Химиялық элементтер, атомдар және молекулалар.

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер, атомдар және молекулалар. Д.И. Менделеевтің период жүйесі Молекулалар және атомдар

Сабақтың мақсаты:Атом, молекула ұғымдарын түсіндіру,  зат құрылысының күрделілігі жөнінде түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті. Атом ұғымымен танысуды жалғастыру. Оқушылардың физика, табиғаттану пәндерінен алған атом, молекула туралы білімдерін одан әрі дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс- тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі

Пәнаралық байланыс: физика

Сабақтың барысы.

  1. Үй тапсырмасы тексеріледі. Лабораториялық құрал-жабдықтарды ата. Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.
  2. Мұғалім химияға атом ұғымының ену тарихына тоқталады.(М.Ломоносов,С.Канниццаро,Я.Берцелиус, А.Авогадро, Карлсруэ).  Оқушылардың физика пәнінен алған білімдеріне сүйенуге болады.
  3. Мұғалім су электролизін көрсетеді. «Су электролизі кезінде су молекуласы, сутек пен оттек атомдары өзгере ме?» деген мәселені оқушылармен бірге талдайды. Талдау (анализ) ұғымы енгізіледі.
  4. Оқушылар «Атом деген не, молекула деген не?» деген сұрақтарға жауап береді. Сабақ соңында атом мен молекулаларға мысалдар келтіріледі.

Үйге тапсырма. § 1. 1, 2, 4, 7-жаттығулар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *