Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі

коргКарабалина Рауза Баянқызы

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Үшсарт негізгі

  мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Cабақтың тақырыбы:Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт-дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер  бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;

Дамытушылық мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама-қарсы қояды;

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, халықтық салт-дәстүрді білуге баулу;

Сабақтың түрі: Практикалық оқуға негізделген ізденіс.

Типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд.кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка

Құрал-жабдықтар: парақшалар, компьютер

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу.

1.«Жағымды сөздер» тәсілі бойынша:

-Балалар, бүгін сабаққа келерде қандай жағымды сөздер естідіңіздер?

-Қайырлы таң!

-Сәлеметсіз бе?!

-Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой!

-Бүгінгі күніңіз сәтті өтсін!

(Бұл сөздерді оқушылар кезектесіп бір-біріне айтады.)

ІІ.Ендеше үй тапсырмасына шолу жасайық.

 

1.«Жылдар сөйлейді» жазушының  өмірі мен шығармашылығына тоқталу

Мерзімі Болған оқиғалар
1902 жыл Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді
1923-1926 жыл Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсті
1926-1927 жыл Омбыдағы ауылшаруашылық институтында білім алады
1958 жыл КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады
1974 жыл Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алады
1985 Ғ.Мүсірепов дүниеден өтті.

Үйге берілген Ғ.Мүсіреповтің  «Ананың анасы» әңгімесі

2.Мәтінді талдау.І тапсырма

  1. Әңгіме неге  «Ананың анасы» деп аталған?
  2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
  3. Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкер?
  4. Әңгіме қандай тәсілмен жазылған?
  5. Табиғатты суреттеген жерін табыңдар?

Табиғат дегеніміз не?  Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

ІІ тапсырма

Әңгімедегі сөз айшықтарын тап.  Ана бейнесіне жазған қандай шығармаларды білесіздер?       Ана Жалпақты қалай тоқтатады?             Қандай күш?   (дәптерлеріне жазып,жаттап келу)

Баласын жақсы көруі

Ананың махабаты                  ерекше нәзік сезім

Балаға деген жүрек жылуы

 

Жылы сөзі

Ананың тілі                        еркелетіп айтуы

Мейірімді сөйлеуі

  1. Дүниеде не қымбат? 2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
  2. Ананың махаббаты қандай? 4. Сенің ең жақын досың,ұстазың кім?
  3. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар? Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?

6.Анамызға арнап өлең жазу,оқу (Ана туралы ән тыңдату)

Ендеше, балалар,  дүниеде екі ана бар. Бірі-табиғат ана,екіншісі-адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?

 

III  Үй тапсырмасын бекіту     

Өз анамыз                           Жер-Ана

  Ана

 

 

Су-Ана                                                                          Ауа-Ана

 

 

 

                           

Отан –Ана

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1) Ой шақыру кезеңі:( ысқырық жел, гулеген боранның дыбысын музыка түрінде оқушыларға тыңдатып)

Ненің дыбысы?

Күтілетін жауап.( Ысқырған желдің, соққан боранның дыбысы)

Дұрыс, балалар. Ал, бұл дыбыстық суретке қандай тақырып қоюға болар еді?

Күтілетін жауап: Боран немесе Боранды түнде. Ғ. Мүсірепов әңгімесінің атымен атауға болады.

Шынымен, тақырыбымызға ұқсас суреттің дыбыстық бейнесі екен.Сонымен қатар қазір қандай жыл мезгілі,қандай ай? Бұл айда табиғат қандай құбылысымен есте қалады? (Оқушылар жауабы: қыс айы,күн суық,аязы мен боранымен ерекеше)

Ал, балалар, біз бүгінгі сабағымызға арқау болған Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін сатылай кешенді талдау жасайық.Сендер әңгіме мазмұнымен алдын-ала өздерін оқып,танысып келдіңдер.(Оқушылар әңгіменің мазмұнымен алдын-ала танысып келеді.)

Ендігі  кезекті 1. «Танып білу стратегиясына» берейік. Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру.

І топ Кімнің сөзі?

Қай кезде айтылды?

Мысалдар:

-Әлгі қайын атам болмай кеткір….

(Қайсардың сөзі, баланың үйіне келген кезде айтады.)

-Бала дегенде үлкенірегі кісі есігінде , Иміштің үйінде…

( Әке сөзі)

ІІ топ

-Ұйқың келсе, ащы құрт же, қарның ашса кәмпит же.

(Бәден апайдың, Қайсардың шешесі,сөзі)

-Біз қыз алып қашуға шығып едік…

(Баланың сөзі, Қадырдың үйінде)

-інішегім, атың шабандау білем…

(Кәменнің сөзі.Ауылға келе жатқанда айтады.)

-Сен бе, ей!-дейді.

(Кәменді алып келгендегі Қайсардың сөзі)

2.«Талдап білу» стратегиясы. Сатылай  кешенді талдау:

1.Шығарманың авторы: Ғабит Мүсірепов

2.Тақырыбы: Екі жастың сүйіспеншілігі. Қыз алып қашу дәстүрі.

3.Идеясы: Адам бақыты жаны қалаған адаммен өмір сүру

  1. Жанрлық түрі: Әңгіме

Компазициялық құрылым:

  1. Оқиғаның басталуы: Ашуға мінген Қайсар;
  2. Оқиғаның дамуы (Сюжеттік байланыс): Қыз алып қашуға аттану;
  3. Оқиғаның шиеленісуі: баланың адасуы. Бейтаныс үй;
  4. Оқиғаның шарықтау шегі: Кәменді балаға ілестіру;
  5. Оқиғаның шешімі (аяқталуы): Бала мен Кәменнің үйге келу

3.«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға байланысты ұғымдарды түсіну. Мәтіннен іздестіріп, жауап жазады.

  1. Баланы сүндетке отырғызу;
  2. Балаға сүндет ат беру;
  3. Қыз айттыру;
  4. Қалың мал беру;
  5. Қыз алып қашу;
  6. Ұзатылар қыздың қоштасуы;
  7. Бата беру;
  8. Келіншектің қайын інісіне ат қоюы;
  9. Аңшылық;

4.«Пәнаралық байланыс» стратегиясы. Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты болмақ. Дисфемизм деген не? Атын тікелей айтуға  тыйым салынған сөздерді «дисфемизмдер» деп атаймыз. Мәтіннен осы  сөздерді табайық:

Оларды қандай сөздермен алмастыруға болады? Оларға антонимдес, сыпайы сөздерді қалай атаймыз?

Тапсырма: 5.Графикалық диктант. Дисфемизм сөздерді эфемизм сөздермен алмастырып жазыңдар.

  1. Боқмұрын-су мұран,маңқа
  2. Оттамасын-көп сөйлеме,бей-берекет сөйлемеу
  3. Иттің ғана баласы-ей,күшік немене
  4. Қатын-әйел,бәйбіше

5.Өсекші-сөзшең

8.Деңгейлік тапсырма.Оқулықтағы ІІІ тапсырманы орындаймыз.

9.Сахналық көрініс «Қайсардың уйленуі»

Бүгінгі күннің қыз алып қашу сәтін көрсету. (компьютермен)

Қорытындылау: 10. «Пікір алысу» стратегиясы.

Шығарма несімен ұнады? Сүйікті кейіпкерлерің Кейіпкерге хат Жасалған қорытынды
Қызықты, оқырман таңдамайтын, тілі жеңіл, юморлық шығарма Бала, Кәмен, Қайсар Бала, бастысы жеңгелі болдың, соның арқасында ат міндің

ол да

Шығармадан түсінгенім кез келген адам өзі қалаған адаммен өмір сүру
  1. 11. Үйге тапсырма  беру:
  2. Үйлену салтына байланысты мәлімет дайындау.
  3. Өзіңнің басыңнан өткен қызықты  бір оқиғаны жазып кел.

12.Бағалау

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *