Электр кернеуі. Вольтметр. Ашық сабақ

  Дюсенгулова Сауле Елубаевна Павлодар облысы Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебі, физика пәнінің мұғалімі 

  Сыныбы: 8л

  Пәні: физика

 

 

Сабақтың тақырыбы Электр кернеуі. Вольтметр.
Сабақтың мақсаттары Электр кернеуі туралы толық мағлұмат алады.Электр тізбегін құрастыра біледі және кернеуді өлшейтін құралмен танысады. Формуланы қолданып, есептердің шешу жолдарын өз сөзімен баяндай алады.Ойды жинақтап айту мен уақытты үнемдеуге үйренеді.
Оқыту  нәтижелері Электр кернеуінің физикалық мағынасын, өлшем бірліктерін біледі, вольтметрдің жұмыс істеу принциптерімен танысады, сызба бойынша электр тізбегін құрастыра алады. Формула бойынша электр кернеуін анықтай алады.
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Уақыт Ресурс
1.Ұйымдастыру кезеңі.

 

 

 

Тақырыпқа шығу

«Әлемнің әр түрлі елдерінің амандасуы»: психологиялық жағымды ахуал тудыру.

Мозаика әдісі: қима қағаздарды құрау арқылы топтарға бөлу.

Қима қағаздарды жинап, өз тобындағы оқушыларды табу. 1 мин Қима қағаздар
 «Миға шабуыл» стратегиясы:

Электр тогы дегеніміз не?

Электр тогы пайда болу және ұзақ сақталу үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?

Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?

ЭҚК деп нені айтады?

Оқушылардың сипаттама беруі  негізінде жаңа тақырыпқа көшу.

Сұрақтарға жауап береді. 2 мин Слайд
Мақсат қою Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?Не үйренеміз? Нені білу керек?деп ойлайсыңдар. Мақсат қою 1 мин  
Бағалау кестесі  «Рубрикатор әдісі» арқылы  бағалау критерийлерін  түсіндіру. «Рубрикатор» бойынша бағалау  парағы  таратылады. Бағалау кестесімен танысу 2 мин Бағалау кестесі, интербелсенді тақта
2.Жаңа білімді меңгеру кезеңі Джигсо әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс,топта және топтар арасында ой толғауға бағыт беру. Спикердің міндетін, топтағы басқа оқушылардың міндеттерін түсіндіру. «Бас бармақ»: өзара бағалау

Тайм-менеджментті сақтау

Әр топтың барлық мүшелері берілген мәтінді оқиды тақырыпшасы бойынша постер(сызбаларды қолданып) жасайды. Спикерін таңдайды. Джигсо әдісімен (1топ-2топқа, 2топ-3топқа, 3топ-1 топқа сағат тілімен қонаққа барады), спикерден басқа топ мүшелері орын ауыстырып, басқа топтың спикерін тыңдап шығады, керек болса сұрақ қояды. Содан соң қайтадан өз тобына жиналып, өз спикеріне түсінгендерін айтып шығады. Бір-бірін бағалайды.(бас бармақпен). 10мин Физика. 8 арналған оқулық.

Таратпа қағаз, постер, сағат.

Есеп шығару Топтарға әр түрлі деңгейде есептер беріледі. Топпен орындайды, тақтаға эстафеталық жолмен шығарады. 7 мин Тақта, бор.
Электр тізбегін жинау Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу. Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықтайды. Топпен электр тізбегін жинап, ток күші мен кернеуді өлшейді. 5 мин Электр тізбегі, амперметр, вольтметр, өткізгіштер.
3.Бекіту кезеңі «Домино» әдісі арқылы жаңа  сабақты игергендерін тексеру. -Топпен орындайды.(3 мин)

-Басқа топтармен салыстырады, дәлелдейді.(2 мин)

-Тақтадағы жауаптармен салыстырады.(1 мин)

6 мин  Таратпа қағаздар. Интербелсенді тақта.
Бағалау Бағалау қорытындысына пікір айту. Бағалау кестесі бойынша толтырып, өзара бағалайды, қойған бағасына дәлел келтіріп, ауызша түсіндіреді. Топішілік бағалауды үйренеді 5 мин Бағалау кестесі
Рефлексия «Қосу-алу-қызықты» әдісі «Қосу» бағанына- сабақта ұнағанның барлығын жазады. «Алу» бағанына- сабақта ұнамағанның барлығы, жалықтырғыш көрінген, түсініксіз болған, т.б жазылады.«Қызықты» бағанына -оқушылар сабақта білген барлық қызықты фактілерді, тағы нені білгісі келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарын жазады. 4 мин  
Үй тапсырмасы Үй тапсырмасын тақтаға шығарып қою.

Зертханалық жұмыс №4 танысып келу.

Күнделіктеріне жазып алады. 1 мин  

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика