Х.Ерғалиев. Біздің заң

Оңтүстік Қазақстан  облысы

Созақ ауданы

Балдысу аулы

Жамбыл атындағы орта мектеп
Хадиша Өтеулиева

Сабақтың  тақырыбы:   Х.Ерғалиев.  Біздің заң

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы терең білім беру.

Дамытушылығы:  Жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды қосымша ақпараттармен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі:  рәміздердің тәрбиелік мәнін ашып түсіндіру, оқушыларға құқықтық тәрбие беру; Ата заңның бағасын білуге, басты құжатты құрметтеуге тәрбиелеу;занды білу-өмір сүрудегі сауаттылық,өзін-өзібасқара білу мүмкіндіктері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.

Көрнекі құралдар:  интерактивті тақта, рәміздер.

Оқыту әдістері:  топтық жұмыс, диалогтік әдіс. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже: өз пікірлерін еркін айта алатын, дәлелдей білетін тұлға.

 

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

 

 

 

І

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

 

 

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына мән беру. Зейіндерін сабаққа аудару.

«Алақан жылуы» тренингін жүргізу.

Оқушыларды топтарға бөлу.

Оқушылар бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін айтуы.

Топтарға бөлінеді.

 

 

 

ІІ

 

Оқушылардың  білімін  еске түсіру. (Сұрақ- жауап әдісі)

1. Қызығушылығын ояту.

а) Балалардан «заң»  сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.

Ата заң

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
ә) Оқушылардың жазғандарын топ бойынша оқытып, талдап болған соң,  жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың топ бойынша өз ойларын ортаға салуы.

 

 

 

 

ІІІ

1.Жаңа сабақ

 

 

2.Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

3.Мағынаны тану

Мағынаны тану.   Оқушыларға оқулықтағы

Х.Ерғалиевтің  «Біздің заң» өлеңін іштей оқытқызу.

Өлеңді оқып, мазмұнын қара сөзбен түсіндіру.

Сұрақтар:

— Заң қандай құжат? Ол кімге арналған?

«Құқықты қорғау» деген сөздің мағынасын түсіндір.

Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

Заң адамдарға не үшін қажет деп ойлайсың?

Заңгер деген кім?

Білім алуға байланысты елімізде қандай заң бар?

34-бап. «2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті».

38-бап. «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».

 

«Конституция» — латын тілінен аударғанда «құрылым», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді.

 

 

Алған білімдері бойынша сұрақтарға жауап береді.

Әр топтан оқушылар сұрақтар қояды. Ойларын ортаға салады, талқылайды.

 

Бірін-бірін тыңдауға, өз бетімен жұмыс жасауға өздері үйретеді.

 

Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру.

 

ІV

Сергіту сәті Әнұран айту

 

Оқушылардың әнұранды  дұрыс орындай білуі.
 

 

 

V

 

 

Қосымша тапсырма

 

 

 

Қосымша мәлімет.

слайд. «Тарихқа шолу»
Шыңғыс ханның  «Үш жасағы»
Қасым ханның  «Қасқа жолы»
Тәуке ханның  «Жеті жарғысы»

Оқушылардың мұқият тыңдауы. Әр топтан бір оқушы шығып қосымша мәліметтен оқығандарын тізбектей  айтып шығуы,түсінгендерін ортаға салуы
 

 

Тексеру

Бағалау

Үйге тапсырма

 

Рефлексия

 

Оқушылардың  тапсырмаларын тексеріп, талдау.

Формативті және сумативті бағалау

Өлеңді жаттап келу.

Оқушыларға стикерлер  тарату

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *