«Шығыс шынары» (Әзиза Нұрмаханова )

Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы  №7 мектеп- лицейі» КММ
Жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Козыбаева Гульнур Жумабековна

Сабақ тақырыбы: «Шығыс шынары»   (Әзиза Нұрмаханова )

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға  мәтін жайлы  мағлұмат  беру. Тақырыпты оқыта  отырып талдатып мазмұнын ашу, автор жайлы мәлімет беру.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, өз бетінше шешім  қабылдап, қорытынды шығаруға, ой- пікірін білдіру арқылы тілін  дамыту.  Жылдамдықтарын арттыруға машықтандыру.

  1. Тәрбиелілігі: Оқушыларды ел сүйгіштікке, сұрапыл соғыс кезіндегі ерлік үшін  қаза болған тұлғаларын ардақтауға, елін қорғауға бағыттай отырып,  адамгершілік, патриоттық  тәрбие беру.

Биоақпараттандыру және Синергетика технологиясы, Ауызша-1 картасы

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, электронды оқулық, бейне баян, тірек сызба.

                                                                                         А      Б               В     Г                 Д    Ж

+

+

+

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Көшбасшыға сөз беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасы:ТСҚ жазу н/е ауызша сұрау

Қарама-қарсы сұрақтар

1. Саратовқа келгеннен кейін Мәншүк қайда бара бастады?(балабақшаға бара бастады)

2. Алғашқы күндері оған неге қиын болды?(бақшадағылардың бәрі орыс балалары болғандықтан, себебі Мәншүк ауылдан келген бір ауыз орысша білмейтін)

3. Мәншүктің әрекеті қандай болды?(бармақтай болсада, бәрін де үйренуге, білуге жанын салып кірісті)

4. Білмегендерін, бұрын көрмегендерін кімдерден сұрады? (тәрбиешілерден, күтушілерден сұрады)

5. Неге тәрбиешілер мен күтушілерден сұрады? (себебі тілінің келмегеніне балалар күледі деп ойлады)

6. Көп жыл бойы тәрбиеші болып жүрген кім? (Мария Ивановна)

7. Мария Ивановнаға Маншүктің несі ұнайтын? (ұстамды мінезі, тапжылмайтын табандылығы, зеректігі, тазалығы, қолөнерге бейімділігі қатты ұнайтын)

8. Мәншүктің кейбі қызық мінездері әлі есімде деп кім әңгімелеп отыр? (анасы)

9. Мәншүктің азан шақырып қойған аты?(Мәнсия)

10. Бір күні анасының уақыты болмай, Мәнсияны балабақшадан кім алды?(әкесі Ахмет)

11. Сол күні ауа райы қандай еді? (керемет суық болатын)

12. Мәнсияның үстінде қандай киім бар еді? (Пальто, пальтосының жең ұшына тігілген жылы қолғабы бар болатын)

13. Үйге келгенде  Ахмет ұстаған қолы жылыда, екінші қолы қандай еді? (екінші қолының саусақтары тоңғаннан қызарып, домбығып кеткен)

14. Анасы шешіндіріп жатып әкесіне не деді? (баланың бір қолының саусақтары домбығып кетіпті ғой, неге байқамағансың? деді)

15. Әкесінің неге тоңғаныңды айтпадың деген сұрағына Мәнсияның жауабы қандай болды?(байсалды дауыспен, өзің үндемеген соң мен қайдан білейін деді)

16. Апасына берген жауабы қандай болды?(менің қолым тоңған жоқ, қолғабым ғой тоңған деді)

17. Осы кезде әкесінің бұл жауапты естігендегі әрекеті?(мырс күліп, осы қызың әсте қыңыр сөйлейді деп, алдына отырғызып тоңған қолының саусақтарын уқалады)

18. Анасы қолы босағанда жиі қайда баратын еді?  (Мәнсия баратын балабақшаға)

19. Мәнсия қалай дамыды? (тез ширап, ой-өрісі де тез дамыды)

20. Мәнсия үшін анасы не істеп жүрді? (балабақшаға үйренгені үшін қуанып жүрді)

21. Балабақшада қандай мерекеге орай іс-шара өтті? (бірінші мамыр)

22. Бұл іс-шараға Мәнсия қатысты ма? (алғаш рет орысша тақпақ айтып, би биледі)

23. Мәнсияның осы қылықтарына қуанғаннан анасы не деп айналып- толғанды? («менің сүйіктім, менің моншағым»)

24. Сол күннен бастап Мәнсия қандай атқа ие болды? (Моншағым, және ол Мәнсияға қатты ұнайтын)

25. Бірге ойнайтын орыс қыздары Моншақ деудің орнына недеп атады, не себепті? (Маншук деп атады, себебі Моншақ деуге тілі келмегенді)

 

ІІІ. Матрицаны толтыру, санап пайызын шығару

Балалар  қазір қай жыл? Алдағы айда қандай ұмытылмас мейрам бар?Дұрыс айтасыңдар, олай болса, Ұлы Отан соғысының жеңіс туы желбіреп тұрғанына неше жыл толмақ.

 

-Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалар топтамасымен әрі қарай танысамыз. Өздерің білетіндей Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерең ерлер қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары. Сендер де еліміздің ертеңісіңдер, болашақ қазақтың қамын ойлар азаматтарысыңдар! Олай болса, мен сендерден үлкен үміт күтіп, жарқын болашақтарыңа сенім білдіре отырып Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» әңгімесімен таныстырғым келеді.

-Олай болса бейне баянға көңіл бөлгендеріңіз жөн болар. (З мин)

( 1 шапалақ соғу)

ІV.Тірек сөздер (30 секунт оқу, 30 секунт жазу)

1. Артек (пионер лагері)

2. ботаника( өсімдіктерді зерттейтін ғылым)

3. тозаңдану ( өсімдіктердің көбеюі)

4. герань (гүлдің бір түрі)

5. манжет (әскери киімнің жеңінің қайырылған бөлігі)

6. зейнеткер (еңбек демалысына шыққан адам)

7. вожатый (тәлімгер)

 

V. Матрицаны толтыру, ең көп жазған оқушыға оқыту( толықтыру)

(2 шапалақ соғу)

VІ. Мәтінді оқыту 1 бет 3 мин

 

(3 шапалақ соғу)

VІІ. Қарама-қарсы сұрақтар

1. Әлияны қайда, не үшін жібермекші?(«Артек» пионер лагеріне, үздік оқығаны үшін)

2. Мектеп директоры кімдердің пікірін сұрады?(мұғалімдердің)

3. Тәрбиеші Разумовская не деді?(Барлық сабақтан үздік оқиды, тәртібіде жақсы)

4. Осы кезде мектеп директоры қайда қарады? (табельге қарады)

5. Молдағұлова қай пәннен төрт еді? (ботаникадан)

6. Әлияның ой ұшқырлығынан басқа қандай таланты бар еді? (қолөнерге шебер еді)

7. Әлия жатқан бөлме қандай еді? (таза, төсегі тап- тұйнақтай жиюлы, заттары өз орнында тұратын)

8. Бөлмесінде айна алдында қандай гүлдер жайнап тұр? (герань, фикус, олеандр, камелия, циперустор )

9. Әлия тоқудың, тігудің қай түрін жақсы үйренді?(шілтер тоқуды, кесте тігуді)

10. Шығармада Әлияның келбеті қандай?(оның шашы өрулі, киімі үтіктеулі, дене мүсіні сұлу болды)

11. Спорттың қай түрімен шұғылданды? (жеңіл атлетикамен)

12. Қандай үйірмелерге қатысатын?  (шахмат-дойбы үйірмесіне қатысатын, көркем үйірме бойынша біріншілікті алған, қазақша-орысша өлең айтады)

13. Әлия сенбі, жексенбі күндері не істейді? (ағасының үйіне барып жәрдем беріп, бөпелерін ойнатады)

14. Пионерлер сарайына бара жатқанда Әлияның көзіне кім түсті? (бір кәрі кемпірге көзі түсті. Оның қолында ауыр заттары болған. Әлия әжеге көмектесіп үйіне жеткізіп салды. Әже өз әжесіндей болып кеткен)

15. Ол қарт зейнеткер кім болған?(оқытушы болған)

16. Әлияның жүрегі қандай?(өте нәзік)

17. 1-сынып оқитын кішкентай бөбектерге қалай жәрдем беретін еді? (бөлмелеріне барып көйлегінің сөгілген жерлерін тігіп, оқу, жазуды үйрететін, кейде ертегі айтып беретін)

18. Балалар үйінде Молдағұловаға қалай қарайды? (құрметпен)

19. Мектеп директоры қандай шешім қабылдады ? (Артекке Әлия барады, жаңа күшпен қайтадан оқуға кіріседі)

20. Әлияның әдемі мінезі мен істерін үлгі ету үшін не істеу керек деді? (оның суреттерінен көрме жасау керек, сабақтағы, жатахана бөлмесіндегі, қолы бос кездеріндегі істеген істерін көрсету керек)

21. Әлияға не беруді ұйғарды? (оған фотоапарат)

22. Әлияны шақыруды кімге бұйырды?(пионер вожатыйға)

23. «Артекке» жіберу туралы шешімге Әлия неге қуанбады?(себебі Володияның барлық сабағы бес, ал оның бір сабағы төрт болғаны үшін)

24. Василий Петрович «Артекке» барғың келмей ме? деген сұрағына қандай жауап берді(Артекке кімнің барғысы келмейді бірақ Володяның  сабағы «5»)

25. Оқиға соңында директордың шешімі немен аяқталды, Әлия қандай уәде берді? (Артекке Володяны да Әлияны да жіберді. Әлия келешекте «5» оқимын, «4» болмайды деп уәде берді)

 

Санап (>63%/ <63%) (4 шапалақ соғу)

VІІІ. Сын тұрғысынан сұрақтар

1. Әлияны «Артек» лагеріне ешкімі болмаған соң жіберді(«Артек» пионер лагеріне, үздік оқығаны үшін)

2. Мектеп директоры оқушылардың пікірін сұрады (мұғалімдердің)

3. Тәрбиеші Разумовская ол ботаникадан төртке оқиды деді(барлық сабақтан үздік оқиды, тәртібіде жақсы)

4. Осы кезде мектеп директоры журналға қарады (табельге қарады)

5. Молдағұлова математика пәнінен төрт еді (ботаникадан)

6. Әлияның ой ұшқырлығынан басқа қолөнерге деген құштарлығы бар еді (қолөнерге шебер еді)

7. Әлия жатқан бөлме сұсты еді (таза, төсегі тап- тұйнақтай жиюлы, заттары өз орнында тұратын)

8. Бөлмесінде айна алдында түрлі- түрлі шаш қыстырғыштар көздің жауын алады (герань, фикус, олеандр, камелия, циперустор )

9. Әлия шілтер тоқуды, кесте тігуді жақсы біледі (шілтер тоқуды, кесте тігуді)

10. Барлық уақытта оның келбеті әдемі(оның шашы өрулі, киімі үтіктеулі, дене мүсіні сұлу болды)

11. Спорттың ауыр атлетикасымен шұғылданды (жеңіл атлетикамен)

12. Би үйірмесіне қатысатын (шахмат-дойбы үйірмесіне қатысатын, көркем үйірме бойынша біріншілікті алған, қазақша-орысша өлең айтады)

13. Әлия сенбі, жексенбі күндері достарымен ойнайтын (ағасының үйіне барып жәрдем беріп, бөпелерін ойнатады)

14. Пионерлер сарайына бара жатқанда Әлияның көзіне кәрі анасы елестеді (бір кәрі кемпірге көзі түсті. Оның қолында ауыр заттары болған. Әлия әжеге көмектесіп үйіне жеткізіп салды. Әже өз әжесіндей болып кеткен)

15. Ол қарт зейнеткер көршісі болған (оқытушы болған)

16. Әлияның жүрегі өте нәзік( өте нәзік)

17. 1-сынып оқитын кішкентай бөбектерге  би билетіп, көңіл көтеруге жәрдем беретін еді (бөлмелеріне барып көйлегінің сөгілген жерлерін тігіп, оқу, жазуды үйрететін, кейде ертегі айтып беретін)

18. Балалар үйінде Молдағұловаға құрметпен қарайды(құрметпен)

19. Мектеп директоры Артекке Әлия бармайды деп шешім қабылдады (Артекке Әлия барады, жаңа күшпен қайтадан оқуға кіріседі)

20. Әлияның әдемі мінезі мен істерін үлгі ету үшін тәрбиеші қылу керек деді (оның суреттерінен көрме жасау керек, сабақтағы, жатахана бөлмесіндегі, қолы бос кездеріндегі істеген істерін көрсету керек)

21. Әлияға үлгілі болу үшін уақыт беруді ұйғарды(оған фотоапарат)

22. Әлияны шақыруды ботаника пәнінің мұғаліміне бұйырды(пионер вожатыйға)

23. Әлияға «Артекке» жіберуді ұйғардық дегенде Әлия қуанды(қуанбады, себебі Володияның барлық сабағы бес, ал оның бір сабағы төрт болғаны үшін)

24. Василий Петрович «Артекке» барғың келмей ме? деген сұрағына барғым келмейді деп жауап берді(Артекке кімнің барғысы келмейді бірақ Володяның  сабағы «5»)

25. Оқиға соңында директордың шешімі Володияны жібереміз деген оймен  аяқталды, Әлия қуанды (Артекке Володяны да Әлияны да жіберді. Әлия келешекте «5» оқимын, «4» болмайды деп уәде берді

Санап (>63%/ <63%) (5 шапалақ соғу)

ІХ. ТСҚ (жаңа сабақ бойынша 5 мин, норма -44 сөз)

Х.  Матрицаны толтыру, ең көп жазған оқушыға оқыту

(уақыт артылса қосымша деректер көзі, Жеңіс туралы өлеңдерді сұрау)

ХІ. Бағалау

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *