Хайуанаттар дүниесі

кмжБатыс Қазақстан облысы

Орал қаласы, Зеленов ауданы, Макаров ауылы

Макаров жалпы орта білім беретін мектебінің

Жумагалиева Орынганым Рамазановна

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар дүниесі

 Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары

 

Пән: Әдебиеттік оқу  4-сынып Күні:  29.10.15ж
Тақырыбы: Хайуанаттар дүниесі
Мақсаты Өлең жолымен толық таныстырып, төрт түліктің пайдасын, одан алынатын өнімнің маңыздылығын түсіндіру
Күтілетін нәтиже А.Өлеңді оқып, мағынасын ашады

Б. Өлеңді оқып, әр сөздің мағынасын аша біледі

С. Өлеңді түсініп оқиды

Керекті жабдықтар АКТ,(видео, сергіту сәті), смайликтер, постер, ресурс парақтары
Сабақ кезеңдері Мұғалім   әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

Оқушының сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық. Оқушыларға екі түсті төртбұрыш  таңдауға мүмкіндік беріледі. Таңдаган фигураның бірінің артында-төрт түлік, екіншісінің артында-оның төлдері бейнеленген. Оқушылар сол  суреттер бойынша екі топқа бөлінеді.  Топтардың атауы:

І топ:«Түліктер»

ІІ топ: «Төлдер»

Үй тапсырмасы «Өрмекші торы» тәсілімен  сұралады.

Фигураларды таңдап  жұптарға бөлінеді.

 

 

 

 

 

Бір оқушы үй тапсырмасын бастап айтады, екінші оқушы жалғастырады.

Тұсау кесер

 

Қызығушылығын ояту. Оқушылардың назарын  экранға аудартып, төрт түлік жөнінде видеоролик көрсету.

-Экраннан не көрдік?

-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тамашалаған видеоға қарап, байланыстыра аламыз ба?

Ой қозғау.

І топ: төрт түліктің пірлері, оларды баптау

ІІ топ: төрт түліктен алынатын өнімдер

Оқушылар мәліметті көре  отырып, қойылған сұраққа өз ойларын білдіріп, тақырыпты ашады.

 

 

Топтар бірлесіп, мәлімет орындарынан жазады

Негізгі бөлім Жаңа сабақ.  Хайуанаттар дүниесі. Авторы: Бисебай Кәрісбайұлының қысқаша өмірбаяны баяндалады.

Оқулықпен жұмыс.

-Екі топқа кезектестіріп, өлеңді оқыту.Қарсы топ сол өлеңнің ішінен бұрын білмеген қандай қасиетін естігенін сұрау.

Дәптермен жұмыс

Семантикалық картамен жұмыс жүргізіледі.

 

«Орнын тап» ойыны. Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Төрт түліктің өзіне тән қасиеттерін жинақтау

 

Сергіту сәті. «Ақ бұлақ» әнін тыңдап, іс-қимыл арқылы билеп серігеді. (видеода табиғат көрінісі, жылқылар бейнеленген)

 

Шығармашылық жұмыс.

І топ: төрт түлікке байланысты мақал жазу

ІІ топ:5 жолды өлең

Автор өмірімен танысады.

 

 

Екі топтың оқушылары кезектесіп өлеңді оқиды.

 

Дәптер бетіне семантикалық картаны түсіреді.

Екі топтан кезектесіп шығып, жинақтайды.

 

Музыка ырғағымен билейді.

 

 

 

Топтар орындарында жұмыстанады.

Қорытынды Постер қорғау. Ресурс парақтарын  тиімді қолданып,

І топ: Жануарлардың өсу жолдары

ІІ топ: Жануарлардың пайдасы, алынатын өнім туралы жазады.

Топ көшбасшыларына мадақтама айтылады.

Топ көшбасшысы постерді қорғайды.

 

Формативті бағалау. Екі топ бір-бірін смайлик арқылы тапсырмалар сайын бағалайды.

Үйге тапсырма Өлеңнен ұнаған шумағын жаттау. Сәлемдесу туралы көрініс. І топ-«Қария мен оқушы арасындағы диалог»

ІІ топ-«Құрбылар арасындағы диалог»

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Рефлексия

 

29 қазан күні 4 сыныбыма әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткіздім.Сабақ мақсатын сыныптың деңгейіне сай дайындадым. Тақырыбы: Хайуанаттар дүниесі. Тақырып хайуанаттар дүниесі дегенімен, негізгі бағыт төрт түлікке бағытталған.Сабақта көптеген әдіс-тәсілдерді қолданғым келді. Бұрынғы сабақтан өзгеше түрлендіріп өткізуді көздедім.Дегенмен мақсатым айқын. «Іске сәт»- деп сабағымды бастадым.

Сабағым топқа бөлімен басталды. Оқушыларды фигуралар таңдау арқылы топқа бөлдім. Фигуралардың артында төрт түліктер және олардың төлдері бейнеленген. Оқушылардан фигура таңдағаннан соң не себептен бұл суреттерді дайындадым деп сұрадым. Оқушылар бұлар төлдер мен олардың түліктері деп жауап берді. Сол бағыт бойынша топтасатын шығармыз деді. Дұрыс тапқанын айтып оқушыларды «түліктер» мен «төлдер» деп екі топқа бөлдім.

Үй тапсырмасын тексеру барысында «Өрмекші торы» әдісін қолдандым. Оқушылар  үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген. Ойдағыдай айтып шықты. «Тұсау кесер» бөлімінде қызығушылықты ояту мақсатында төрт түлік туралы видеоролик көрсетіп, кейін сабақтың тақырыбын аштым.  Видеоролик желісімен ой  қозғау мақсатында екі топқа тапсырма бердім.І топ: төрт түліктің пірлері, оларды баптау, ІІ топ: төрт түліктен алынатын өнімдер туралы мәлімет беру.Екі топ мәліметті топ арасында жинақтап баяндап берді.

Жаңа сабақ  «Хайуанаттар дүниесі» өлеңі таныстырылып,  авторы  Бисебай Кәрісбайұлының қысқаша өмірбаяны баяндалады. Екі топ кезектесіп оқып, тыңдап отырған топ оқушылары өлең ішінен бұрын естімеген қандай мәлімет болды сол туралы айтып отырды.Дәптермен жұмыс барысында «симантикалық картамен» жұмыс жүргізілді.Кейін активстудио бағдарламасы бойынша тақтада  төрт түліктің өзіне тән қасиеттері жинақталды. Оқушылар активстудиода жұмыс жасады. Сергіту сәті оздырылды. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында  І топ: төрт түлікке байланысты мақал жазу, ІІ топ:5 жолды өлең тапсырылды. Бұл этап бойынша да оқушыларда кедергі болған жоқ. Сабақты қорытындылай келе екі топ ресурс парағының көмегімен постер қорғады. Формативті бағалау жүзеге асты. Үйге өлең шумағын жаттау және  алдағы сабаққа бағытталған сәлемдесуге байланысты көрініс дайындау тапсырылды. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

кмж1

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *