезең ,уақыт Мұғалім әрекеті
1 Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, тугендеу.

Сабаққа зейіндерін аудару

  Топқа болу

Психологиялық дайындық

Абай әндерімен топқа болу

Бір шумақ әнімен психологиялық дайындық жасау.

    Абай кім?

Биыл Абайдың туғанына неше жыл?

1топ-«Желсіз түнде жарық-aй»

2топ-«Көзімнің қарасы»

3топ-« Сегізаяқ

Өз топтарынның атында неше буын, неше әріп,қандай дыбыстар бар екенің айтып жіберейік.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

1. Эстафеталық сайыс.

1 — қатар сұрақтары:

1) Фонетика нені зерттейді?

2) Буын үндестігі дегеніміз не?

3) Кейінгі ықпал дегеніміз не?

4) Қандай сөздер бөлек жазылады?

5) Ерін үндестігі дегеніміз не?

2 — қатар сұрақтары:

1) Дауыссыз дыбыс дегеніз  не?

2) Буын және оның түрлері?

3) Ілгерінді ықпал?

4) Орфография мен орфоэпияның ережесін айтыңыз, мысал келтіре отырып.

5) Үндестік заңы дегеніміз не

3-қатар

1) .Дыбыс деген не, әріп деген не?

2) Қазақ тілінің төл дыбыстары?

3) Еріндік, езулік дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

4) Екпін дегеніміз не,қандай түрлері бар?

5) Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

1. «Эстафеталық сайыс». Әр қатардың бір оқушысына эстафета сұрағы беріледі. Әр оқушы өзінің білетін бір ғана жауабын айтып, келесі оқушыға өткізеді. Сөйтіп, қатардағы әрбір оқушы өзі білетін бір сұраққа жауап береді.

Деңгейлік тапсырма

1-деңгей  Дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын 10сөз жаз.

2-деңгей.Төмендегі сөйлемнен тіркес екпін жаса.

Алмас сабақтан ерте шықты.

 

3-деңгей.Қарамен жазылған сөзге толық фонетикалық талдау жаса.

Қазақ деген ұлт өлмейінше,Абайдың есімі де,оның мұрасы да өлмек емес.

Топтық  жұмыс     Үндестік заңын табу(дыбыс үндестігі мен буын үндестігі)

1-топ. «Данышпанның бәрі ақын емес, Ақынның бәрі данышпан емес Абай ақын да, данышпан да болған.» (С.Мұқанов)

 2-топ.«Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі,»  (Әуезов)
3-топ .   Абай-ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

 Жұптық жүмыс«Адасқан әріптерді орнына қой»

1.а,й,б,а

2.қ, з,а,т,ң, қ ,а,ы

3. л,ы, ұ

4. а,ы,н,ы, қ.

 Топтық жұмыс.   Мына сияқты сөйлемдер құрастырыңдар.Үлгі: Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді. (осы жерде автобус аялдамасы стратегиясы бойынша өтеді,бір топ бір сөз жазып келесі топқа кетеді, келесі топ келіп екінші сөзді жазып, сөйтіп бір сөйлем ұрастырады. Сөйтіп бар топ бәрінікін аралап өтіп аяғында сөйлем құрастырылады)

«Қара жорға» биі арқылы

  Қорытындылау Өткен саланы қорытындылау үшін фонетика нені қарастыратыны  жайында постерге топтап жазады.
  Үйге тапсырма «Абай үлы түлға» эссе жазу.
  Бағалау

 

1.Топбасшының бағалау парағы      2.формативті бағалау

Кері байланыс

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *