Қазағымның салт — дәстүрлері

Арқалық қаласы

Жалпы білім беретін №4 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Нурекешова Жадыра Сенікқызы
«Қазағымның салт — дәстүрлері»
(Сахналық көрініс түрінде)
Мақсаты: — Халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, халқымыздың ғасырдан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі — өнеге алуға баулу, оқушыларды өз халқына, өз ұлтына, өз жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
— Cахналық тапсырманы орындату арқылы оқушылардың топта, ұжымда бірлесе әрекет ете алу іскерліктерін шыңдай түсу. Осы тәсіл арқылы оқушылардың ішкі мүмкіндіктері мен табиғи дарынның ашыла түсуіне ықпал жасау.
Көрнекілігі: ұлттық киімдер, бесік, бесік әбзелдері, қамшы, ұлағатты сөздер.
Жоспар: І. Кіріспе сөз
ІІ.Аралдарға бару.
1) «Ақыл бар жерде…» аралы
2) «Тыйым сөздер» аралы
3) «Салт – дәстүрлер» аралы
Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар! Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған зор еңбектері – (салт – дәстүрлер, әдет – ғұрып үлгілері) соның айғағы. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты асыл мұралары, салт – дәстүрлері туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларыңа сіңіру болып табылады. Тәрбие сағатымыз саяхат түрінді өтіліп, оқушыларымыз үш аралға саяхат жасайды.
Бірінші аралымыз «Ақыл бар жерде…» Бұл аралда бізді Ақ әже қарсы алады. Бәріміз әжемен амандасайық.
Ақ әже: «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» дейді халқымыз. Сендер әдепті бала екенсіңдер. Айтыңдаршы, құлындарым, ер адамдар бір – бірімен қалай сәлемдеседі?
Оқушылар: Ассалаумағалейкүм! Уағалейкүассалам!
Ақ әже: Бұл сөздерді балалар! Алланың сізге нұры жаусын! Сізге де соны тілеймін!
Ақ әже: Ал, ұлттық амандасудың ең қүрметті түрі қалай екен?
(Екі ұл бала әуелі қос қолдап амандасып, содан соң құшақтарын жайып бір бірімен төс қағыстырып, оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасады)
Ақ әже: Балалар мен сендерге ертегі айтып берейін, соны сендер тыңдап, тамашалаңдар! Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп бас қосады. Әңгімелесіп отырып олар әрқайсысының адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: — Менің арқамда адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние – мүлікке бай, ішіп – жемі мол болады. Ол ештеңеден мұқтаждық көрмейді, сондықтан да маған тең келер ештеңе жоқ.
Бақыт: — Мен бақпын, кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегенім алғыс, қара дегенім – қарғыс». Ұнатқанымды дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
Ақыл: — О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер дауласып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын, үшеуіміз де адам баласына қажетпіз. Ренжімеңдер, қалай дегенмен екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды.
Данышпан: — Өмірдің өзі сабақ. «Байлық – бір жұттық» , «Бақыт баянсыз», Ақыл бар жерде ғана Байлық та, бақыт та, бірлік тетірлік те, ынтымақ та түгел. — депті.

Сөйтіп балалар Ақ әженің қасында болған соң келесі «Тыйым сөздер» аралына аттанады. Аралға келгенде балаларға мысықтың мияулағаны естіледі. Сөйтсе құйрығы шолақ мысық Мақта қыздың мысығы екен. Мақта қыздың өзін мыстан кемпір ағашқа байлап кетіпті. Балалар оны құтқармақшы болады. Ол үшін Мақтаны байлап қойған әр жіптегі тыйым сөздерді аяқтау керек екен.
«Тыйым» «Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым» (мақал) Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі. Бұл жастарды жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу ысыраптың белгісі деп танылған және ондай істерге қатаң тыйым салынған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Тыйым сөздер:
1. Бесікті жатқа сатпайды. – бабалар рухы сынады деп
2. Шаңырақты отқа жақпайды – Киесімен ұрады деп
3. Малды басқа ұрмайды – Киесіне жолығасың деп
4. Өспеген көкті жұлмайды – Көктей соласың деп
5. Есікті – Кермейді
6. Нанды бір қолмын – үзбейді
7. Күлді қолмен – шашпайды
8. Оттың орнын – баспайды
9. Түтінім түзу шықсын деп – Түндікті теріс ашпайды
10. Табалдырықты – баспайды
11. Есікті – теуіп ашпайды
12. Теуіп ашу есікті – сұмдық жолға байтайды.
Әр сөз айтылған сайын бір жіптен үзіліп отырады.
Мақта қыз құтқарылып, оны бірге алып кетеді.
Балалар үйге барайық десе қайықты біреу құлыптап кетіпті. «Балалар, мен сендерге қатты ызалымын! Неге Мақта қызды алып кетесіңдер? Мақта қызды аралдан алып кету үшін мына тапсырманы орнындап қана кете аласыңдар! Қазақтың салт – дәстүрлеріне байланысты маған «Бесікке салу» салт – дәстүрін сахыналап көрсетіп түсіндіріңдер. Қайықтарыңды сонда ғана босатамын.» деген құлыптағы мыстан кемпір жазып кеткен хатты оқиды.
Балалар жан жақтарына қараса алдарында киіз үй тұр екен. Ішіне кірсе дәл сол отбасында «Бесікке салу» дәстүрі болып жатыр екен.
Төрде Ақ әже, Ақсақал ата, көрші – көлем, туыс – туғандары орналасып отыр екен. Бір кезде жас қыз келіп отырғандардан көрімдік сұрайды.
Жас қыз: — Көрімдік, көрімдік ортаға жаңа туылған сәби келе жатыр, көрімдік беріңдер!
«Көрімдік» жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына күеуге беріледі. Мұның маңызы жақын – жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінді қаралады.
Отырған қонақтар жас сәбиге көрімдіктері мен шашуларын беріп, шашады.
«Шашу» Бұл – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүгиеге келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады. Содан соң сәби құшақтаған жас келіншек, қасында күйеуі және жолдас – жоралары бірге еріп келеді.

«Бесікке салу» «Әлди — әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыздың елеулі дәстүрінің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады.
Жас сәбиді бесікке салу рәсімі төрде отырған әжеге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған әжеге үй иесі кәделі сыйлық сыйлайды. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.
Бесікке салу рәсімінен кейін төрде отырған үлкен ақсақал ата сәбиге батасын береді.

Батадан соң келген қонақтарға дастархан жайылып, соңы ойын – сауық кешіне жалғасады.
Балалар мыстан кемпірдің тапсырмасын орындап, аман – есен үйлеріне қайтады.
Сараптама
«Қазағымның салт — дәстүрлері» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, халқымыздың ғасырдан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі — өнеге алуға баулу, оқушыларды өз халқына, өз ұлтына, өз жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Берілген мәтіндерді рөлдерге бөліп орындау арқылы балалар кейіпкерлердің сезімін, күйініш — сүйінішін өз қабылдауынан өткізеді. Сахыналық әдістің ұғымды жағы мұнда оқушылар сабақтың мазмұнын еске сақтауға қажетті түйінді ойға назар аударады.

Оқушылар аралдарға саяхат жасау арқылы үш тақырыпта «Ақыл бар жерде…», «Тыйым сөздер», «Салт – дәстүрлер» тақырыптары бойынша өздеріне қажетті, мәнді және мазмұнды жақтарын өздерінің бойларына сіңіреді. Көруге келген көрермен оқушылар да сахыналық қойылымды бар ынталарымен тыңдап, көріп тамашалады.
Оқушылар әр сахыналық көріністің алдында сол салт – дәстүрді мазмұндап, түсіндіріп отырды. Мысалы, Жас келіншек сәбиге «Көрімдік» сұрағанда, жүргізуші «Көрімдік» дәстүрін оқушыларға айтып, түсіндіріп баяндап берді. Содан соң сол дәстүр сахынада ойналды.

Оқушылар сахыналық қойылымдарға жақсы дайындалған, өздеріне артылған рөлдерді өте жақсы сомдап салт – дәстүрлердің мазмұнын оқушылардың бойларына сіңіріп, ұлттық әдет – ғұрпымызды жоғары дәрежеде дәріптей алды деп айтуға болады. Оқушылардың киген сахыналық костюмдері де өздеріне сай, этика – эстетика үлгілерін сақтаған.

Тәрбие сағатын тамашалауға 5 – 8 сынып оқушылары келді. Осы сыныптардың жетекшілері және мектеп директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары қатысып, өздерінің жақсы пікірлерін, ризашылықтарын білдіріп, қорытынды сөздерін айтты.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *