Я я дыбысы мен әрпі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Темірастау                                                                                                                                орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сарина Айжан Жарқынбайқызы

Сабақтың тақырыбы:  Я я дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Я дыбысы мен әрпін таныту. Оқушыларға Я дыбысы арқылы берілген сөздерге  дұрыс оқып, жаза білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Я дыбысы естілгенмен Я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып,білімдерін қалыптастыру. Әр түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту.Оқушының ой-өрісін, тілін,танымын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Әдемі жаздыра  отырып, әдемілікке,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Я әрпінің баспа және жазба түрі, қима әліппе, суреттер, текшелер, құстың ұясы бейнеленген суреттер
Бағалау критерийлері

1.Сөздегі дыбыс түрлерін анықтайды,атайды.

2.Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіндіреді, талдайды.

3.Әріптерді дұрыс жазу, Я әріпін қатыстырып сөздерді құрастырады.

Дескрипторлор

Я дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай алады

Я дыбысының естілуі мен жазылуын ажырата алады.

Жаңа сөздерді буындап айтып, дыбыстарды дұрыс айту барысында әріппен таңбалап жаза алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:                                                               
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,шаттық шеңберін құру.
-Армысың, шапағатты күніміз
-Армысың, мейірімді жеріміз
-Армысың, табиғат анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
ІІ.Өткенді пысықтау.
-Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Гг дыбысы мен әрпімен таныстық.
-Г г дыбысы қандай дыбыс?
-Гг дыбысының дауыссыз екенін текше арқылы көрсету.
-Гг әрпінің баспа түрі мен жазба түрін тақтада ,ауада жазып көрсетеді.
ІІІ. Жаңа сабақ өту.
Қызығушылықты ояту.
1-тапсырма.
Жұмбақ шешу.
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады    /АЯЗ/
-Сөз ішінде таныс  емес дыбысты табайық.
Я дыбысы. Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен?
Я дыбысы мен әрпі.
Я  әрпінің жазылуы
а/ баспа түрі
ә/ жазбаша  түрі
б/Я дыбысын хормен айтқызу.

в/ Қолымызға қалам алып ауада жазу.

г/Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.

д/ Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, оның екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын дұрыс ұғындыру.

е/ АЯЗ сөзіне дыбыстық талдау жасату.

2-тапсырма

Тақтамен жұмыс.

Мұғалім Я я әрпінің жазылуын көрсетеді.

Я я әрпін бірнеше оқушы тақтада жазып көрсетеді. / Әріп элементтерінің дұрыс жазылуына мән беріледі/

3-тапсырма.

Дәптермен жұмыс.

Я әрпінің жазылуы

Я-әрпі жазылған үлгіні әдемі етіп  толтыру.

4-тапсырма.

Я дыбысы бар суретті я әрпімен сызып байланыстыр.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

қазақша

Я дыбысы мен әріпі

орысша

Звук и буква Я

ағылшынша

the sound and the letter Ya

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті иа болып аталады?

Не себепті я әріпі жазылады?

Я дыбысы қандай дыбыс?

Шаян сөзінде неше дыбыс бар?

Алдыңғы оқу:

«Ыстық орындық» әдісімен Қаһарман мәтінін айту.

Кері байланыс

«Серпілген сауал» әдісі

  1. Һ қандай дыбыс?
  2. Қаһарман дыбысын буынға бөл?
  3. Жиһаз сөзінде неше дыбыс бар?

Бармақпен бағалау

Кері байланыс

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайықдостарым,

Арайлапатқанкүнге.

Көңіл-күйді анықтау.

Балалар, бүгінгі сабаққа деген көңіл – күйіміз қалай? Алдымыздағы смайликтер арқылы көңіл-күйлеріңді білейін.

Суреттер арқылы 3топқа бөліп аламын:

1 топ «Адамдар»

2 топ «Өсімдіктер»

3 топ «Жануралар»

Үлестірмелі қима-қағаздар, магниттер т.б.

Ортасы

(Т.Ж.) -Ал енді балалар экранға назар аударыңдар.

Экраннан бейне ролик шығады, балалар оны тыңдайды.

Тыңдап болған соң

«Буынның сыңарын тап» ойыны

Кері байланыс «Серпілген сауал» әдісі

Бармақпен бағалау

(Ж.Ж.) Я – ның таңбасымен таныстыру.

Я әріпінің баспа түрі (экраннан шығады)

Я әріпінің жазба түрі (экраннан шығады)

Үлкен я мен кіші я-ның формасы (пішіні) бір болғанымен көлемі әр түрлі

Я әріпі неше элементтен тұратынын ауада жазып көрейік.

Бір төменнен жоғары көтереміз, екі айналдырамыз, уш қайта төмен түсіреміз.

Дәптермен жұмыс

Я әріпін жазады.

Қане шаршаған болармыз, ендеше бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

(Т.Ж.)

1-топ

Суретпен жұмыс: Әңгімелету.

2-топ

Қима сөздерден сөйлем құрайды.

Орманда ойнап бір қоян топ жүр.

Енді жидек шықты қояндар теруге

3 –топ

Сөйлемді жалғастыр

Анам пияз …

Арман әдемі тақия …

Аян мектепте …

Құстың ұясын …

Ұябай қоян …

Кері байланыс

«Серпілген сауал» әдісі

Бармақпен бағалау

(Т.Ж.) Оқулықпен жұмыс

Енді оқулыққа зейін салайық.Бағандағы буындар мен сөздерді оқимыз.(экраннан шығып тұрады) « Саябақ іші» мәтінін балаларға тізбектеп оқытамын.

(Т.Ж.) Болжам жасау.

Саябақтағы қоян

Ормандағы қоян

Үй қояны

Кері байланыс. «Серпілген сауал» әдісі

Бармақпен бағалау

(Т.Ж.) «Кім жылдам?» ойыны

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

  1. топ

Биязы

2-топ

Тақия

3-топ

шаян

Кері байланыс

«Серпілген сауал» әдісі

Бармақпен бағалау

АКТ, жылжымалы тақта, бейне көрініс

АКТ, дәптер, қалам

Қима қағаздар

Қызыл, көк каламдар

Суреттер, қима сөздер, маркер

ҚорытындылауРефлекция. Балалар, бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Қандай әсер алдық? Өз көңіл-күйлерімізді бармақ арқылы көрсетелік

Әр оқушы өз пікірлерімен бөліседі. Талға бұлт пен жұлдызшаларды іледі.

Жалпы топтардан және жеке топтардан алған бағаларды айту,санау,мадақтау.

Үйге тапсырма:

Я дыбысына қатысты суреттер жинақтап келу.

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

А – Болжам жасау

В – дыбыстық талдау

С – суретпен жұмыс

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай бағалайсыз?

Топтық бағалау, топ мүшелерін бағалау /бағалау парағы/ (топ, әр оқушы)

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік.АКТ- мен байланыс. Құндылықтармен байланыс. (тәрбие элементі)

АКТ

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Бейне көрсетілім.

2.Болжам жасау.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Сурет салу.

2.Сөзжұмбақ құрастыру.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

  1. «Кім жылдам» ойыны
  2. Үдемелі оқу – шығармашылық жұмыстарды тиімді енгізу
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика