Ғылым таппай мақтанба

Бакилова Шарван Умаровна
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Таусүгір орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба
Сабақтың жалпы мақсаты:
1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара – жігін ажырату,
Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.
3. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ- жауап «өрмекші торы», түсіндіру ,сын тұрғысынан ойлау,миға шабуыл,автор орындығы,
Көрнекіліктер:
Оқулық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат…
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушы қызығушылығын ояту.
Мұғалім ——————– Балалар (хормен)
Әрбір адам? ————– Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? ————- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? ————— Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? ————– Шындық, бірлік, адалдық.
– Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
Топқа бөлу Оқушыларды карточкаға жазылған «қанағат», «рақым» сөздері арқылы топқа бөлу .
Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабаққа байланысты «Қадірлі әкелерім,Мейірімді аналарым» тарауын қайталауға «Өрмекші торы» арқылы сұрақтарға жауап беру.
Жаңа материалмен жұмыс: Мұғалімнің түсіндірмесі.
Мәтінмен жұмыс .
Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»
– Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
Сөздік жұмыс : Сөз сиқырын ұғайық!
—-Ақын өлеңінде бізді кім болуға шақырады ?
Ғалым- Жамандықтан жирен, өзің үшін үйрен.
Алдыңа мақсат қой- ол үшін өзіңе сене біл.
Қиындыққа мойымай алға ұмтыл.
Балалықты тастап білімге ден қой.
5. Мағынаны тану:
1. Топтық тапсырма:
Абай Құнанбаев туралы мәлімет
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру
2. Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
3. «Ойлан ,жұптас,бірік » Өлең мазмұнына талдау жасау, сызбада көрсету,қорғау.
– Әр топ жобамен қорғайды.
1 – топ: ————- 2 – топ:
Бес асыл іс ———— Бес дұшпан
Талап —————- Өсек
Еңбек —————– өтірік
Терең ой ————— мақтаншақ
Қанағат ————– еріншек
Рақым —————– Бекер мал шашпақ
1- топ 2- топ:
Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы
4.Шығармашылық жұмыс. Дарынды балалардың «Автор орындығы » арқылы «Менің Абай атам» атты эссе шығармаларын тыңдау.
5.Қазақ тілі пәнімен байланыстыру.
-Сөз дегеніміз не ?
-Сөз құрамына не жатады ?
-Түбір деген не ?
Қосымшаның қандай түрі бар ?
Жұрнақ деген не ?
-Жалғау деген не ?
Әр топ өз топтарының аттарына байланысты тақтада сөздерді сөз құрамына талдайды.
Қанағат+шыл, Рақым+шыл
5. «Мақал жалғастыр «ойыны:
Жақсыдан үйрен (Білім)- таусылмайтын байлық
(Жаманнан жирен) Кітап- білім бұлағы, білім- (өмір шырағы)
Талап тұлпар Кітап- (алтын ) қазына
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды Өнерліге(нұр ) жауар
(Білім ортаймайды) Өнер ағып жатқан (бұлақ )
Әріптен білім Білім жанып тұрған шырақ.
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)
Сергіту сәті (бейнежазба көрсету ) «Жаз», «Күз»
Сергіту сәті (бейнежазба көрсету ) «Жаз», «Күз»

Ой толғаныс Төмендегі сұрақтар арқылы өлеңді талдау.
– «Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба» деп неге айтып отыр?
Ғалымға неліктен ұқсау керек?
Ғылымды неге дүниеге, малға теңеп отыр?
Адам білімді, ақылды болуы үшін не істеу керек?
-Біздің сыныпта еңбекқор бала бар ма ?
Сұхбат жүргізу үшін сұрақтар тізбесін жасау.
Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттап келу.
Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған