ХХІ ғасыр көшбасшысы

Ақтөбе облысы, Алға ауданы
В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі
Максимова Сафия  Мунировна
Сабақтың тақырыбы:
« ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімді, жанжақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қазығушылығын арттыру.
2. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.
3. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: тірек сызбалар,сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер,сағат,интеерактивті тақта.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіздер құрметті оқушылар, әділқазылар алқасы, қонақтар! 3 «в» сынып оқушыларының қатысуымен  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз!

Ал келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!

Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ортаға салайық.
Біліміміздің артып,санамыздың өскенін көрсетейік балалар!

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықпен жарысыңдар
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Осы жеңісімізді анықтау үшін алдымен әділ бағасын беретін әділқазылармен таныссақ.
(Әділқазылармен таныстыру)

Енді талапкерлерді таныстырып өтейін:
Сейітов Ерхан
Бөгенбай Фариза
Тасқынбаева Айнұр
Әбу Гүлсая
Бүркіталиев Саламат
Айтжанова Аида

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Бұл бәйге білім бәйгесі
Кім жүйрік, ойға, сол алда-дегендей, бұл интелектуалды ойын «жарыс» түрінде өтеді.
Бұл оқушылар сыныптағы, өте жақсы, жақсы оқитын оқушылар.
Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды ойынымызды өткізуіміздегі мақсатымыз: (мақсатын айту)

Ал енді сіздерді ойын шарттарымен таныс болыңыздар:
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
І-кезең «Бәйге» деп аталынады. Бұл кезеңде бірінші жауап беруге тырысыңыздар.Егер жауаптарыңыз дұрыс болмаса, онда келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл аласыздар.
ІІ –кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сіздер қазақша,орысша,ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Барлығыңызға табыс тілеймін!
ІІІ-кезең. «ҚЫЗЫҚТЫ ЖЕТІЛІК»
Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алынған сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 балл жинақтауға болады. Әрине, дұрыс жауап берсеңіз!
ІҮ- кезең. Жорға
Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады.Бір сұрақ бір балл болып есептеледі. Бұл жерде біліммен бірге шапшаңдықта өте қажет.
 Қорытындылау:
Жеңімпазды анықтау.
Марапаттау
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *