Шш дыбысы мен әрпі

Сторайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Өткізген: А.С.Кожабергенова

 Сабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен  әрпі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ш дыбысымен және оның айтылуымен таныстыру.

Ш дыбысы бар сөздерді талдау.

Ш әрпі таныту. Құрамында ш әрпі бар сөз, сөйлемдерді жазба әріптермен жаздырту.

Балалардың ауызша және жазбаша тілін, ойлауын, байқампаздығын, сөздік қорын дамыту.

Білімділікке, әдептілікке, дыбыстық, буындық  талдау жасауға, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабаққа керекті жабдықтар: Әліппе – дәптер, кеспе әріптер, буындар, суреттер, дәптер түрлі-түсті бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, ізденушілік.

Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту.

Сабақтың мазмұны:

І.Ұйымдастыру.

Балалармен амандасу және сабаққа әзірлеу.

ІІ.Жаңа сабақ.

Жұмбақ жасыру

 

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге    /шана/

1.Тақтамен жұмыс.

 Шана сөзін айқызу .Қандай дыбыс естіледі?

 

 Ш дыбысы дауыссыз дыбыс

  1. Баспа түрін көрсету

2.Ауада жазу

3Таяқшалармен құрастыру

 

 

4.Тіл ұстару жаттығуы

        Ша-ша-ша

       Біз тебеміз шана

 

5.«Сөз ойла,тез ойла» ойыны

1.Шана, шаңғы,шағала, шегіртке,шырша,ағаш,  ірімшік,өшіргіш,қарындаш,,шұжық,шай,шырын,көгершін

6.Сөздерді буынға бөлу

 ШЫРША сөзіндегі алғашқы дыбысты ата. (шақырым, машина, ағаш, раушан.)

 Буындарды оқыту. Ш дыбысының айтылуына мән бергізу.

 Сөздерді буынға бөліп оқыту.

ША – НА ША – ҒА – ЛА РАУ – ШАН

Ша – на, ша – ға – ла, рау – шан   сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату. Ш дыбысының әрпін көрсетіп оның қандай құралдың бөлігіне ұқсайтынын сұрау

 

8.Ша, шар, шана,шай

Кеспе әріптерден  сөзін құратып, оқыту.

  1. Әліппе – дәптердегі бағанмен берілген сөздерді оқыту.

10.Буындары әр түрлі сөздерге талдау жасату

Арша Шара Шар Шаңғы Шырша  Шегіртке

 

  1. Тақтаға шартты белгілермен сөйлем құрату. Сөйлемдерді оқығандағы дауыс кідірісіне көңіл аударту.
  2. «Дыбыс қосып сөз жаса» ойынын ойнату. Қосылған дыбысты дұрыс дыбыстату. Ш әрпі, шана сөзін баспа түрімен буынға бөліп және қосып жазу.

13.Қай суреттің атауында ША буыны бар, сол суретті буынмен байланыстыру./Сурет бойынша/

14.Шш әріпін  баспа түрін жазғызу.

Қолға қалам аламыз

Дәптерді қиғаш қоямыз
Арқамызды тік ұстап
Әдемлетіп жазамыз

Дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптер жолына әріптерді дұрыс түсіру дағдыларына жаттықтыру.

 

Бас және кіші әріптерін жаздыру.

Ү.Сабақты  бекіту.

        шана,шара шат, шырша, шаңғы сөздерін сөйлем ішінен бөліп  астын сызып белгілету карточка арқылы

ҮІ. Бағалау.   Кім көп шар жинады Шарларды санау Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған