Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар»

Қостанай облысы Жангелдин ауданы

  Ы.Алтынсарин мектебі

Бекетова Елугуль Маликовна

Сабақ тақырыбы:  Ғ. Мүсірепов  «Жаңа достар»
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік мақсаты: оқушылардың қазақ әдебиетінің классигі, көркемсөз зергері Ғ. Мүсірепов туралы мәліметтерін кеңейту, «Жаңа достар» әңгімесін таныстыру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой — өрістерін дамыту, прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды  адал достыққа, бауырмашылдыққа, адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу, түгендеу, сабақ құралдарын қадағалау.

— Сыныпты топқа бөлу. (балаларды топқа бөлу үшін рөлдер жазылған парақшалар беріледі. Мысалы : баяндаушылар,талдаушылар,  қорытындылаушылар).

Типі: Білімді бекіту

Түрі:Топтық сайыс, әдеби талдау.

Әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ — жауап

Көрнекілігі: сызба – кестелер, үлестірмелі қағаздар,постер, кубик.

Үй жұмысын тексеру:

Кубизм әдісі арқылы  жүзеге асады  (Әр топтан топ басшылары шығып кубикті лақтырғанда қандай сан түссе сол билетті алып, тобымен ақылдаса отырып жауап береді).

  1. С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
    2. Дабылды қалай пайдаланады, мәтін бойынша әңгімеле.
    3. Саятшылық дегеніміз не?
    4. Қаз бен дуадақтың лашынға қарсы қылатын әрекеттері қандай?
    5. Ахмет құс аулауға неге шілде айынан кейін шығады, одан бұрын неге шықпайды?
    6. Лашын құсты қалай аулайды екен?

Тақырыпты түсініп және жан-жақты толық мәлімет алу мақсатында рөлдер балаларға бөлініп беріледі.

— Баяндаушы топ мәтінді баяндайды.

— талдаушылар мәтінге талдау жасайды.

— қорытындылаушылар шығармадағы  негізгі идея мен тақырыбына тоқтала кете отырып қорытындылайды.

 

— Балалар, осы рөлдерді орындау барысында біз қандай мақсаттарға жетеміз?!- деген сұрақ қоя отырып сабақтың мақсатын ашамыз.

Сіздер айтып отырған мақсаттарға жету үшін сіздер:

— Автордың өміржолын  біліп шығуымыз керек

— «Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын білуіміз керек.

— Әңгімедегі негізгі тақырыпты  ашу.

— Әңгіменің негізгі идеясын табу.

— Әңгімедегі автор көтерген проблеманы табу.

— Әңгімедегі кейіпкерлердің образын табу.

— Әдебиет теориясымен ұштастыра білуіміз керек.

— Тапсырмаларды тақырыпқа сай орындай білуіміз керек.

 

Жетістік критерийлері

Жетеді, егер…

-Тыңдаған, оқыған, айтылған,жазған ақпараттар бойынша қорытынды жасап, топтық талқылауда рөлге сәйкес тапсырманы орындай алса;

-Көтерілген мәселе бойынша идеяларын ұсынып, сұрақтарға нақты жауап бере алса;

 

Жаңа сабақ:

-Балалар, сабақты бастамас бұрын «Жовани құпиясын» ашайық. Жовани құпиясын ашу үшін сіздерге мен жовани құпиясын ашатын кілттер беремін. Ол кілттерде осы құпияны ашатын тірек сөздер жасырылған. (Жовани құпиясы кілттерінде мынадай сөздер жасырылған: Сырыңды бөлісетін жан, Сен үшін адал жан, құпияларымен бөлісетін адам, сенің жақсы болғаныңа тілекші адам, саған қамқор жан,саған қолындағысын бөліп беретін адам т.б) .

Ол кім,не себепті олай ойлайсың?- деген сұрақтар қойылады.

Дұрыс айтасыздар балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз да достық жайында болмақ.

Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» .

(«Қазақ солдаты» романынан үзінді).

Әдіс-тәсіл қолдану: «Джигсо» әдісі арқылы жүзеге асады.

Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» шығармасын бірге оқып ойланамыз, бірігеміз, бөлісеміз.

Балаларға, кітап бетіндегі шығарманы оқу үшін, әр топқа кітап беттерін бөліп беріледі.

1-ші баяндаушы топтың балалары шығарманың барысын баяндап береді.

2-ші талдаушы топ шығарманың негізгі идеясы мен             тақырыбына , негізгі проблемасына және кейіпкерлерге мінездеме бере кетеді.

3-ші топ казіргі таңдағы достықпен немесе өз достарымен  байланыстырып, қорытындылайды.

 

 Ой толғаныс және сергіту сәтін өткізу мақсатында достық жайында видео көрсетіледі.

Видеода көрсетілген мәлімет бойынша:

Баяндаушы топ достық туралы баяндайды.

Талдаушы топ баяндаушы топтың пікірін талдайды.

 

Қорытындылаушы топ осы пікірлерді қорытындылайды.

 

Қорытындылау: Білгеніңді сарала «РАФТ» әдісін қолдану «Бумерант» әдісімен жазу. Тақырыпқа сай талдау жасау.

 

1.     Оқиғаның басталуы

 

 

 

3.     Оқиғаның шиеленісуі 5.     Оқиғаның шешімі
2.     Оқиғаның дамуы

 

 

4.Оқиғаның шарықтау шегі 6.Оқиғаның соңы

 

Ой толғаныс жасау және сергіту сәтін өткізу мақсатында достық жайында видео көрсетіледі.

Видеода көрсетілген мәлімет бойынша

Баяндаушы топ достық туралы баяндайды.

Талдаушы топ баяндаушы топтың пікірін талдайды.

Қорытындылаушылар топ өз достарының арасындағы қарым-қатынаспен байланыстыра отырып  қорытындылайды.

Бағалау : сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

Бекіту: Балалар өз ойларын айта отырып өздері бекітеді. Кубик арқылы . Кубикте мынандай сұрақтар беріледі: Бүгінгі сабақта нені түсіну саған қиын болды?

Қызықты болған кезең?

Бүгінгі сабақтан түйген ойың қандай?

Сенің ойыңша, дос қандай болу керек?

Сабақ саған несімен ұнады?

Досыңа тілегіңді білдір.

 

  • Критерийлер мен әрбір лейбл үшін өлшемдерді таблицаға жазыңыз
  • Лейблдер– бұл күтілетін нәтижеге жету үшін әртүрлі деңгейді көрсету

 

 

 

Критерии 5 4  3  2 
Ұйымшылдығы 
Белсенділігі 
Тәртібі 
Уақытты үнемдеу 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *