Ы. Алтынсарин «Өзен» (өлең)

акерекАқтөбе облысы

Шалқар ауданы Ақтоғай орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өзен» (өлең)

Мақсаты: Оқушыларды оқу техникасына жаттықтыру, мәнерлеп оқыта отырып, өлең мазмұнын түсінуге жағдай жасау

Міндеттері:

— Оқушылардың «Өзен» өлеңінің мазмұны мен автор туралы білуі;

— өзеннің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын түсінуі;

— өлең мазмұнын қолдана отырып, шығармашылық жұмыс жүргізуі

Оқу нәтижесі:

Барлық оқушылар: «Өзен» өлеңінің мазмұны мен автор туралы біледі.

Көпшілігі: өзеннің адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы түсінеді.

Кейбір оқушылар: өлең мазмұнын қолдана отырып, шығармашылық жұмыс жүргізеді.

Негізгі идеялар:

Сұрақ қоюға, топпен ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға ынталандыру.

Әдіс-тәсілдер:

бақылау, қайталау, сұрақ-жауап, диалогтік әңгімелесу (топтық әңгіме), сындарлы тыңдау, талдау, жинақтау.

Тапсырма көздері:

Оқулық, оқулықтан алынған тапсырмалар, автор туралы мәліметтер.

Сабақтың көрнекілігі:

Cлайд, видео, А3 форматтағы қағаздар, маркер, стикер, табиғат көрінісі,  таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық кезең

  1. Психологиялық дайындық

     — Балалар қыс мезгілі аяқталып, күлімдеп көктем айы да келді. Күлімдеген көктем айында табиғатымыз Жер — Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір — біріміздің алақанымыздың жылулығын сезінейік.
     2.   Сыныпты топқа біріктіру

Оқушыларды сурет қиындыларын біріктіру арқылы топтау

Суреттер: су, бу, мұз

  1. Ой қозғау
  • Табиғат дегеніміз не?

«Табиғат» туралы суреттерді музыка арқылы көрсету. (слайд)

  1. «Серпілген сауал»

I топқа — Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сендерде қандай көңіл күй туды?

II топқа — Суретке қарап отырып «Табиғат және адам» деген тақырыпта әңгімеле.

III топқа — «Табиғат — менің өз үйім» атты тарауға пікірлерін тыңдау.
— Табиғат – менің өз үйім, өйткені

— Мен табиғатты қорғаймын, өйткені….

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

Жаңа сабақ

1.Ой шақыру.

-Табиғаттың ең көп тараған бөлігі, біз көп пайдаланатын не?

-Суға қатысты қандай шығармамен таныспақпыз?

-Қазақстанда қандай өзендер бар?

2.Сергіту жаттығуы.

Тамшы болып тамайық,

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Табиғаттың жылуын

Күн көзінен алайық.

3.Автор туралы мәлімет (сындарлы тыңдау стратегиясымен)

— «Өзен» өлеңінің авторы туралы не білеміз?
— Ыбырай отбасы туралы не білеміз?

— Ыбырай шығармаларынан қандай тәрбие аламыз?

 

— Ы.Алтынсаринның шығармаларымен сендер жақсы таныссыңдар. Мына берілген үзінділер Ыбырай атамыздың қай шығармасынан алынғанын айтыңдар:

 

І топ: 1.Бұл ертегіде кейіпкерлер жақсылыққа жақсылық бар екенін дәлелдемекші болды. («Баланың айласы»)

  1. Аз істен қашсаң, көп іске тап боларсың. («Әке мен бала»)

ІІ топ: 1. «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» («Таза бұлақ»)

  1. Жер бетінде жанды, жансыз заттардың ештеңеге жарамсызы болмайды. Бәрі де іске асады. («Бір уыс мақта»)

ІІІ топ: 1. Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. («Өнер, білім бар жұрттар»)

  1. Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған. («Кел, балалар, оқылық»)

 

4.«Жаңбырдың жаууы»

  Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан қандай шығармамен танысып, не туралы білетінін, нені меңгеретіндіктерін анықтайды.

Оқушылар іс-қимыл арқылы жаңбыр сіркіреуін, өзен арнасының толуын, өзен ағысын көрсетеді.

 5.Оқулықпен жұмыс.

Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі

Мен өлеңді оқимын, ал сендер ілесіп іштей оқып, түсініксіз сөздер кездессе, қарындашпен астын сызып қойыңдар.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу.

ә) Сөздік жұмыс. (Түртіп алу стратегиясы)

Қынарда- жағасында.

Жанабында- маңайында

б) Әр шумақты жекелеп талдау.

І шумақтағы « Арқыраған, сарқыраған, жарқыраған» сөздерін қалай түсінесің? Өзен неге солай ағады деп ойлайсыңдар?

Жауабын бірінші шумақтан іздеңдер. (Таудан ағатын өзен)

 

 

в) «Іштей оқы, мәнерлеп оқы»

(жұптық жұмыс)

 

г) Оқушылардың үйден даярланып келген ақпараттарын баяндайды. (Қазақстандағы өзендер, өзендердің пайдасы мен зияны, т.б.)

 

  1. Кеңейтілген тапсырма (Топпен жұмыс)
  2. Су туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер жаз.
  3. Тақырыпқа байланысты сурет сал
  4. Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неліктен суды қорғайды?

Әр топ өз сұрақтары бойынша постермен қорғайды, басқа топ жауаптарын мұқият тыңдайды.

 

  1. Шығармашылық тапсырма

Өлең ұйқастарын табу

Табиғатым   …    ,

…   тоймайды қараса.

Табиғатты   …   ,

Жүрейікші жараса.

 

ІІІ. Рефлексия

1.Қорытынды

«Конверт сұрақ»

 Әр топқа бір конверт тастаймын.Оқушылар конверт ішіндегі сұрақтың жауабын стикерге жазады және сағат тілімен конверт келесі топқа ұсынады.

Сұрақтар:

Өзен туралы не білдің?

Өзеннің қандай пайдасы бар?

Қазақстанда өзің білетін өзендердің атын жаз.

  1. Кері байланыс

Бағалау.

Бүгін мен ………. …… білдім.

………………………….қызықты болды.

………………………………қиын болды.

 

Оқушылар өз жауаптарын жазып кері байланыс парақшаларына жазады.

3.Үйге тапсырма

Оқуға арналған тапсырма:

Өлеңді жаттау, «Өзен» тақырыбына эссе жазу

Презентацияны жүктеу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *