Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы тақырыбына есептер шығару

Атырау облысы

Мақат ауданы

Абай орта мектебінің

физика және математика пәні мұғалімі: Жұмашева Жазира

Начало формы

Конец формы

Пән: Физика           Сынып : 9 «А»

 

Сабақтың тақырыбы :Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы тақырыбына  есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
1. Энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану
2. Оқушылардың ой — өрісін кеңейте отырып, таным белсенділігін арттыру;
3. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, суреттер
Сабақтың жоспар

 І .Ұйымдастыру

ІІ. Өтілген тақырыпты еске түсіру

Физикалық диктант  « Маған айтсаңыз ұмытуым мүмкін…»

ІІІ. Сабақ барысы

  1. Есеп шығару үлгісі « Көрсетсеңіз есімде қалар…»
  2. Жаттығу жұмысы « Өзім істесем — үйреніп алам»

3.Тест тапсырмаларын орындау

ІҮ.  Сабақты қорытындылау

Анықтама кестесін толтыру

Ү. Үйге тапсырма  беру

І .Ұйымдастыру

ІІ. Өтілген тақырыпты еске түсіру

 Физикалық диктант: «Маған айтсаңыз ұмытуым мүмкін…»

1.Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін (механикалық энергия) деп атаймыз.

  1. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын (кинетикалық энергия) деп атайды.
  2. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын (потенциалдық энергия) деп атаймыз.
  3. Энергияның өлшем бірлігі (Джоуль)
  4. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері (жұмыс) -ты береді.
  5. 6. Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
  6. 7. Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
  7. 8. Кинетикалық энергия өрнегі :
  8. 9. Потенциалдық энергия өрнегі:
  9. 10. Механикалық энергияның сақталу заңының өрнегі:

ІІІ. Сабақ барысы

  1. Есеп шығару үлгісі « Көрсетсеңіз есімде қалар…»

Мысалы:  250г дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды.

    1. Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;
    2. Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;
    3. Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.

2 .Жаттығу жұмысы « Өзім істесем үйреніп алам»

I-деңгей

  1. Массасы 9 г винтовка ұңғысынан ұшып шыққан оқтың жылдамдығы 800 м\с болса, қанша кинетикалық энергияға ие болар еді? ( ожсб «Келешек 2030» 25 –нұсқа 10 -сұрақ)
  2. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 2 см –ге созылды. Серіппенің потенциалдық энергиясын тап.(ожсб 001 нұсқа 2 -сұрақ)
  3. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз. (g =10 м\с2)
  4. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?

II-деңгей

  1. Тас 10 м\с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған.Тастың кинетикалық энергиясы потенциялдық энергиясына тең болатын биіктікті тап (g =10 м\с2) (ожсб 004 –нұсқа 18 –сұрақ)
  2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай? (А.П.Рымкевич. «Рауан»-98 ж.№340)

 III-деңгей 

1 .Егер дененің кинетикалық энергиясы 100 Дж, ал импульсі 40 кг·м\с болса, оның массасы неге тең? (Талапкер -2011 .5 –сұрақ 35 -бет)

  1. Жерден 6 м көтерілген дененің биіктігі 4 метрге кемігенде, оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді? Талапкер -2011 .16 –сұрақ 36 -бет)
  1. Тест тапсырмалары

1.Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

А) дененің қозғалыс энергиясы.

  1. B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
  2. C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.
  3. D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.
  4. E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

2.Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты

А) 10с         В) 5с             С) 3с           D) 4с                    Е) 2с

  1. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?

А) а = F/m          B) F·t             C) p = mυ              D) F=ma            E) mυ2/2

4.Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы

А) mgh          B) 0            C) –mgh          D) 2mgh               E) mgh/2

5.Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы

  1. A) A = mgh1 – h2
  2. B) A = – (mgh2 – mgh1)
  3. C) A = mgh2 – mgh1
  4. D) A = 0
  5. E) A = mgh2
  6. Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) күш импульсі     В) күш моменті         С   ) дене импульсі    Д ) күш   E) энергия

  1. Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с – ке өзгереді. Бұл күш неге тең?

А) 5 Н           В) 1 Н          С) 3 Н           Д) 4 Н            E) 2Н

  1. Механикалық энергияның сақталу заңы

А)E =mgh           B) E= mυ2/2   C) Ek=Eт+Ep    D) Eт=Ek+Ep    E) Ep=Eт+Ek

9.Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы

  1. A) 12960 Дж B) 5000 Дж    C) 360 Дж     D) 500 Дж        E) 180 Дж

10.Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м-ге жылжытқанда істейтін жұмысы

  1. A) 200Дж B) 50Дж     C) 0,005 Дж      D) 0      E) 1800Дж

(жауап кілті: 1С 2В 3С 4В 5В 6Е 7А 8Д 9Д 10Е)

ІҮ.  Сабақты қорытындылау

Анықтама кестесін толтыру 

р/с

 

Физикалық шаманың атауы белгіленуі

 

формуласы

 

өлшем бірлігі

 

1

2

3

4

5

6

7

Дене импульсі

Күш импульсі

Күш жұмысы

Ауырлық күші

Серпімділік күші

Кинетикалық энергия

Потенциалдық энергия

 

     

Ү. Үйге тапсырма:  Энергия түрлеріне реферат, слайд

20 жаттығу.  А.П.Рымкевич №345, №347

[bws_related_posts]  

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *