Ғажайып күз кереметі !

kyz

№9орта мектеп
«Ғажайып күз кереметі»
«Балдырған» тобы
Тәрбиеші:ТажигуловаН.С
(Ән таспасы ойнап тұрады . Балалар залға  көңілді  әуенмен  кіреді)

Тәрбиеші;  
Келді   міне  Алтын күз
Сары шашты жарқын  күз
Мол  өнімді  ісімен
Таңдандырып  халқын  күз
Қайырлы күн!  Армысыздар  құрметті ата-аналар мен  балалар.Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді .Күзді құрметтеп қошеметпен қарсы алайық .Бүгінгі «Ғажайып күз кереметі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер
Ән;  «Күз жомарт»  ( Хормен)
Жүргізуші ;  келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік .Ортаға; Арсен ,  Бекжан.Жайдар,  Медина,Камалды   шақырайық
Арсен ;
Күзім-ау күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Бекжан  ;  Ой балалар балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Жайдар ;  Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Әй жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын

Медина  ;   Алтын, сары, өызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Камал  ;         Мейірлі  күз,мырза  күз
Сыйлығыңа  ырзамыз
Аппақ  арай  таңында
Шомыламыз  нұрға  біз

Жүргізуші  ;
Өрік, шие,  алма  ,алша
Жидек, жүзім  піседі
Қауын ,қарбыз ,қияр
Сәбіз  қоймаларға түседі
Айтыңдаршы  балалар   бұл  қай  кезде болады?
Балалар  ;  Күз  мезгілінде  болады
Жүргізуші;  Дұрыс  айтасыңдар.Ал  күзде табиғатта қандай өзгерістер  болады?
Балалардың  жауабы
Жүргізуші;Ендеше балалар  ортаға  күз ханзадасы мен ханшайымын  щақырайық
(Әуен  ырғағымен  ішке  алтын  киімін  киген  түрлі –түсті Жапырақтар таққан  хан мен ханзада кіреді)
Күз ханзадасы;        Сәлеметсіңдер  ме балалар!
                                     Жайдарлы  күз ,жарқын күз
                                     Аяулы  күз  ,алтын  күз – мына  мен  боламын!                      
Қымбатты  ата-аналар  балалар  күз  мерекелеріңіз  құтты  болсын!
Жүргізуші;    Қош келдің алтын күз аруы .Өзіңмен бірг береке,байлық, молшылық,тоқшылық ала келдіңіз.Оған біз өте қуаныштымыз.Төрлетіңіз,балалардың дайындаған сый қошеметін қабыл алыңыз
Ән  ;  «Балапан»Балдырған тобы   
Күз ханшайымы ;жарайсыңдар  балалар! Тағы  қандай  өнерлерің  бар
Жүргізуші ;. Ортаға ;  Айкөркем, Асылай,   Ибрахим  ,Айшат,  Ақнұр, Айсана  өз тақпақтарымен  ортаға  шақырамыз.
Айкөркем ;      Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Асылай;    Үйрек үйрек қаздарды
Шулайды көл жағасы
Дәурен өтіп жаздағы
Күздің желі соғады
Ибрахим;         Ұшты талдан жапырақ
Сары көйлек секілді
Аспанда жәй шатырлап
                         Тамшы жерде секірді
  Айшат;   Дала сары секілді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық ,алтын дән
Ақнұр,           О, алақай  тамаша
Шашу  шашты  жапырақ
Бақтың  іші  алаша
Аунар  ма  еді  жатып –ап
Айсана         ;Алма  пісіп  ,алмұрт  түсіп
Күзде  бақтар  жайнайды
Құстар  қайтып  қош айтысып
Қимас  үнмен  сайрайды
Жүргізуші ;Көрдіңіз бе  күз ханшайымы қандай  өнерлі  біздің балалар.Олар сізге  қолшатыр мен би билеп бермекші,
Би ; «Қолшатыр»  ( Медина,Назерке,Нұрбағыт,Диана )
Жүргізуші ;Күз  ханшайымы сіздің  бізге  әкелген   қандай  сыйыңыз бар?
Күз ханшайымы ; Балалар сендер өте тамаша билейді екенсідер  . Мен сендерге сыйлыққа ойын әкелдім . қәнекей бәріміз бірге  ойнайықшы.
Ойын  «КІМ  ТЕЗ  ЖАПЫРАҚТАРДЫ  ЖИНАЙДЫ»  ол күздің белгісі    Қәне балалар кім ортаға шыққысы келеді
Күз ханшайымы ;Жарайсыңдар  балалар  тағы  қандай  өнерлерің  бар
Ән  ;  « Болайықшы осындай » хор
Күз  ;  Қандай  өнерлі   балалар !  Рахмет сіздерге!  Рұқсат етсеңіздер ендігі кезекті  менің дақылдарыма  берсек . олардың да сіздерге  арналған  сыйы бар.
Сұлтан (Бидай );Нан анасы  бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен  қырда
Қауызыма  сыймаймын
Нұрлыаян  (тары)  ;Түс  жағынан сарымын
Мен  атақты  тарымын
Еңбегіңнің  жемісін
Қайтарамын  қарымын
Құндыз(Арпа) ;  Қызыл  мұртты арпамын
Ырыс  құтты  артамын
Машинаға  тиеліп
Елге  қарай тартамын
Гүлім(Сұлы)  ;Мен  сұлымын  шырағым
Барлығына  ұнадым
Ауырлаған  басымды
Көтере  алмай  тұрамын
Би ;  « саңырауқұлақ »Гүлім,Нұрай,Айымгул,Айкөркем.
Күз ханшайымы ;жарайсыңдар  балалар тағы  қандай  өнерлерің  бар
Жүргізуші  ;Балалар ойнап бір тынығып  алдық  енді  Алтын  күз мерекесіне арналған  тақпақтарымызды жалғастырайық  Ортаға;Айымгул,Гулім,  , Асфендияр,Бекет,Инаят.
Айымгул ;
Астық жеміс жиналды
Қамбаларға  құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдым өнім сиымды
  Гулім;
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Асфендияр;
Алма өрікті қамбаларға
Толтырыпты Алтын Күз
Шәкірт болып парталарға
Отырыпты Алын күз
 Бекет ;     Таза жездей  жайнаған
Сары  бояу  айналам
Енді  сары  бояумен
Күз  суретін  салам  мен
 Инаят; Келші , келші алтын  күз
Келші ,келші  жарқын  күз
Мерекені  жалғастырып
Ойнап  күлші  алтын күз
Ән « Мереке »  (хормен  )             
Күз аруы;   Ал  балалар  бәрің  шеттеріңнен  өнерлі , ақылды  сүйкімді екенсіңдер ,менің басқа балабақша  бүлдіршіндеріне  баратын уақытым  болыпты мен  кетейін  Сау  болып  тұрыңдар Келесі  кездескенше
Жүргізуші;Балалар күз Ханшайымына рахмет  айтайық келесі  кездескенше  сау  болыңыз  сау  болыңыз күз ханшайымы  Құрметті ата-аналар осымен «Ғажайып күз кереметі»Атты ертеңгілігіміз өз  мәресіне  жетті  Көңіл   бөліп   тамашалағандарыңызға   рахмет!   Балалар Алтын  күздің  сыйы  жемістерден  дм  тартаттаын  кез  келген  сияқты  мерекені  топқа  барып жалғастырайық
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *