Ш. УАЛИХАНОВ «АБЫЛАЙ ХАН»

Ш. УАЛИХАНОВ     «АБЫЛАЙ ХАН»

АУШАХМАНОВА Г.А.

Малайсары жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы

 

Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 4 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш. Уалиханов    Абылай хан
Жалпы мақсат: Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен ке-ңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру, өз еліне, халқы-на, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу.
Сілтеме:                Әдебиеттік оқу  85-86 -бет.  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 73- беттер

интернеттен  алынған  «Абылай хан» видео.

Оқу нәтижелері: Топта бірлесіп өзіндік ойларымен бөлісіп, ортақ шешімге келе алады.
Ақпарат көздері, қолда-натын материалдар: Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, тақырыпқа байланысты сурет-тер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер,  күлегештер.
Негізгі идеясы: Абылай қазақ батырларының ішіндегі мықтылардың бірі екеніне көз жеткізу.
Әдіс тәсілдер: Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: СТО: «Блум таксономиясы» ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша  «Ойлаудың 6 қалпағы»  кластер, «Өрмекшінің өрмегі»,  Дебат
Дереккөздері: Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар,   ғаламтордан алынған видео.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты Жұмыс түрлері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының әрекеті модуль
 2 минут І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Күн». Сыныпты 2  топқа бөлу. «Жокей мен жылқы» оқушылардың парталарының шетінде сөйлемдер жабыстырылып тұрады. Оқушылар бір-бірінің сыңарын табу керек. Сыңарын тапқан оқушылар мағынасына қарай топқа бөлінеді.   Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.  
Білу

 

 

5 минут

ІІ. Үй тап-сырмасын сұрау. «Өрмекшінің өрмегі» арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларға сұрақ қою ар-қылы жауап алу.

1. Мұхтар Әуезов кім? Оның әлемге танымал қан-дай еңбек жолын білесің? т.б.

   Оқушылар жіпті қолда-рына оратып,  Мұхтар Әуезов пен «Абай жолы» романынан алынған үзінді бойынша алған білімде-рін көрсетеді.

 

 
ІІІ. Жаңа тақырыпқа бағытталу.

«Ой қозғау»

 

 

 

 

 

 

 

АҚ ҚАЛПАҚ

 

Жаңа сабақты өткен мате-риалмен байланыстыру.

Хан Назар сынды әділ хан,

Абылай сынды ер сұлтан…

Ақ найзаның ұшымен,

Ақ білектің күшімен

Дұшпанға қысым көрсет-кен, -деген жолдар кім тура-лы?

Ендеше сабақтың мақсаты қандай?

 

Абылай хан» видеоролик

«Ақ қалпақ»

Видео, слайд арқылы және үйде қосымша оқып келген-дерімен бөлісу. Шоқан мен Абылай туралы көрген ки-ноларынан ойларында не қалғанын айтып береді.

 

Кіріспе әңгіме. Абылай хан -қазақ ордасының ханы. Қа-зақ мемлекетінің  тарихын-дағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасын-да хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хан-дықты абыроймен басқар-ды. АБЫЛАЙ ХАН  (шын  аты Әбілмансұр)   (1711-1781)-   қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоң-ғарларға қарсы соғысқа қа-тысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбет-пен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күрес-ке ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.

Абылай -хан, өктем әкім, айлакер дипломат, өте ше-шен, үлкен өнер иесі-арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жо-рық» және тағы басқа күйле-рі әлі күнге дейін тартылып келеді.  Ресей патшасы, Қы-тай империясы, Жоңғар, Бұқар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасыр-да Қазақстанды жаулап алу-ды көздеген Жоңғар ханды-ғымен Маньчжур -Қытай империясына қарсы күрес-те үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.

Балалар сабақтың тақыры-бы мен мақсатын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

І топ. Абылай хан   ІІ топ.  Әңгіме авторы  Шоқан Уалиханов туралы бұрын-нан  білетіндері сұралады. Қысқаша фактілерді ай-тып береді.

Топтар бір- бірлерін то-лықтырады. Үйде  оқып келгендерін ортаға салып айтады.

 

 

Оқушылар түсінгендерін қысқаша ғана айтады.

 

 

 

 

 

Жас ерек-шеліктеріне

сәйкес оқы-ту және оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

Күлтешелер-мен бағалау

 

Түсіну

 

5  минут

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

«АҚ ҚАЛ-ПАҚ»

 

«Ұстап ал» доп лақтыру.

1.»Абылай хан» мәтінін іш-тей және 2-3 оқушыға дауыстап, әдемі оқыту.

2. Жаңа сөздердің мағынасын ашу.

Тауқымет -ауыртпалық, бейнет, азап

Қонтайшы- жоңғар ханы

3.Жаңа сөздердің мағынала-рын ашып түсіндіреді.

4.Сұрақтар.

-Кімдер қазақтарды аш бөрі-ше талады?

-Олар қазақтарға не істеді?

-Ол  қай мезгілде болған оқиға? Оны суреттейтін сөз-дерді ата.

-Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақ даласын қашан басып кірді?

-Ол қандай мақсатпен жерді жаулап алды?

-Абылай сол кезде кім бол-ған және оның аты қалай шыға бастады?

-Абылай кімдерде тұтқында болды және ол тұтқыннан қалай шықты?

-Орыс ұлықтары қазақ елін-дегі қарым-қатынасты кім арқылы жүргізді?

-Қалдан Серен қашан қай-тыс болды және оның елін-де қандай оқиға болды?

– Жоңғарияны кім басып алады?

-Абылай балаларына қандай өсиет айтып және нені  та-лап етті? Неліктен?

-Абылай 1774 жылы кімді басшы етіп қойды?

-Абылай хан қай жылы қай-тыс болды және қай жерде жерленді?

 

5.Мәтіндегі Абылай өмір сүрген кездегі елдің халін суреттейтін  сөз тіркестерін тауып, дәптерлеріне жазың-дар.

Мәнерлеп, дауыс екпінін келітіріп оқиды.

 

Жаңа сөздердің мағына-сын сөздіктен ашып ай-тады.

 

 

 

Оқушылар оқығандарын сұраққа жауап беру арқы-лы сұрағанда, толық жа-уап бере алады.  Жоңғар-

лардың қазақтарды қырып жаздағаны және сол кезде жас бала Әбілмансұр ай-лакерлігімен көзге ерекше түскенін айтады.

 

 

Қазақтың жерін жоңғар-лар қандай мақсатпен жаулағаны туралы айтып, ойларымен бөліседі.

 

 

 

Қалдан Серен қайтыс бол-ғаннан кейін елімен не болғанын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

    Қазақ елінің еңсесін басқан, тауқыметі мол, қажыған ел, қақаған қыс, қаһарлы жұт, аждаһа-дай аштық, қырғидай ти-ген жұт деген сөз тіркес-тер Абылай өмір сүрген кездегі халін суреттеген.

ОүБ

 

 

 

 

 

 

Оқыту мен оқудағы жа-ңа тәсілдер

 

Қолдану

5 минут

«Қызыл қалпақ»

Кластер құ-ру

Оқушыларға қосымша ин-тернет көздерінен алынған материалды тарату.

І топ. Кластер құру  /Абылай/

Оқушылар оқып, түсінген-дерін жұмыстарынада қолдана алады.

Оқушыларға қиылған ма-териалдар таратып, клас-тер құрғызу.

Оқыту үшін бағалау жә-не оқуды бағалау
Талдау

5 минут

 «Жасыл  қалпақ» ІІ топ. Абылай ханға мінез-деме беру.

1.  Абылайдың ұлылылы-ғын, беделін дәлелдейтін, оны хан сайлау сәтінің көрі-нісі суреттелген жолдарға туралы не ойлайсыңдар?

Абылай хан тереңген ой-лайтын, ержүрек, айлакер, ақылгөй, дана қолбасшы, т.б

«…ақ киізге отырғызып хан көтеріп, ел басқарған сұлтандар әр жақтан да-уыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылығын, ержү-ректігін, т.б. қасиеттерін айтып тауыса алмайды. Ақыры үстіндегі шапанын шешіп алып, тоз – тоз қы-лып жыртып, әрқайсысы тәбәрік ретінде талап әке-теді».

Талантты мен дарын-ды балалар-ды оқыту

 

СТО

 

Жинақтау

10 минут

«Сары және қара қал

пақ»

/Дебат/

«Абылай заманы- қазақ ба-тырларының заманы» деген жолдарға келісесіңдер ме? Әлде жоқ па?

І топ. Жақтаушы

ІІ топ. Даттаушы

І топ.  Жақтаушы. Біз Абылай заманы – қазақ батырларының заманы деп келісеміз. Себебі, ол қазақ елін жоңғарлардан құтқарды. Ол болмаса, қа-зақ елі қырылып қалушы еді. Өйткені 15 жасында көзге түсіп, өзінің ерлігімен жоңғарларға қарсы шығып, жеңіске жетті. Талай жерлерге шабуыл жасап,  қазақ даласына жеңіс әкеп, құ-рылысын, сауда жағын, яғни экономикасын көр-кейтті. Кішкентайынан жетім қалып, өзінің өжет, мықты екенін дәлелдеп көрсете білді. Үш жүздің басын біріктіріп, қазақ даласына тату-лық, бірлік әкелді.

ІІ топ.  Даттаушы. Абы-лай заманы деп қалай ай-тасыздар? Қазақ хандығы-на 550 жыл болды. Қазақтың хандығын құр-ған Абылай емес керей хан. Қазақ елінде Абылай-дан басқа Малайсары, Бөгенбай,   Наурызбай, Қабанбай сынды батыр-лар де аз емес.

Оқытуды басқару жә-не көшбас-шылық

СТО

 

Талантты мен дарын-ды балалар-ды оқыту

 

Үй тапсыр-масы: 1. Мәтінді оқу. Сөзжұмбаққа жауап беру.

2. Интернеттен мәлімет алып, шағын әңгіме жаз.

3. Шоқан Уалиханов туралы оқып біліп кел.

   
Бағалау Дескриптор-мен бағалау Оқушыларға дескриптор ұсыну. Сол дескрипторға қарап, өз-өзін бағалайды.

Өзінің қандай баға және не үшін алғанын дәлел-дейді.

 
Рефлексиялық кезең.

3 минут

«Көк қал-пақ»

5 саусақ

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Не білдің? Қандай жаңа-лықтар алдық?

Болашақта нені білу керек?

/Бас бармақ – неден қинал-дым?

Балан үйрек-кімге көмек-тестім?

Ортан терек- көңіл -күйім

Шылдыр шүмек-қандай же-тістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек- не үйрен-дім?/

Оқушылар сабақтан қандай әсер алғандарын айтады. Өз ойлары-мен бөліседі.

 

 

 

 

 

 [bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика